Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету тәртібі

Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ шетелде тұратын тұлғалар тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық және консулдық өкілдіктері арқылы Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ете алады.


Құжаттарды талап ету үшін Қазақстан Республикасының жақын орналасқан консулдық мекемесіне (жер тиесілігі бойынша) жеке келіп, келесі құжаттарды толтыруы керек.

1. Еркін нысанда өтініш – 4 дана;

2. Арыз-сауалнама - 4 дана;

3.Талап етілетін құжаттың көшірмесі (егер болса) - 4 дана;

4. Жеке басты куәландыратын құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі – 4 дана;

5. Консулдық алым түбіртегінің түпнұсқасы.

Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету мерзімі 3 - 6 ай уақыт алады.


Талап ету жөнiндегi жеке тұлғалардың келесі өтiнiштерi қанағаттандырылмайды:

1. Арызданушыға емес, басқа тұлғаларға рәсiмделген азаматтық хал актiлерiнің тiркеу туралы қайталама куәлiктері;

2. Неке бұзылған болса, неке қию туралы куәлiк;

3. Қайтыс болғандардың туу туралы куәлiктерi.

Қайтыс болу туралы куәлікті қайтыс болғанның туыстары немесе ресми мақсаттар үшін заңды тұлғалар талап ете алады.

16 жасқа дейінгі балаларға туу туралы куәліктерді ата-аналары, асырап алушылар, қамқоршылар және балалар мекемесінің әкімшілігі талап ете алады.

Әскери билеттердің және қызметтік куәліктердің түпнұсқалары мен көшірмелері талап етілмейді.

Назар аударыңыз! Құжаттар поштамен қабылданбайды!

Консулдық бөлім поштамен жолданған құжаттардың түгелдігіне жауап бермейді.

Консулдық бөлім арызданушылардан қосымша құжаттар ұсынуын талап етуге құқылы.

Қосылған : 14.04.2017, 16:05, Өзгертілген : 11.09.2018, 08:40