Eкіжақты қарым-қатынастар

Жалпы мәлімет

1992 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Румыния арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1993 жылғы қарашада Румынияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2003 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Румыниядағы Дипломатиялық миссиясы ашылды.

2012 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Дипломатиялық миссия Елшілік болып қайта құрылды.

2017 жылғы мамырдан бастап – Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чезар Маноле Армеану.

2019 жылғы 30 қыркүйектен бастап – Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Саяси қатынастар

Қазақстан Шығыс Еуропадағы және Балкан түбегіндегі маңызды серіктестердің бірі ретінде Румыниямен қарым қатынастың дамуына айрықша көңіл бөледі.

Қысқа мерзім ішінде, екі елдер саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығында, сондай-ақ көпжақты әрекеттесуде айтарлықтай елеулі прогресске жетті.

Қазақстан мен Румыния үздіксіз саяси диалогты жүргізуде, екі елдің парламенттерінде «достық топтары» қызмет атқаруда. Екі елдер депутаттарының жылсайынғы кездесулері өткізілуде.

Екі ел БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде өз қимылдарын үйлестіруде. Румыния Қазақстанның 2010 жылдағы ЕҚЫҰ-дағы Төрағалығын және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Саммитін, «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуіне мен қатысуына, 2017-2018 жж. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Тұрақсыз мүшелігіне және «Азия – Еуропа форумына» (АСЕМ) қосылуына қолдау білдірді.

Румыния 2017 жылы 10 мамырда Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісім-шартты ратификациялады.

Жыл сайын екі елдің Сыртқы істер министрліктерінің саяси кеңесулері өткізілуде. Кеңестің соңғы отырысы 2018 ж. 17 желтоқсанда Бухарестте өткізілді.

Жоғарғы деңгейдегі сапарлар

1998 ж. қыркүйекте – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Румынияға ресми сапары.

1999 ж. қарашада – Румынияның Президенті Э.Константинескудың Қазақстанға ресми сапары.

2003 ж. қыркүйекте – Румынияның Президенті И.Илиескудың Қазақстанға ресми сапары.

2007 ж. қарашада – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Румынияға ресми сапары.

2010 ж. наурызда - Румынияның Президенті Т.Басескудың Қазақстанға мемлекеттік сапары.

2010 ж. желтоқсанда – Румынияның Президенті Т.Басеску Нұр-Сұлтанда ЕҚЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапармен келді.

Үкімет басшылар деңгейдегі сапарлар

2013 ж. маусымда - Румыния Премьер-министрі В.Понтаның Қазақстанға ресми сапары.

Сыртқы істер министрлер деңгейіндегі сапарлар

1992 ж. шілдеде – Румыния Сыртқы істер министрі А.Настаседің Қазақстанға ресми сапары. Осы сапар барысында Қазақстан мен Румыния арасындағы дипломатиялық қатынастар туралы хаттамасына қол қойылды.

2008 ж. қарашада – Румыния Сыртқы істер министрі Л.Команескудың Қазақстанға жұмыс сапары.

2017 ж. шілдеде – Екі елдің арасында дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 25 жыл толуына және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеде Румыния Ұлттық күніне орай Румыния Сыртқы істер министрі Т.Мелешканудың Қазақстанға ресми сапары.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 13.10.2019, 13:50