Қазақстан - Люксембург

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН

ЛЮКСЕМБУРГ ҰЛЫ ГЕРЦОГТІГІ АРАСЫНДАҒЫ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Жалпы мәлімет

1992 жылғы 1 маусымда Люксембург Ұлы Герцогтігі Қазақстан Республикасының егемендігін мойындады.

1992 жылғы 29 маусымда Қазақстан мен Люксембург арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2018 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстанның Люксембургтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Айгүл Құспан Люксембург Ұлы Герцогі Анриге Сенім грамоталарын тапсырды.

2019 жылғы 17 қаңтарда Қазақстанның Люксембургтегі Құрметті консулы ретінде Бенедикт Соботка тағайындалды.

2016 жылғы 28 қарашада Қазақстандағы Люксембургтің Төтенше және Өкілетті Елшісі (Мәскеудегі резиденциясымен қоса атқарушылық бойынша) Жан-Клод Кнебелер Қазақстанның Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықоваға Сенім грамоталарын тапсырды.

2015 жылғы 12 ақпанда ҚР Солтүстік аймағы бойынша Люксембургтің Құрметті консулы ретінде Алдияр Қазтаев тағайындалды. ҚР Оңтүстік аймағы бойынша Люксембургтің Құрметті консулы Ариф Шадиев болып тағайындалды.

Саяси ынтымақтастық

Қазақстан мен Люксембург арасындағы екіжақты қарым-қатынастар ілгері дамуда.

2008 жылғы 26-28 маусымда Люксембург Премьер-Министрі
Жан-Клод Юнкердің Қазақстанға бірінші ресми сапары өтті,
оның барысында люксембургтік саясаткер екіжақты қарым-қатынастардың дамуының айрықша үлесі үшін Мемлекет басшысыны Еменді Тәж Үлкен Орден Кірес жоғары мемлекеттік сыймен марапаттады. Өз кезегінде
Жан-Клод Юнкер екі мемлекет халқы арасындағы достықты нығайтуға
I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

2010 жылғы 16-17 шілдеде Алматы қ. ЕҚЫҰ бейресми
СІМ люксембургтік делегациясын ЛҰГ Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер Министрі Ж.Ассельборн басқарды, сондай-ақ, ол Астана қаласындағы 2010 жылғы 1-2 желтоқсандағы ЕҚЫҰ саммиті жұмысына қатысты.

2014 жылғы 27-29 қазанда Қазақстанға ЛҰГ Премьер-Министрінің орынбасары, Экономика министрі, Ішкі қауіпсіздік министрі және Қорғаныс министрі Э.Шнайдердің сапары өтті, оның барысында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов, Қаржы министрі Б.Сұлтанов пен Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешевпен кездесулер өткізілді.

2015 жылғы 21-23 мамырда Астана экономикалық форумға қатысу үшін Қазақстанға Люксембург Премьер-Министрі К. Беттелдің ресми сапары өтті.

Сапардың барысында:

- Қазақстан мен Люксембург арасындағы Әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім;

- Қазақстанның Ұлттық банкі мен Люксембургтің қаржы технологиясын трансферт бойынша агенттігі арасында Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

2015 жылғы 29 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ БА
70 сессиясы алаңында Мемлекет басшысы К.Беттелмен кезекті кездесуі өтті. Саясаткерлер Қазақстан мен Люксембург арасында екіжақты қарым-қатынастарды дамыту, сондай-ақ, Еуроодақпен Қазақстан ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.

2017 жылғы 8-10 маусымда ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысу үшін Люксембург Премьер-Министрі К.Беттелдің Қазақстанға жұмыс сапары өтті.

2019 жылғы 17 қаңтарда Қазақстанның Люксембургтегі Елшісі А.Құспан Депутаттар палатасының төрағасы Ф.Этгенмен, Еуропа Кеңесі Парламентті Ассамблеясы люксембургтік делегациясының жаңа басшысы, депутат Г.Грааспен және Люксембург Премьер-министрінің орынбасары, Экономика және денсаулық сақтау министрі Э.Шнайдермен кездесті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2018 жылғы қаңтар-қараша айында елдер арасындағы тауар айналымы 5,66 млн. АҚШ долл. (экспорт – 2,5 мың, импорт – 1,45 млн.) қамтыды.

2017 жылғы тауар айналымының нәтижесі бойынша 3,92 млн. АҚШ долл. (экспорт - 135,6 мың долл., импорт - 3,79 млн. долл.) қамтыды.
2018 жылғы бірінші тоқсандағы тауар айналымы 1,45 млн. долл. (экспорт – 2,5 мың, импорт – 1,45 млн.) қамтыды.

