​Қазақстанның Еуропа Кеңесімен ынтымақтастығы туралы анықтамалық ақпарат

Қазақстан 1997 жылдан бастап Еуропа Кеңесі (бұдан әрі - ЕК) мен оның құрылымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып келеді.

Қазақстан Республикасы Еуропа Кеңесінің мүшесі болмаса да,
ЕК-нің мемлекеттер-мүшелерімен ерекше қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша бірге жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жартылай кеңейтілген келісімдерге қатысуға мүмкіндігі бар.

Қазіргі уақытта Еуропа Кеңесінің 13 жартылай келісімі бар, оның ішінде Қазақстан осы кезеңде біреуіне ғана қатысады:

1. Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссия (Венециялық комиссиясы), Қазақстан 2012 жылғы наурыздан бастап мүше;

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобы (ГРЕКО), Қазақстанның қатысуға өтінімі берілді;

3. Еуропа Кеңесінің Даму Банкі;

4. Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жартылай келісім;

5. Дәрілік заттардың сапасын бақылау жөніндегі Еуропалық директорат;

6. Ауқымды табиғи және технологиялық апаттардың алдын алу, қорғау және ұйымдастыруға көмек көрсету жөніндегі ынтымақтастық тобы
(EUR-OPA);

7. Еуропалық кинематографияны қолдау қоры (EURIMAGES);

8. Есірткі заттарының заңсыз пайдалану мен айналымымен күресу жөніндегі тобы (Pompidou Group);

9. Еуропалық жаһандық өзара тәуелділік және ынтымақтастық орталығы (North/South Center);

10. «Жастар картасы» жартылай келісім;

11. Еуропалық аудиовизуалды обсерватория;

12. Қазіргі заманғы еуропалық тілдер орталығы;

13. Спорт бойынша кеңейтілген жартылай келісім (EPAS).

2013 жылғы желтоқсанда Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі А.Хамзаев пен Брюссельдегі ЕК өкілі Т.Фройснес Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірлескен бағдарламаға қол қойды, онда 2018 жылғы шілдеде сәтті аяқталған «Қазақстан үшін көршілестік ынтымақтастықтың басымдылықтары: Еуропа Кеңесінің қылмыстық конвенциясы бойынша ынтымақтастық» - Іс-әрекет жоспарын қабылдау туралы ресми түрде жарияланды.

Ынтымақтастық басымдылықтардың іске асыруын басталғаннан бастап Қазақстан қылмыстық сот төрелігі саласында Еуропа Кеңесінің үш құқықтық құжаттарға қосылды, атап айтқанда, №141 (Қылмыстық қызметтен кірістерді жылыстату, анықтау, алу және тәркілеу туралы) №127 (Салық саласындағы өзара әкімшілік көмек туралы) және оған №208 Хаттамасына
(салық саласындағы өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы). Осылайша, Қазақстан Республикасы қылмыстық істерге халықаралық ынтымақтастыққа белсене араласуға және оның қылмыстық
сот төрелігі туралы заңнамасын еуропалық нормалармен үйлестіруге деген ұмтылысын күшейтті.

2018 жылғы Қазақстан Еуропа Кеңесінің әділеттілікті қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық Комиссиясына (CEPEJ) және Еуропалық судьялардың консультациялық кеңесіне (CCJE) бақылаушы мәртебесіне ие болды.

Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
27 ақпандағы № 144 Қаулысымен Қазақстан 1954 жылғы 19 желтоқсандағы Еуропалық мәдени конвенцияға қосылды.

Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясымен ынтымақтастық

2004 жылы Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. ҚР Парламентінің делегациялары Страсбургта өтетін
(жылына 4 рет) ЕКПА пленарлық сессияларында тұрақты негізде қатысып келеді.

2016 жылғы наурызда ЕКПА Қазақстан Республикасы Парламенттік мәжілісінің кезектен тыс сайлауына Испания депутатының басшылығымен бес саяси тобынан Ассамблеяның 11 мүшесі құрамы мен Еуропадағы либералдар мен демократтар альянсының саяси тобының төрағасы
Ж.Чукламен өз бақылау миссиясын жіберді. Сайлауды байқаудың қорытындысы бойынша Парламенттік Ассамблеяның өкілдері оң шешімдерін даярлады.

2017 жылғы 24 қарашада Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Тұрақты комитетінің мәжілісінде неміс депутаты А.Фишер дайындаған «Еуропа Кеңесінің Қазақстанмен қарым-қатынасы» атты баяндама бекітілді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша еуропалық депутаттар Қазақстанның әлемдік аренада маңыздылығы мен еуроазиялық аймақтағы тұрақтылықтың кепілі ретінде атап өтіп, Еуропа Кеңесі мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастарды дамыту қажеттілігін жеткізді.

Қосылған : 20.09.2018, 09:10, Өзгертілген : 20.09.2018, 09:10