Қазақстанның Елшісі Швейцариядағы қазақ диаспорасымен дөңгелек үстел өткізді

Елшілік Швейцарияның Цюрих, Люцерн, Во және Вале кантондарында оқитын қазақстандық студенттер, тұрақты негізде тұратын Қазақстан азаматтары және қазақ диаспорасының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барысында Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Әлібек Бақаев басқосуға қатысушыларға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына жолдауларының іске асырылуы барысы, қазақ-швейцар ынтымақтастығы жағдайы мен даму перспективалары, еліміздің шетелдегі қазақстандықтардың және қандастарымыздың мүдделері мен құқықтарын қорғау бойынша жүзеге асырылудағы іс-қимылдар, соның ішінде «Отандастар» Қорының қызметі туралы баяндады.

Кездесуде орын алған пікір алмасу барысында Елшілік пен диаспораның келешектегі бірлескен мәдени және спорттық іс-шаралар кестесі талқыланды.

Қосылған : 28.10.2019, 09:00, Өзгертілген : 28.10.2019, 09:00