Экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы Қырғыз Республикасының ірі сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестерінің бірі болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстан қырғызстанның негізгі инвесторларының бестігіне кіреді және бұл елдің экономикасын дамытуға $1,5 млрд. астам қаражат салған.

Анықтама: Қырғызстанның Ұлттық статистикалық комитетінің ресми деректері бойынша Қырғыз Республикасы экономикасының қазіргі құрылымында қазақстандық инвестициялар мынадай үлесте болды: - 1) банк секторы – 60%-ға дейін; - 2) тау-кен секторы - 8%; -3) су-энергетикалық - 10%; - 4) құрылыс саласы - 3%; - 5) ауыл шаруашылығы – 12%; - 6) сауда-өнеркәсіп – 2%; - 7) туристік сектор – 5%.

Қырғызстанның сыртқы сауда айналымында Қазақстан үшінші орынды иемденеді. Бұл ретте, 2012 жылы екі ел арасындағы өзара тауар айналымы екіжақты қарым-қатынастар тарихында алғаш рет 1 миллиард АҚШ долларынан асып түсті. 2013 жылы бұл көрсеткіш - $1,07 млрд. болды.

2014 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен ҚырғР арасындағы сауда көлемі $1,056 млрд., оның ішінде экспорт (Қазақстаннан) – $705 млн., импорт (Қырғызстаннан) – $351 млн. сомасын құрады.

Қырғызстанда 200-ден астам орта және шағын көлемдегі қазақстандық-қырғыз бірлескен кәсіпорындары жұмыс істейді, оның ішінде қазақстандық капитал қатысатын бірқатар ірі компаниялар бар. Өз кезегінде Қазақстанда 100-ге тарта бірлескен кәсіпорында жұмыс істеп тұр.

Қазақстан мен Қырғызстан табиғи апаттардың салдарларын жою және басқа да төтенше жағдайлар кезінде бір-біріне әркез материалдық-қаржылық қолдау көрсетіп, жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетеді. Мәселен, 2010 жылы 20 наурызда ҚР Алматы облысы Қызылағаш кентінде болған табиғи апатқа байланысты ҚырғР Үкіметі 2 мың дана шифер, 60 тонна цемент, шатырлар, кір сабын, су құюға арналған бактар мен флягтар, жылы бүркеншек костюмдер мен одеялдар түрінде гуманитарлық көмек көрсетілді.

2010 жылғы сәуір және маусым айларында болған оқиғалардан кейін Қырғызстандағы күрделі саяси және экономикалық жағдайды ескере отырып, Қазақстан ҚырғР-ға жалпы сомасы $35 млн. астам гуманитарлық көмек көрсетті.

Оған қоса, 2012 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ҚырғР оңтүстігі мен солтүстігінде әрқайсысы 450 орындық екі жалпы білім беру мектебін салу туралы шешім қабылдады.

Анықтама: ҚырғР-да мектеп салуды қаржыландыру туралы екіжақты уағдаластықтарды орындау үшін 2014 жылғы 29 сәуірде «Самұрық-Қазына» АҚ қырғыз тарапына1 млрд. 200 млн. 800 мың. теңге (6,5 млн. долл. США) көлемінде қаража аударды (Қазақстанның Халық банкі арқылы).

2015 жылғы 20 наурызда ҚырғР Президенті мен ҚР-дың ҚырғР-дағы Елшісінің қатысуымен Бішкек қаласының «Ала-Тоо» тұрғын алабында салынған аталған мектептердің бірін пайдалануға беру бойынша салтанатты іс-шара болды.

ҚР және ҚырР Үкіметаралық кеңесі шеңберінде бірқатар екіжақты іс-шаралар өткізілді:

- 2013 жылғы 12-13 маусымда Бішкекте Шекара ынтымақтастығы жөніндегі Кіші комиссия отырысы болды. Қазақстандық делегацияны Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Т.Жақсылықов бастап келді. Кіші комиссияның қырғыз бөлігіне Экономика министрінің орынбасары О.Панкратов басқарды. Отырыс барысында Тараптар сауда, энергетика, газ, шекаралық бақылау, кеден ісі, теміржол көлігі мен қоршаған ортаны қорғау саласында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері, сондай-ақ басқа да өзекті, оның ішінде «Быстроток» трансшекаралық арнасындағы төтенше жағдай туралы шешу мәселелері қаралды.

