​Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік кеден ұйымымен ынтымақтастығы

Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 30 маусымнан бастап Дүниежүзілік кеден ұйымнын (ДКҰ) мүшесі болып табылады

Халықаралық ұйымға қосылған сәттен бастап, Қазақстан кедендік әкімшілендірудін халықаралық тәжірибесінде белсенді қатысады, сондай-ақ ұйымға оның басты жұмыс органдарының отырыстарына қатысып тікелей жәрдем көрсетеді. Қазақстан Республикасы Қаржы комитетінің, Саяси комиссияның және ДКҰ Кеден ынтымақтастығы кеңесінің сессияларына және жұмыстарына белсенді қатысады.

Алғашқыда Қазақстан ДКҰ Каржы комитетінің мүшесі болып 2001 жылдың 28-30 маусымдағы Брюсселде өткізілген Кеңестін 97/98-ші сессиясының қорытындысы бойынша бір жылдық мерзіммен сайланды. 2006 жылы Қазақстан Қаржы комитеттін мүшесіне екі жылдық мерзіммен сайланды. 2008 жылы Қазақстан Қаржы комитеттін мүшесі ретінде екінші екі жылдық мерзіммен сайланды. 2014 жылдың маусымында Қазақстан Ұйымның Қаржы комитетіне үшінші рет 2016 жылға дейінгі құзырет мерзіммен сайланды, кейін 2017 жылға дейін ұзартылды.

2017 жылдың шілденің 6-нан бастап 8-не дейінгі аралығындаҚазақстандық делегация қатысқан ДКҰ Кеңесінің 129/130-шы сессиясының отырысы өткізілді. Отырыс кезінде ДКҰ Кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасы Ұйымнын жоғарғы органдардын бірі болып саналатын ДКҰ Саяси комиссиясыныңресми мүшесі болды (барлығы Саяси комиссиясының24 мүше 183ДКҰ қатысушы мемлекеттен). Аталған мүшелік Қазақстанға әлемдік кеден жүйесінің жұмыс істеу және даму маңызды сұрақтарын қарастыруға қатысуға және ДКҰ-дағы «Шығыс» суб-аумағын қосқанда барлық ТМД елдерінің мүдделерін білдіруге мүмкіндік береді. Бұрын, 2005 жылдың маусымынан бастап 2007 жылдың маусымына дейін Қазақстан ДКҰ Саяси комиссиясының мүшесі болған.

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік кеден ұйымның қызметіне қатысуы түрлі шаралардың спектрімен белгіленген. Тек соңғы жылдар бойынша Қазақстан бірнеше рет өз алаңында Уәкілетті экономикалық операторлардын институтын дамыту (2013), Кеденде Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру (2014), Сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша ДКҰ Келісімнің шараларын жүзеге асыру және шекарада кедендік операцияларды жеңілдету (2018) деген маңызыды тақырыптарға ДКҰ Еуропалық аймағының Аймақтық жиындарын өткізген.

Бұдан басқа, Қазақстан тұрақты негізде заңсыз трансшекаралық өткізумен күреске бағытталған құқық қорғау бағыты бойынша ДКҰ жаһандық конференцияларына және операцияларына белсенді қатысады (ГРИФФОН, ПЕГАС, ГАММА және басқақұқық қорғау операциялар).

Жоғарыда аталған шаралар Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік кеден ұйымымен ынтымақтастығы дамуының жағымды динамикасын көрсетеді, бұл Қазақстан халықаралық ұйыммен ынтымақтастықта өз жетістігін баянды етті – ДКҰ Саяси комиссиясында Қазақстан Республикасының мүшелігі екінші жылға 2019 жылдың шілдесіне дейін құзырет мерзіммен ұзартылды.

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік кеден ұйымымен ынтымақтастығы бойынша бұдан толық ақпарат Қазақстан республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында www.kgd.gov.kz сілтеме бойынша табуға болады.

Қосылған : 25.02.2019, 11:25, Өзгертілген : 25.02.2019, 11:25