Апостильдеу

Қазақстан Республикасының мекемелері берген құжаттарды

«APOSTILLE» мөрімен растау жөніндегі

АҚПАРАТ


Қазақстан легализацияны жою жөніндегі 1961 жылғы 5 қазандағы

Гаага конвенциясының мүшесі болып табылады.


Аталған Конвенцияның талаптарына сәйкес, Қазақстанның әртүрлі мекемелері мен ведомстволары ресімдеген барлық құжаттар Швейцария Конфедерациясының аумағында танылу үшін қазақстандық құзыретті органдарда «APOSTILLE» мөрімен расталуы қажет.

Қазақстандық құжаттарға «APOSTILLE» мөрін қою үшін аумақтық қатыстылығы бойынша жақын жердегі консулдық мекемеге жеке өтініш жасап, келесі құжаттарды үш данадағы көшірмесімен бірге тапсыру қажет.


  1. Байланыс мағлұматтарын қамтитын еркін үлгідегі өтініш – 2 данада;
  2. Өтініш беруші паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесі - 2 данада;
  3. Өтініш берушінің тегі, аты немесе әкесінің аты өзгерген жағдайда оның ТАӘ ауысуын растайтын құжаттын куәландырылған көшірмесі (апостильмен және қазақ немесе орыс тіліне аудармасымен бірге) - 2 данада;
  4. Консулдық бөлімнің шотына аударылған 35 Швейцария франкін құрайтын консулдық алымының түбіртегі (Kontoauszug).


Консулдық төлем жасауға арналған реквизиттер:


Ambassade de la Republique of Kazakhstan 


3006, Bern, Melchenbühlweg, 79. 


Account No. : 235-255688.02M


IBAN: CH20 0023 5235 2556 8802 M


BIC: UBSWCHZH80A


(Postkonto: 80-2-2)


Төлем жасау кезінде зейін қойыңыздар – консулдық алым кері қайтарылмайды (ҚР Салық кодексінің 101-бабы).

Апостиль мөрін қою үшін Қазақстан Республикасына жолданған құжаттарды өңдеу мерзімі орта шамамен 3 айды құрайды.


Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мен сәрсенбі күндерінен басқа сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін жүзеге асырылады.


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Қосылған : 1.09.2019, 17:05, Өзгертілген : 1.11.2019, 11:30