Eкіжақты қарым-қатынастар

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 15 қазанда орнатылды.

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Нұрпейісов Қайрат Айтмұхамбетұлы (2019 жылғы 26 тамыздан бастап).

Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Кулубаев Жээнбек Молдаканович (2018 жылғы 10 қазаннан бастап).

Екіжақты ынтымақтастық 1997 жылғы 8 сәуірде қол қойылған Мәңгілік достық туралы Шартқа және 2003 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған Одақтастық қатынастар туралы Шартқа сәйкес дамып келеді.

2012 жылғы 22 тамызда ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Жоғарғы Мемлекетаралық Кеңестің (ЖМАК) үшінші отырысы өткізілді.

2014 жылғы 7 қарашада Қырғызстан Республикасының Президенті А.Атамбаевтың мемлекеттік сапары өтті. Сапар барысында Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасының Жоғарғы Мемлекетаралық Кеңесінің төртінші отырысы өтті.

2017 жылғы 25 желтоқсанда Қырғыз Республикасының Президенті С.Ш.Жээнбеков Қазақстан Республикасында ресми сапармен болды. Сапар барысында екі елдің ЕАЭО шеңберінде екіжақты өзара іс-қимылы және ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Сапардың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қазақстандық-қырғыз мемлекеттік шекарасын демаркациялау және екі елдің үкіметтері арасындағы қазақстандық-қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге қол қойылды.

2018 жылғы 15 наурызда Қырғыз Республикасының Президенті С.Жээнбеков Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алғашқы консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға аттанды. Саммиттің шегінде Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Президенттерінің кездесуі өтті. Сондай-ақ, Қырғыз Республикасының Президенті Қазақстан астанасының 20 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты.

2018 жылғы 2-3 қыркүйекте Қазақстантың Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (ТМЫК) мемлекет басшыларының саммитіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барып, III дүниежүзілік көшпелі ойындардың ашылу салтанатына қатысты.

2019 жылғы 13-14 маусымда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің басшылары кеңесінің жұмысына қатысу үшін Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды. 

Қазақстан Қырғыз Республикасының ірі сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестерінің бірі болып табылады.

Өзара саудада оң серпін байқалады. Қазақстандық статистика мәліметтері бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 2018 жылы 865,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% - ға жоғары. Қырғызстанға экспорт 634,9 млн. АҚШ долл., импорт – 230,4 млн. АҚШ құраған.

Қазақстанның Қырғызстанға экспорттың негізі тауарлары: мұнай өнімдері, цемент, тас көмір, лигерленген болат прокаты, жеңіл автомобильдер, темекі бұымдары, астық, күнбағыс майы, минералды және газдалған су, кондитерлік бұйымдар, әйелдер мен балаларға арналған гигиеналық заттар болып табылады.

Қырғызстанна Қазақстанға импорттың  негізі: бағалы металдардың кендері мен концентраттары, сүт, ұн және кондитерлік өнімдер, тегісшыны,  пластмасса ыдыстар, алкоголь өнімдері, киім-кешек пен аяқ киім болып табылады.

Екі жақты қатынастарды тереңдету және кеңейту мақсатында Қазақстандық-қырғыз Үкіметаралық кеңесі (ҮАК) жұмыс істейді.

2018 жылғы 17 тамызда Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың және ҚырғР Премьер-Министрі М.Абылгазиевтың төрағалығымен  Үкіметаралық кеңестің 7-ші отырысы өтті.

2019 жылғы 12 шілдеде Бішкекте ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің   және ҚырғР Премьер-Министрі М.Абылгазиевтың төрағалығымен  ҮАК-тің  8-ші отырысы болды.

Қазақстан-қырғыз мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы да жемісті дамып келеді. Екі елдің зиялы қауымы мен жұртшылығының қатысуы арқылы көрмелер, халықаралық ғылыми симпозиумдар, «дөңгелек үстелдер», поэтикалық кештер мен семинарлар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. 

Жыл сайын баламалы негізде бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша студенттермен алмасу жүзеге асырылады (5 адам). Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасының әртүрлі университеттерінде 2000-ға жуық қазақстандық студент білім алуда.

2012 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев Қырғызстан Республикасының оңтүстігі мен солтүстігінде әрқайсысы 500 орындық екі заманауи жалпы білім беретін мектеп салу туралы шешім қабылдады. Бірінші мектептің ашылуы 2015 жылдың 20 наурызында Бішкек қаласында өтті. 2016 жылдың 1 қыркүйегінде Ош қаласында дарынды балаларға арналған «Жетіген» атты екінші мектеп-лицейі ашылды.

2012 жылдың тамыз айында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапары аясында «Қазақстанның Қырғызстандағы Мәдениеті күндері» болды. 

2017 жылдың 20-28 тамызында Қазақстанда көкпардан 1-ші Әлем Чемпионаты өтіп, Қырғызстан командасы 2-ші орын алды.

2018 жылдың сәуір айында Астанада қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті.

          2018 жылғы 2-8 қыркүйекте Шолпан-ата қаласында Қазақстан құрамасы ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысып, жалпы командалық екінші орынды иеленді

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 8.11.2016, 13:40