Трансильванияда Қазақ киносының ІІІ-ші фестивалі өтті

Ү.ж. 23 – 25 қыркүйекте Клуж-Напока қаласында Қазақстанның Румыниядағы Елшілігінің және ҚР Құрметті консулдығының ұйымдастыруымен Қазақ киносының кезекті ІІІ-ші фестивалі өтті.

Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткізілуде және қонақтардың саны жыл сайын артуда: академиялық қоғамдастық, жергілікті билік, іскер орталар және БАҚ өкілдері мен қаланың тұрғындары қатысты.

Қазақстандық режиссерлердің таңдаулы туындыларымен таныстыру дәстүрін жалғастыра келе, көрермендердің назарына «Әмре», «Әруақ» және «Талан» атты көркем фильмдері ұсынылды. Картиналар алғашқы рет румын аудиториясына өткен жылы Бухарестте көрсетіліп, жақсы пікірлер мен бағаларға ие болды.

Қазақ кино индустриясының туындылары Клуж-Напока қаласының көрермен аудиториясына терең әсерін қалдырып, олар фильмдер туралы оңды пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар, іс-шара барысында келушілерге еліміздің табиғаты, таулардың әсем көрінісі және кең даламыздың сұлулығымен танысуға мүмкіндік беретін Қазақстанның туристік әлеуеті туралы фотокөрме ұйымдастырылды.

Қосылған : 25.09.2019, 18:35, Өзгертілген : 25.09.2019, 18:35