Елші

БАҚАЕВ Әлібек Әсетұлы

1981 жылы 9 ақпанда Алматы қаласында туылған.

Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетін синхронды-аудармашы мамандығы бойынша (2002 ж.), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистартурасын саясаттану мамандығы бойынша үздік тәмамдаған (2011 ж.).

2001 жылы - Рупрехт және Карл атындағы Гейдельберг университетінің тыңдаушысы, 2011 жылы – Дьюк университеті Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебінің тыңдаушысы (Мемлекеттік саясат және басқару саласындағы жоғары лауазымды тұлғаларға арналған бағдарлама).

Дипломатиялық қызметін ҚР Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде 2004 жылы Еуропа және Америка департаментінің референті болып бастады.

2004 жылы Қазақстанның Германиядағы Елшілігіне атташе болып жолданды.

2008 жылы ҚР Ұлттық экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне Халықаралық мәселелер бойынша кеңесші, кейіннен Протокол жеткешісі болды.

2009-2012 жылдар аралығында ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің және Халықаралық қатынастар департаментінің директоры.

2012 жылы мамыр айында ҚР СІМ Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің Азиялық үнқатысулар форумы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2013-2015 жылдары ҚР СІМ Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР СІМ Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің директоры қызметін атқарды.

Неміс және ағылшын тілдерін біледі.

Үйленген, үш баласы бар.

Қосылған : 31.05.2017, 09:00, Өзгертілген : 31.05.2017, 09:00