Қазақстан - Бельгия

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІ

АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАР

Жалпы мәліметтер

1991 ж. 31 желтоқсанда Бельгия Корольдігі (БК) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін мойындады.

1992 ж. 25 тамызда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1993 ж. 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі ашылды.

2006 ж. қаңтарда Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2018 ж. 3 шілдеде Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Құспан Бельгиялықтардың королі Филиппке сенім грамоталарын тапсырды.

2017 ж. қазанда Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып А.де Кромбрюгхе тағайындалды.

2019 ж. 5 ақпаннан бастап Қазақстанның Фландриядағы Құрметті консулы Джозеф Лебон.

Саяси ынтымақтастық

Қазақстан мен Бельгия арасындағы екіжақты қатынастар біртіндеп дамып келеді. Екі ел халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұқсас ұстанымдарды ұстанады.

Дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан бері ҚР Президенті Н.Назарбаев Бельгия Корольдігіне 9 рет сапармен келді (1993, 2000, 2002, 2006, екі рет 2010 ж., 2014, 2016 және 2018 жж.).

2018 ж. 18-19 қазанда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 12-ші Азия-Еуропа форумына (ASEM) қатысу үшін Брюссельге сапармен келді. Сапар барысында Мемлекет басшысы Бельгиялықтар королі Филипппен, Еуропалық Комиссияның төрағасы Ж.-К.Юнкермен, Франция Президенті Э.Макронмен, Халықаралық сауда орталығы қауымдастығы (WTCA) төрағасының орынбасары Рольф Драакпен және «Nest Investments HOLDINGS» компаниялар тобы корпоративтік қызметтер жөніндегі директоры Мехран Эфтехармен екі жақты кездесулер өткізді.

2006 ж. желтоқсанда бельгиялықтардың Королі Альберт II-мен кездесу барысында Елбасы Н.Назарбаев Бельгияның ең жоғарғы мемлекеттік марапатына ие болды – Үлкен крест жұлдызының омырау белгісі бар Леопольд I Орденінің Үлкен лентасы. Бұл марапат Бельгия және шетелдердің көрнекті мемлекеттік қайраткерлерге беріледі.

2002, 2009 және 2010 жылдарда Бельгияның принці (қазір Бельгиялықтар корлі) Филипптің Қазақстанға сапарлары өтті.

Бельгия Премьер-Министрі Ж.-Л.Деэннің (1998 ж.) және Бельгияның мұрагер ханзадасы Филипптің (2002 ж., 2010 ж.) Қазақстанға сапарлары өтті.

2010 ж. 1-2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитіне Бельгия Корольдігі Премьер-Министрінің міндетін атқарушы И.Летерм бельгиялық делегацияны бастап келді.

2014 ж. 8-9 қазанда Еурокомиссия Президенті Ж.М.Баррозу шақыруы бойынша Бельгияға жұмыс сапармен келген ҚР Президенті Н.Назарбаев бельгиялықтардың Королі Филиппен кездесті.

2016 ж. 29-30 наурызда ҚР Президентінің Брюссель қаласына жұмыс сапары өтті. Бельгиялық астанаға келгеннен кейін, Мемлекет басшысы Мальбек метро станциясының кіреберісіне 2016 жылғы 22 наурызда Брюссельде болған терактілердің құрбандарын еске алу үшін гүлшоқтарын қойды.

2014 ж. 29 қыркүйекте және 2017 жылғы 4 шілдеде Астанада қазақстан-бельгиялық саяси консультациялары өтті.

2017 ж. 28 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ АҚК және Қарусыздану бойынша конференция шеңберінде Бельгияның Сыртқы істер министрі Дидье Рейндерспен кездесті.

2018 ж. 26 ақпанда Брюссельде ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Дидье Райндерспен кездесуі өтті.

2018 ж. 3-4 желтоқсанда Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Ашықбаев Брюссельге сапары барысында НАТО Бас хатшысының орынбасары Р.Готтемюллермен, Еуроодақтың қарусыздану және таратпау мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Яцек Билицамен, сондай-ақ, Бельгия Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты мәселелері жөніндегі бас директоры А.Кенеспен кездесті.

Парламентаралық ынтымақтастық

Парламентаралық ынтымақтастықтың динамикасы екі елдің заңнамалық органдарында құрылған Достық топтарының қызметі арқылы қамтамасыз етіледі.

Бельгия парламентінің байқаушылар миссиясы 2011 жылғы сәуірде Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауына қатысты.

Қазақстан Парламенті депутаттары Л.Полторабатьконың және Г.Исимбаеваның Әйелдер парламентшілерінің ғаламдық форумына қатысу аясында (2013 ж. 27-29 қараша, Брюссель) Бельгия Сенатының төрағасы С.Де Бетюнмен екіжақты кездесу өтті

2016 ж. 20 наурызда Парламент Мәжілісіне сайлауға ЕҚЫҰ ПА байқаушылары ретінде Бельгия сенаторы М.Бертин және Өкілдер палатасының депутаты Р.Хуфкенс келді.

2017 ж. 28 сәуірде Брюссельде Қазақстан Республикасы мен Бельгия Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толу қарсаңында екі елдің парламенттері депутаттарының кездесуі өтті.

