Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі қызметіне ресми түрде кірісті

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлібек Бақаевтың Федералдық Президент Ули Маурерге сенім грамоталарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

Салтанатты кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы достық қатынастар дамуының жоғары деңгейін атап өтіп, алдағы уақытта жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін, соның ішінде келешектегі екіжақты жоғарғы деңгейдегі іс-сапарларды және 2019 жылғы 28 қазанда Берн қаласында өтетін Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысын талқылады.

Қосылған : 24.10.2019, 15:15, Өзгертілген : 24.10.2019, 15:15