- 2013 жылғы 8-9 шілдеде Бішкекте Мүліктік және басқа да реттелмеген мәселелерді шешу жөніндегі екіжақты комиссия шеңберінде қазақстандық-қырғыз ведомствоаралық отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.Рау, Комиссияның қырғыз бөлігін Экономика министрінің орынбасары О.Панкратов басқарды. Кездесу барысында тараптар ҚырғР-дағы қазақстанды инвесторлардың және ҚР-да жұмыс істейтін қырғыз кәсіпкерлерінің қызметімен байланысты проблемаларды шешудің өзекті мәселелерін қарады.

- 2014 жылғы 13-14 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтің және Қазақстанға жұмыс сапарымен келген, Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Дж.Оторбаевтың төрағалығымен қазақстандық-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 5-ші отырысы болды. ҮАК-тің 5-ші отырысы барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі мәселелердің кең ауқымы талқыланып, тараптар екіжақты әріптестіктің одан арғы перспективалары туралы пікір алмасты. Атап айтқанда, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және ғарыш қызметі салалары бо»йынша әңгіме қозғалды. Үкіметаралық кеңестің жұмыс қорытындысы бойынша үкімет басшылары тиісті хаттамаға қол қойды.

- 2015 жылғы 24 маусымда Астана қаласында Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.Раудың және Экономика министрінің орынбасары Д.Иманалиевтің төрағалығымен Мүліктік және басқа да реттелмеген мәселелерді шешу жөніндегі қазақстандық-қырғыз комиссиясының кезекті отырысы өтіп, оның барысында күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды және Комиссия ұсыныстарын қарауға енгізу және ҚР мен ҚырғыР Үкіметаралық кеңесінің 6-шы отырысында олар бойынша туралы шешімдер қабылдау туралы бірлескен хаттама қабылданды.

- 2015 жылғы 5 қазанда бішкекте ҚырғР экономика министрі О.Панкратовпен ҚР Индустрия және сауда вице-министрі Ж.Айтжанованың кездесуі болып, Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде Қазақстан Республикасының міндеттемелерін Еуразиялық экономикалық одақтың шарттық-құқықтық базасына имплементациялау туралы мәселелер талқыланды.

- 2015 жылғы 27 қарашада ҚР Жамбыл облысының Қордау кентінде ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Д.Ерғожин ҚырғР Мемлекеттік салық қызметінің Төрағасы З.Осмоновпен және Мемлекеттік кеден қызметінің Төрағасы А.Жунусовпен кездесіп, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі бірлескен жұмысты жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылады.

2015 жылғы 25 желтоқсанда Бішкекте ҚырғР Премьер-Министрі Т.Сариевтің ҚР МКК Төрағасы Д.Ерғожинмен, ҚырғР МСҚ Төрағасы З.Осмоновпен және МКҚ Төрағасы А.Жунусовпен кездесуі болып, олар Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруіне байланысты екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың проблемаларын бірлесіп шұғыл шешу мәселелерін талқылады.

2018 жылы екіжақты келіссөз процесінің жоғары оң нәтижелерінің бірі – 2018 жылғы 17 тамызда Астана қаласында Қазақстандық-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің (ҮАК) 7-ші отырысы шеңберінде өткен ҚР Премьер-министрі Б.Сағынтаев пен ҚырғР Премьер-Министрі М.Абылгазиев арасындағы кездесу болды. Қол жеткізілген уағдаластықтар қорытындысы бойынша және ҮАК-тің қол қойылған Хаттамасына сәйкес жыл ішінде қазақстандық тарап қырғыз тарапымен ынтымақтастықты барлық деңгейде жанжандырған.

Атап айтқанда, 2018 жылғы 19 ақпанда Бішкекте ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ҚырғР Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік комитетімен кездесуі өтіп, оның қорытындысы бойынша тараптар қазақстандық өнімдерді («Eurocopter» тікұшақтары, армия дулығалары, бронды сауыттар) қырғыз тарапына жеткізу туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.

- 2018 жылғы 21 маусымда Бішкекте қазақстандық және қырғыз ірі компанияларының қатысуымен өткен ІТ форум шеңберінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.Жұмағалиевтің ҚырғР вице-премьер-министрі З.Аскаровпен кездесуі өтіп, оның қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы төрт меморандумға қол қойылды.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 8.11.2016, 13:37