Құжаттарды талап ету

Назар аударыңыз! 2017 жылы 25 желтоқсандағы № 120-VI Салық кодексінің 101-бабына сәйкес, консулдық алымдардың төленген сомалары қайтаруға жатпайды.


Құжаттарды талап ету үшін өтініш білдіруші Консулдық бөлімге келесі құжаттарды тапсыруы керек:

  1. Еркін түрде жазылған өтініш – 2 данада;
  2. Төменде берілген нысан бойынша сауалнама – 3 данада;
  3. Өтініш берушінің паспорты/ жеке куәліктің көшірмесі – 2 данада;
  4. Талап етілетін құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда) - 2 данада;
  5. Өтініш берушінің тегі, аты немесе әкесінің аты өзгерген жағдайда оның ТАӘ ауысуын растайтын құжаттын куәландырылған көшірмесі (апостильмен және қазақ немесе орыс тіліне аудармасымен бірге) - 2 данада;
  6. Консулдық бөлімнің шотына аударылған 30 Швейцария франкін құрайтын консулдық алымының түбіртегі (Kontoauszug).


Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мен сәрсенбі күндерінен басқа сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін жүзеге асырылады.


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.


Консулдық төлем жасауға арналған реквизиттер:


Ambassade de la Republique of Kazakhstan 


3006, Bern, Melchenbühlweg, 79. 


Account No. : 235-255688.02M


IBAN: CH20 0023 5235 2556 8802 M


BIC: UBSWCHZH80A


(Postkonto: 80-2-2)


Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету тәртiбi

1. Шет елдерде тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар олардың тұрақты мекенi немесе азаматтығы бар елдегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерiне өтiнiш беру жолымен Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап етедi.

2. Шет елдерде тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардан Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерi мен консулдық мекемелерiне келiп түскен құжаттарды талап ету туралы өтiнiштер дипломатиялық поштамен Сыртқы iстер министрлiгiне жiберiледi. Сонымен бiрге талап етiлген әрбiр құжатқа үш данадан белгiленген үлгiдегi сауалнама қоса берiлуi керек. Сауалнаманың көшiрме нұсқасы шетелдiк мекемелердiң iс қағаздарында қалады.

3. Талап ету жөнiндегi жеке тұлғалардың мынадай өтiнiштерi қанағаттандырылуға жатпайды:

а) Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiгi, егер олар арызданушыға емес, басқа тұләаларға ресiмделсе;

ә) Егер неке бұзылған болса, неке құру туралы куәлiгi (тиiстi анықтама берілуi мүмкiн);

б) қайтыс болғандардың туу туралы куәлiгi.

Қайтыс болғаны туралы куәлiктердi марқұмның туыстары немесе заңды тұлғалар ресми мақсаттарда талап ете алады.

16 жасқа дейiнгi балаларға туу туралы куәлiктердi әке-шешелерi, асырап алушылары, қамқоршылары мен кәмелетке толмағандарды тәрбиелейтiн балалар мекемелерiнiң әкiмшiлiктерi талап ете алады.

4. Шет елдердегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерi мен консулдық қызметтерiнiң, сондай-ақ шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық қызметтерiнiң сұрауларын орындай отырып, Сыртқы iстер министрлiгi әрбiр талап етiлген құжаттарға арналған белгiленген үлгiдегi сауалнаманың екi данасын АХАЖ органдарына, мұрағаттық мекемелерге және тиiстi ұйымдарға жiбередi.

5. Олардың құзырына жататын қазақстандық мекемелер мен мемлекеттiк мұрағаттарға тiкелей келiп түскен Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлалардың арыздары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес орындалады.

6. Шетел мемлекеттерiнiң ресми құжаттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте заңдастырылады.

Қазақстан Республикасының шет елдердегi өкілдiктерi мен консулдық мекемелерi тiкелей Сыртқы iстер министрлiгi арқылы талап ету тәртiбiнде келiп түскен шетелдiк ресми құжаттарын заңдастыру талабын жоятын Конвенцияның қатысушысы болып табылмайтын елдердiң құжаттарын заңдастырады және оларды белгiленген тәртiппен арызданушыларға бередi.








нысан


Құжаттарды талап ету жөнiндегi

САУАЛНАМА


Әр құжат жеке-жеке 3 данада толтырылады.

Сұрақтарға жауаптарды қол жазуымен немесе баспа әрпiмен түсiнiктi жазып, толық және нақты беру керек


СҰРАҚТАР мен ЖАУАПТАР

1. Құжаты талап етілетiн тұлғаның фамилиясы,  аты-жөнi, әкесiнiң аты (Шет елдерде мемлекеттiк немесе орыс және шет тiлiнде  фамилиясы қалай жазылғанын көрсетiңiз, егер фамилиясы өзгерген болса, онда барлығын көрсетіңiз);

2. Аталған тұлғаның туған жерiн, жылын, айын, күнiн (Облысын, ауданын, қаласын, ауылын, қыстағын көрсетіңіз)

3. Жынысы

4. Аталған тұлғаның азаматтығы (егер  азаматтығы өзгерген болса, онда барлығын көрсетіңіз)

5. Ұлты

6. Қандай құжаттар талап етiледi:

а) егер туу, неке, ажырасқаны, қайтыс болғаны туралы және с.с. құжат талап етiлсе, онда туылғаны, некесi, ажырасқаны, қайтыс болғаны және с.с. тiркелген нақты орны мен уақытын, сондай-ақ туу туралы құжат талап ету кезiнде ата-анасының фамилиясын, аты-жөнiн, әкесiнiң атын көрсетiңiз

б) егер бiлiмi туралы құжат талап етiлсе, онда оқу орнының аты мен мекен-жайын, түскен және оны бiтiрген күнiңiздi,  сұратып алдыру құжатының сериясы мен  номерiн көрсетіңіз;

в) егер жұмыс стажы туралы құжат талап  етiлсе, онда оқу кәсiпорны мен мекемесiнiң атауын және мекен-жайын; жұмыс уақыты мен кiм болып iстегеніңіздi көрсетiңiз;

Егер жеке тұлғалардың қарамағында жұмыс iстеген болсаңыз,  онда жұмыс берушінiң фамилиясын, аты-жөнiн, әкесiнiң атын және мекен-жайын көрсетіңіз;

г) егер шет елдерде тағайындалған зейнетақы  туралы құжат талап етiлсе, онда қашан, не үшiн және қандай мекеме зейнетақы тағайындағанын; қандай мекеме және қашан соңғы рет зейнетақы төлегенiн көрсетiңiз.


ЕСКЕРТУ: кәсiпорындардың, мекемелердiң және оқу орындардың атауын мүмкіндігінше шет тілінде бергенiңiз жөн.

7. Құжат қандай мақсат үшін талап етіледі

8. Құжаты талап етiлетiн тұлғаның тұрған жерінiң нақты мекен-жайын көрсетiңiз __________________________________________________________________ Егер сiздiкі емес басқа бiреудiң жеке құжаты талап етiлсе, онда сонымен қатар мынадай келесi - сұрақтарға жауап берiңiз: __________________________________________________________________9. Сiздiң фамилияңыз, аты-жөнiңiз және әкеңiздiң аты

10. Сiздiң туған жерiңiз бен туған жылыңыз

11. Сiздiң азаматтығыңыз

12. Құжаты талап етiлiп отырған тұлғаға сiздiң туыстық қатынасыңыз

13. Сiздiң тұратын жерiңiздiң мекен-жайы

Қосылған : 1.09.2018, 14:25, Өзгертілген : 10.10.2019, 13:00