Экономикалық ынтымақтастық

Екі елдің арасындағы тиімді саяси диалог экономикалық ынтымақтастықтың дамуына оң ықпал жасауда. Румыния Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы негізгі сауда серіктесі.

2019 ж. қаңтар-мамыр аралығында сауда айналымы 658 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 629 млн., импорт – 29 млн.).

Алдыңғы мерзімдерде сауда айналымының көлемі:

- 2018 ж. – 1,675 млрд. (экспорт – 1,497 млн., импорт – 178 млн.);

- 2017 ж. – 992 млн. (экспорт – 925 млн., импорт – 67 млн.);

- 2016 ж. – 803 млн. (экспорт – 724 млн., импорт – 79 млн.);

- 2015 ж. – 1,4 млрд. (экспорт-1,34 млрд., импорт - 76 млн.).

ҚР экономикасына Румыниядан тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 2005 жылдан 2019 жылға дейін 1,23 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстан, өз тарапынан, Румынияның ірі инвесторларының бірі болып табылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары энергетика, машина жасау, металлургия, көлік және логистика, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп болып табылады.

Қазақстанда румын капиталымен 44 заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер тіркелген. Румынияда қазақстандық капиталмен 28 заңды тұлғалар қызмет атқаруда.

2007-2009 жж. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ы «RomPetrol Group NV» компаниясын сатып алуы қазақ-румын экономикалық қатынастардың маңызды оқиғасы болды. Мәміленің арқасында, ҚМГ Еуропадағы екі мұнай өңдеу зауыттарына және мұнай өнімдерін тарату бойынша желілеріне (Еуропаның 8 елінде 1000-нан астам АЖҚС) қол жеткізді. Мәміле ЕО аймағындағы ҚР-дың ең ірі инвестициялық жобасы болып табылады.

2016 ж. қаңтардан бастап Бухарестте Румын-қазақстан Сауда-өнеркәсіптік палатасы қызмет атқаруда және оның мақсаттарына екі елдің іскерлік топтары арасында ынтымақтастықты дамыту және нығайту, сондай-ақ бірлескен экономикалық жобаларға қолғабыс көрсету және кеңес беру кіреді.

Қазақстанның Румыниядағы Құрметті консулдығы. 2013 ж. 4 шілдеде Галац қаласында Қазақстан Республикасының Румыниядағы Құрметті консулдығы ашылды. Құрметті консул болып Румынияның бұрынғы Қоршаған орта министрі, Экологтар қорының президенті Петру Лифичиу тағайындалды.

2017 жылы 28 қыркүйекте Констанца қаласында Құрметті консулдығы ашылды. Құрметті консул болып «Ромар» сақтандыру компаниясының басшысы Эргин Хаджикалил тағайындалды.

2017 жылғы 23 қарашада Клуж-Напока қаласында Құрметті консулдық ашылып, құрметті консул болып белгілі кәсіпкер, «Energobit» компаниясын қалаушыларының бірі Стефан Гадола тағайындалды.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 18.02.2019, 14:50