Қазақстан Елшісі Switzerland Travel Mart жәрмеңкесіне қатысты

ЛЮЦЕРН, 2019 жылғы 21 қазан - Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Әлібек Бақаев әлемнің 50 елінің 470-ге жуық туроператорлары мен бұқаралық ақпарат құралдарын жинаған Switzerland Travel Mart -2019 халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысты. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы мен Швейцария туризм агенттігі тәжірибелік ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Туризм саласындағы ынтымақтастық мәселелері 28 қазанда Бернде өтетін Сауда-экономикалық ынтымақтастық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысында талқыланатын болады.

Қосылған : 21.10.2019, 16:00, Өзгертілген : 21.10.2019, 16:00