Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстандық-қырғыз мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы да табысты дамуда. Екі елдің зиялы қауымы мен жұртгшылығы қатысатын көрмелер, халықаралық ғылыми симпозиумдар, «дөңгелек үстелдер», шығармашылық кештер мен семинарлар жүйелі түрде өткізіледі.

А.Атамбаевтың 2012 жылғы 10 мамырдағы Астана қаласына ресми сапары барысында қол жеткізілген және екі ел халқының мәдени байланыстарын нығайту мақсатында мемлекет басшылары Астанада Манастың және Бішкекте Абайдың ескерткіштерін орнату ниеттерін білдірді, сондай-ақ Астана мен Бішкек қалаларында тиісті көшелерге атаулар беру арқылы Ш.Уалиханов мен Ш.Айтматовтың есімдерін есте қалдыру туралы уағдаластық жасалған болатын.

2012 жылғы тамызда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары шеңберінде «Қазақстанның Қырғызстандағы мәдени күндері» өтті. Бұл іс-шара шеңберінде: ҚР өнер шеберлерінің концерттері, қазақ киносының күндері, қазақстандық суретшілердің көрмелері, «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблінің, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған қазақ мемлекеттік академиялық таетрының, Жамбыл облыстық қазақ және орыс театрларының гастролдері болып өтті.

2013 жылғы қыркүйекте ҚР Астана, Алматы қалалары мен бірқатар облыс орталықтарында «Қырғызстанның Қазақстандағы күндерін» өткізу шеңберінде қырғыз мәдениеті мен өнері шеберлерінің қарымта гастролдері болды.

2014 жылғы қазақ-қарашада бішкек қаласында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры мен Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының гастролдері өтті.

2015 жылғы 19 қыркүйекте Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу шеңберінде Қырғызстан астанасы – Бішкек қаласында Қазақ КСР Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің мерекелік концерті болды.

Қазақстанның және қырғыз халық жазушысы Ш.Айтматовтың 90-жылдығына байланысты Астана мен Бішкек қалаларында Қазақстан мен Қырғызстанның қоғам қайраткерлерінің қатысуымен ірі іс-шаралар өтті. Мәселен, 2018 жылғы 25 сәуірде Астанада ҚР Президенті Әкімшілігі өкілдерінің, жазушы - Қырғызстан парламентінің бұрынғы спикері М.Шеримкулов, Жогорку Кенеш депутаты С.Шер-Нияз, публицист З.Курмановтың қатысуымен халықаралық форум ұйымдастырылды. Іс-шара барысында танымал драматургтың шығармашылығы және әлемдік әдебиетке тигізген әсері талқыланды. 2018 жылғы 5-9 қазанда Бішкек қаласында өткен «Ш.Айтматов және қазіргі заманның сын-тегеуріндері» атты халықаралық конференцияға М.Шаханов, М.Әуезов, О.Сүлейменов сияқты белгілі қазақстандық зиялы қауым, сондай-ақ, конференцияның ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Уәлиев сөз сөйледі.

Сонымен қатар, 2018 жылғы 17 мамырда Қырғызстанның Ғылым академиясында Түрксой және Елшіліктің қолдауымен қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125-жылдығына байланысты «Ұлы қазақ ақыны М.Жұмабаев» атты халықаралық конференция ұйымдастылырды.

Маңызды спорт және мәдениет оқиғалардың қатарына 2-8 қыркүйекте Ыстықкөлде өткен III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мен «Көшпенділер әлемі» этнофестивалін жатқызуға болады. Аталған іс-шараларға 200-ден астам қазақстандық спортшылар мен мәдениет қайраткелері қатысты. Ойындардың қорытындылары бойынша Қазақстан командасы 72 әртүрлі дәрежедегі медальдармен жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.

2018 жылғы 20 наурызда Елшілікте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өтіп, онда Қырғызстанның министрліктер мен ведомстволары, қоғамдық-саяси және іскерлік топтардың, дипломатиялық корпустың, қазақ диспорасы мен инвесторларының 150 өкілдері қатысты. Оған қоса, есепті кезеңде Елшіліктің қолдауымен Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» атты кітабы қырғыз тіліне аударылып, тұсаукесері ұйымдастырылды.

Қазақстан мен Қырғызстанның театр өнері және кино саласындағы ынтымақтастығы да нығаюда.

