Елші К.Көкрекбаев Арыс қаласынан келген және Ыстықкөлдегі сауықтыру орталықтарында демалып жатқан балалармен кездесті 

         Таяуда Қазақстан Республикасының қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кәрім Көкірекбаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласындағы «Дзержинец» және «Ден соолук» балаларды сауықтыру орталықтарында болып, Қазақстанның Түркістан облысы Арыс қаласынан келген балалармен кездесті. 

К.Көкрекбаев осында демалып жатқан балалармен сұхбаттасты, аталған орталықтың басшылығымен де кездесіп, көрсетіп жатқан қонақжайлығы үшін алғысын білдірді.

                Айта кету керек, «Дзержинец» сауықтыру орталығында Арыс қаласынан келген 50 бала және «Ден соолук» орталығында 70 бала демалуда. Орталық басшыларының айтуынша, Қазақстаннан келген балалардың тәртібі жақсы, басқа балалармен тез тіл табысып кеткен. Орталық басшылығы балалар үшін көптеген танымдық-ойын сауық бағдарламасын өткізбек. 

Қосылған : 11.08.2019, 14:25, Өзгертілген : 11.08.2019, 14:25