2019 ж. 1 ақпанда ҚР Парламенті Мәжілісі Сыртқы істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы М.Ерман Брюссельге сапары аясында Бельгия Сенатының төрағасы Жак Бротчимен және Бельгия Парламенті Сыртқы істер жөніндегі комитетінің төрағасы Дирк Ван дер Маленмен кездесті. Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты бельгиялық депутаттарға Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-ші жиналысына (23-24 қыркүйек, Астана) шақыру түпнұсқаларын тапсырды (Сенат төрағасы Ж.Бротчиге және Өкілдер палатасы З.Бракеге).

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2018 жылда ҚР мен БК арасындағы тауар айналымының көлемі $455 млн. (экспорт - $301 млн., импорт – $154 млн.) құрды, 2017 жылмен салыстырғанда 58 %-ға өсті. 2016 ж. тауар айналым 300,2 млн. долл. құрады.

Бельгияға түсті металлдар, жүн, тоқыма мен тоқыма бұйымдары, асыл емес металлдар мен одан жасалған бұйымдары, химиялық және осы саламен байланысты өндіріс өнімдерін экспортқа шығарылады.

Қазақстан машина және құрал-жабдық, механизмдер, электротехникалық жабдықтар, минералды өнім, оптикалық, фотосуреттік және басқа құралдар мен аппараттар, тоқыма бұйымдар, азық­-түлік өндірісінің өнімдерін, темекі, химиялық және осы саламен байланысты өнімдерді импорттайды.

Бельгиядан Қазақстанға 2005 жылдан бастап 2018 жылғы III тоқсанға дейін тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 7,1 млрд. АҚШ долл., 2017 жылы – 1,05 млрд. доллар, 2016 жылы – 710,6 млрд. млн. долл.

Қазіргі уақытта Қазақстанда бельгиялық капиталы бар 35 компания тіркелген. Олардың ішінде ең ірілері: «Solvay Chemicals International SA.», «Sarens Group» (мұнай-газ саласының инфрақұрылымы), «Besix» (көлік), «Evolion» (баламалы энергия көздері), «Induss» (су тазарту).

Өңірлік үкіметтер мен бизнес-құрылымдармен байланыстар дамуда – Валон Экспорт және шетелдік инвестициялар агенттігімен (AWEX), Фламанд Сауда және инвестициялық пгенттігімен және «Brussels Exporters» ассоциациясымен.

Бельгияда 16 сауда өнеркәсіп палатаны және шетелде 25 сауда өнеркәсіп палатаны біріктіретін Бельгияның Сауда-өнеркәсіптік палаталар федерациясымен (СӨП) тығыз байланыстар тұрақты түрде дамуда.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2010 ж. Семейдегі «Өлімнен де күшті» атты қазақстандық мүсіншілердің ескерткіші негізінде жасалған Ядролық сынақтардың құрбандарына арналған монументтің ашылу рәсімі өтті (кейін бұл монумент бельгиялық Ипр қаласында Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың құрбандарына арналған ескерткіштердің жанына орнатылды).

2012 ж. наурызда Ипр қаласының мэрі Л.Дехане бастаған «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұйым делегациясының Қазақстанға сапары барысында Семей және Ипр қалаларының арасында достық қатынастарды орнату туралы Меморандумға қол қойды.

А.Кашечкиннің Велоспорт академиясы 2013 ж. маусымда бельгиялық инженер Г.Брюирдің күн батареяларымен жабдықтанған велосипедпен Брюссельден Астанаға велосапар жасаған жобасын қолдады.

2014 ж. 9 маусымында «G-Global» жобасын және EXPO-2017 көрмесін қолдау үшін әлемдік мотожарыс аясында Брюссельге үш қазақстандық мотоциклші келген.

2014 ж. 14-20 қыркүйекте Антверпенде өткен интеллектуалды мүмкіндіктері шектелгендерге арналған Арнайы еуропалық жазғы олимпиядалық ойындарға 50 адамнан құрылған қазақстандық делегация қатысты. Жарыс нәтижелері бойынша, қазақстандықтар 12 алтын, 11 күміс және 14 қола медальдарына ие болған.

2014 ж. 4 қарашада Бельгияда (Антверпен қ.) Мемлекеттік «Астана Опера» атты Опера және балет театрының 190 әртісті қатысуымен алғашқы көрсетілімі болды.

2017 ж. 8 мамырда Брюссельде Құрманғазы атындағы Қазақ музыкалды консерваториясының ректоры Ж.Аубакированың Bozar концерттік залында жеке концерті өтті.

2017 ж. 11 қарашада «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын презентациясы шеңберінде Брюссельде алғашқы рет «Астана Балет» театрының гала концерті өтті.

2017 ж. 7-8 желтоқсанда Брюссельде «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымы мен «Astana Musical» театры, Республикалық неміс академиялық драматикалық театры «Қыз Жібек» этно-фольклор мюзиклін және «Қаракөз» спектаклін қойды.

2018 ж. 24 қазанда «BOZAR» сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Қазақконцерт», Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының әншісі Ерлан Рысқалидің концерті өтті. Концерт ASEM форумының 12-ші саммиті аясында өткізілен Еуропа мен Азия әртістерінің мәдени фестивалінің бағдарламасына енгізілді.

Қосылған : 21.03.2017, 09:00, Өзгертілген : 21.02.2019, 17:05