Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі ​Ливан Республикасына жұмыс сапарымен келді

Ливан Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаев қазақстандық бітімгершілік контингенті әскери қызметшілерінің күнделікті қызметімен және оның ротациялануы процесімен танысты жане жұмыс сапары шеңберінде Ұлттық қорғаныс министрі Элияс Бу Саабпен кездесті.

Қазақстандық бітімгершілік рота орналасқан «ҮндҚазбат» батальонының жауапкершілік аймағына бару барысында ҚР Қорғаныс министрі қазақстандық бітімгершілік контингенті әскери қызметшілерінің күнделікті қызметімен және оның ротациялануы процесімен танысты.

Қазақстандық бітімгершілік контингентінің жауапкершілік аймағына Ливанның халықаралық мойындатылған шекарасына сай келетін және шиеленіс тұстары айырылуының анағұрлым талан-таражға түсетін жолағы болып табылатын «Көгілдір шекара шебі» деп аталатын шығыс бөлігінің аумақтары кіреді.

«Бітімгершілік миссияны орындау мемлекеттік маңызы бар іс болып табылады. Бұл әлемдік қауымдастық және БҰҰ алдында Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындауы», - деді ҚР Қорғаныс министрі бітімгершілердің алдында сөз сөйлеуі кезінде.

Қазақстан Республикасының тарихында алғаш рет бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі миссияны орындау үшін Ливан Республикасына 120 әскери қызметші мен 3 штабтық офицерден құралған қазақстандық бітімгершілік рота жолданғанын айта кету қажет.

Қазақстандық әскери қызметшілер 6 ай бойы өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі тапсырмаларды орындады, жергілікті жерді патрульдеу, бақылау бекеттерін ұйымдастыру, атыстың тоқатылуының сақталуына бақылау жасау, азаматтық халыққа көмек көрсету бойынша функцияларды орындады, сондай-ақ миссия штабы өткізген барлық іс-шараларға қатысты.

Ливандағы БҰҰ миссиясының, сондай-ақ «ҮндҚазбат» батальонының қолбасшылығы қазақстандық бітімгершілердің дайындығына жоғары баға беруде.

Ливан Республикасына жұмыс сапары шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаев Ұлттық қорғаныс министрі Элияс Бу Саабпен кездесті. Кездесу барысында қорғаныс ведомстволарының басшылары қорғаныс ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға әзірліктерін растады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Генерал-майор Н. Ермекбаев «Ливандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының уақытша күштері» миссиясына қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік ротасын өрістету процесіне жәрдем көрсеткені үшін Ливан тарапына алғыс білдірді.

Өз кезегінде, Элияс Бу Сааб Қазақстанға БҰҰ шеңберінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі күш-жігерге үлес қосу шешіміне алғыс айтты.

Қосылған: 15.05.2019


ҚАЗЦЕНТ Әскери-стратегиялық жоспарлау жөніндегі конференциядағы орталықтар көрмесіне қатысты


Альянс Серіктестігінің басқармасы әскери-стратегиялық серіктестік жөніндегі өзінің жыл сайынғы конференциясын Амман қаласында (Иордан Хашимит Корольдігі) өткізуді ұйымдастырды. Іс-шара 2019 жылғы 25 – 29 наурыз кезеңінде Иордания Қорғаныс министрлігімен тығыз ынтымақтастықта өтті.

Конференцияға 60 елдің өкілдері қатысты. Бұл Серіктестік саласындағы бастамаларды талқылауға арналған 9-шы конференция болып табылады. Осындай іс-шаралар Серіктестер қатарындағы қабылдаушы мемлекеттермен дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Алғашқы болып Конференция Таяу Шығыста өткізілген болатын, бұл Серіктес мемлекеттермен ынтымақтастық мәселелеріндегі Серіктес мемлекеттердің өңірлік рөлінің және Альянстың кешенді шешу шараларының маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар бұл жыл «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» және Средиземноморский диалог бағдарламалары өзінің 25 жылдығын атап өтетінімен айтулы.

Конференция барысында НАТО және Серіктес мемлекеттерден брифингтер, жоғары лауазымды тұлғалардың баяндамалары және Серіктес мемлекеттер өкілдерінің Серіктес мемлекеттермен ынтымақтастық бағдарламаларын іске асыратын түрлі Альянс штабтарының өкілдерімен салалы талқылауға қатысу мүмкіндігі ұсынылды.

Конференция барысында НАТО және Серіктес мемлекеттер орталықтарының оқу-білім беру көрмесі өткізілді. Көрме конференциямен бірге бір уақытта өтті. Альянстың оқыту және даярлау орталықтарынан, озық тәжірибе орталықтарынан, оқыту және Серіктес мемлекеттерді даярлау орталықтарынан, сондай-ақ өз қызметін оқыту және даярлау мәселелеріндегі Альянстың талаптарына сәйкес жүзеге асыратын, басқа да оқу-білім беру орындарынан өкілдер қатысты. Даярлау орталықтарының өкілдері өз білім беру орындарын ілгерілетуге және өткізіліп жатқан оқу-білім беру іс-шараларына белсенді қатысты, сондай-ақ НАТО-мен ынтымақтастық шеңберіндегі іс-шараларды жоспарлауға жауап беретін әріптестеріне сараптамалық көмек көрсетті.

Қосылған: 30.03.2019

«Әскери-азаматтық өзара әрекетестік» курсы


ҚР Қорғаныс министрлігі мен НАТО-ның әріптестігі және Жеке серіктестік бағдарламасын жүзеге асыру Жоспарына сәйкес, 2018 жылғы 11-13 желтоқсан кезеңінде «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығының базасында «Әскери-азаматтық өзара әрекеттестік» курсы өтті.

Курс НАТО біріккен Қарулы Күштері Басқару штабының сарапшыларының мобильді-жаттығу тобымен өткізілді. Курстың мақсаты тыңдаушыларды НАТОмен қолданылатын әскери-азаматтық әрекеттестік бойынша операцияларды даярлау мен өткізу барысындағы негізгі әістер мен рәсімдермен таныстыру болып табылды. Курсқа алдағы уақытта түрлі бітімгершілік миссияларға қатыстырылатын ҚР ҚК әскери қызметшілер тартылды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен әскери-азаматтық өзара әрекеттестік және үйлестіру аспектілеріне үлкен мән беріледі. Осыған орай КАЗЦЕНТке сай ұлттық сараптау шамасын құру бойынша тапсырма қойылды.

Қосылған: 14.12.2018

Қосылған : 15.05.2019, 12:15, Өзгертілген : 15.05.2019, 12:15