Қазақстанға Люксембургтан әкелетін негізгі өнімдер – көліктер, электрлық техникалық жабдықтар, пластмасса және одан бұйымдар, каучук, резеңке-техникалық, тоқымалық бұйымдар және жай металлдар болып табылады.

Осы уақытта Қазақстанда шамамен 36 бірлескен өнеркәсіптер мен филиалдар тіркелген.

Соңғы 5 жылда Люксембургқа қазақстандық тікелей инвестициялардың (ТИ) жалпы көлемі 20,3 млн.долл. қамтыды, бұл ретте оның негізгі үлесі (20,2 млн.долл.) 2013 жылға тиді.

2017 жылға Люксембургтан Қазақстанға тікелей инвестициялар көлемі 272,4 млн. АҚШ долл., 2018 жылғы 1 тоқсанға - 45 млн. АҚШ долл.құрады.

2007 жылы Астанада жылжымайтын мүлік, қаржы және жаңа технологиялар саласында жұмыс істейтін «Voltaire Investment Prives SA» люксембургтік инвестициялық компаниясы өз кеңсесін ашты.

2008 жылғы 27 маусымда Люксембург Премьер-министрі
Ж.К. Юнкердің Қазақстанға ресми сапар шеңберінде Алматы қаласында «Қазақстан-Люксембург: бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» атты бизнес-форумы өтті, онда қазақстандық іскер топтардың өкілдері, Люксембургтің 30-ға жуық ірі компаниялары мен банкілерінің басшылары, сондай-ақ, «Luxembourg for Finance», «Luxembourg for business» агенттігі мен Герцогтіктің сауда палатасы қатысты.

2010 жылғы 29 қаңтарда Люксембургте Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша Қазақстан агенттігі және Люксембургтің Банктік қадағалау саласындағы қаржы секторларын қадағалау жөніндегі комиссиясы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте ҚР Премьер-министрі
К.Мәсімовтің және ірі еуропалық және люксембургтік компаниялардың қатысуымен «Қазақстан-Люксембург» Сауда-инвестициялық форумы өтті. Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға «Cargolux Airlines International S.A.» (әуе компаниясы) және «SES S.A.» (спутниктік операторы) сияқты компаниялар қызығушылық танытты.

2017 жылғы 2 наурызда Люксембургте ЛҰГ сауда палатасының қолдауымен экономикалық семинар өтті, онда Люксембург Премьер-министрінің дипломатиялық кеңесшісі П.Хеммер, Люксембург сауда палатасының халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ж.Эрпелдинг, «Eurasian Resources Group» бас атқарушы директоры
Б.Соботка, 40-қа жуық жетекші люксембургтік компанияларының басшылары, ЛҰГ-нің Экономика және сыртқы істер министрліктерінің, Еуропалық қайта құру және дамыту банкінің өкілдері қатысты.

2018 жылғы 24 тамызда АХҚО үздіксіз кәсіби дамыту бюросының (бұдан әрі – АХҚО бюросы) басшылығымен және АХҚО биржасының қызметкерлерімен люксембургтік «House of Training» өкілдерімен кездесу болды. Кездесу барысында АХҚО және қаржы саласын дамытуға тікелей қатысы бар түрлі білім беру салаларындағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ АХҚО және «House of Training» арасында өзара іс-қимыл туралы меморандум жасасу туралы ауызша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2007 жылғы 28-30 қыркүйекте Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, бірқатар жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен Қазақстанның түрлі ұлттық-мәдени орталықтары төрағаларының құрамы Люксембургке барып қайтты.
П.Вернер атындағы Еуропалық мәдениет институтымен бірлесіп ұйымдастырылған сапар аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі «Қазақстандағы мәдени әртүрлілік және ұлтаралық келісім» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» болып келеді.

2014 жылғы 15 наурыз – 6 сәуірінде қазақстандық суретші
Р.Өмірзақтың көрмесі өтті.

2015 жылғы 29 наурызда Люксембург қаласында Наурыз мерекесіне орай «Каспий мен Алтай арасында» атты қазақстандық суретшілердің сурет көрмесі өткізілді.

2016 жылғы 28 сәуірде Люксембург қаласында «Wild Project Gаllery» галереясында «Қазақстанды білесіз бе?» атты тақырыптық көрме өтті.
Осы іс-шараға 10 қазақстандық суретші өз жұмыстарын ұсынды.

2017 жылғы 2 наурызда Люксембург сауда палатасының ғимаратында біздің елдеріміздің арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына
25 жыл толуына арналған фотокөрме ұйымдастырылды.

2017 жылғы 12 мамырында Люксембург мемлекеттік филармониясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ректоры Ж. Әубәкірованың жеке концерті өтті.

Қосылған : 21.03.2017, 09:00, Өзгертілген : 8.02.2019, 15:00