Атап айтқанда,2018 жылғы 15 сәуірде Қырғыз опера және балет театрында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академикалық опера және балет театрының жетекші солисттері А.Хасимото, А.Мұрзақұлов, А.Жексенбектің қатысуымен «Дон кихот» балетінің көрсетілімі өтті; 13-17 қарашада Бішкекте «Айтматов және театр» атты фестивалінде Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драмалық театры қырғыз көрермендеріне Ш.Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» әңгімесі бойынша спектакль ұсынды, Қазақ мемлекеттік қуыршақтар театры (Алматы) «Ана – жер ана» хикаяты бойынша спектакль, «Жастар» театры (Астана) «Шынғысхан», Жамбыл облыстық драмалық театры «Найман ана» спектакльдерін көрсетті; 10-16 маусымда Т.Абдумомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драмалық театры және М.Рыскулов атындағы Нарын облыстық академиялық драмалық театры Астананың 20-жылдық мерекесіне орай «Самғау» VI Халықаралық театр фестиваліне қатысты.

2018 жылғы 3 наурызда Елшіліктің және Қырғызстанның кинематографистер одағының қолдауымен Бішкек қаласында Ш.Айтматов атындағы Кино үйінде қазақстандық «Оралман» фильмнің көрсетілімі өтті. 27 сәуірде «Манас» кинотеатрінде «Ак илбирс» киносыйлығын Қазақстанның халық әртісі Н.Ыхтымбаев алды, режиссер С.Құрманбековтің «Оралман» кинотаспасы «Орталық Азияның үздік фильмі» сыйлығын, Д.Ақмолда – «Орталық Азияның үздік актері» сыйлығын алды.

Екі елде де Айтыс ақындық-поэзиялық өнер шығармашылығы және қазіргі заманғы музыка танымал және аса құрметке ие. Атап айтқанда, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының мәдениет бағдарламасында Қазақстанның және Қырғызстанның 16 ақыны суырып салма өнері бойынша жарысқа түсті. 3 мамырда Бішкек қаласында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның концерті табысты өтті.

2018 жылғы тамыз айында Бішкекте Г.Айтиев атындағы Қырғыз ұлттық бейнелеу өнері музейінде Ш.Айтматовтың 90-жылдығына және III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған қазақстандық суретші Қ.Жақыповтың «Ұлы даланың сазы» атты дербес көрмесі өтті. Музейде тоқымашылық, тері өңдеу техникасымен орындалған тұс кілемдер ұсынылды. Оған қоса, ү.ж. 5 желтоқсанда Қырғыстан суретшілер одағының мүшесі С.Осмоналиев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық пен ынтымақстастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін және ұлттық мәдениеттерді жақындастырып, өзара байытудағы белсенді қызметі үшін «Құрмет» орденімен, сондай-ақ, М.Әуезов музей үйінің қызметкері С.Табышева ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, екі елдер арасында білім беру жөніндегі байланыстар жоспарлы түрде дамуда. Жыл сайын баламалы негізінде бакалавриат пен магистратура бағдарламалары бойынша студенттермен алмасу іске асырылады. Қазіргі кезде Қырғызстанның жоғары оқу орындарында 2000-нан астам қазақстандық студенттер білім алуда. Оған қоса Қырғызстанның оқушылары жылда Алматыда өтетін физика, математика және информатика пәндері бойынша Халықаралық Жәутіков олимпиадасына қатысады. 26-27 сәуірде Бішкек қаласында «Қазақстандық білім күндері» атты білім көрмесі өтті. Аталған іс-шараға 20 беделді жоғарғы оқу орындарының ректорлары және өкілдері қатысты (Назарбаев университет, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті, Нархоз, Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті және т.б.).

2018 жылғы 18 желтоқсанда Астанада Ш.Айтматовтың 90 жылдығына орай «Азамзаттың Айтматовы» атты әдеби-музыкалық еске алу кеші өткізілді. Кештің құрметті қонақтары қатарына Ш.Айтматовтың ұлы Асқар Айтматов, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚырғР Мәдениет, ақпарат және туризм министрі А.Жаманкулов, Айтматовтың жақын досы, ақын М.Шаханов, ҚСРО халық әртісі Ә.Дінішев және басқа да көрнекті тұлғалары болды.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 8.11.2016, 13:36