Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) жеке тұлғамен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:

некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетіледі;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша төменде белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады; 

2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.  

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес консулдық алым мөлшерлемелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетіледі.

Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшасыз түрде екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.


Консулдық төлем жасауға арналған реквизиттер:


Ambassade de la Republique of Kazakhstan 


3006, Bern, Melchenbühlweg, 79.


Account No. : 235-255688.02M


IBAN: CH20 0023 5235 2556 8802 M


BIC: UBSWCHZH80A


(Postkonto: 80-2-2)


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателіктерге байланысты некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде куәлiк берілгенi үшiн тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателіктерге байланысты неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде куәлiк берілгенi үшiн тегін көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мен сәрсенбі күндерінен басқа сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін жүзеге асырылады.


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.


Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:


1) кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың ортақ келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

төменде берілген нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);

45 Швейцария франкін құрайтын консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.


2) сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш; 

некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөніндегі куәландырылған сот шешімінің көшірмесі;

45 Швейцария франкін құрайтын консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.


3) белгіленген тәртіппен сот шешімінің негізінде хабар-ошарсыз кеткен, жүйке ауруынан немесе ақыл-есiнiң кемістiгiнен әрекетке қабілетсіз деп танылған не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

төменде берілген нысан бойынша жұбайын хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекеті шектеулі деп танылған заңдық күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру туралы жұбайының сотталғаны туралы сот үкімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (тұпнұсқасы және көшірмесі);

заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот үкімінің көшірмесі;

неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);

45 Швейцария франкін құрайтын консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.


Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек апостиль қою рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.


Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелді) талаптарына сәйкес келмеуі.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.


Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің атына беріледі.

Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, пошта арқылы жазбаша түрде немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, почта мекенжайы шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қол таңбасы болу керек. 

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.


Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі - 1414, 8 800 080 7777.












нысан



Өтініш 20__ жылғы «___» __________ қабылданды және
 журналда № __________________ тіркелді
 Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу 

20__ жылғы «___»__________ тағайындалды.
 
Қолы __________________



_________________________________
 _________________________________
 
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
 _________________________________
 (
өтініш берушінің аты, әкесінің аты 

(бар болғанда), тегі
 _________________________________ 

мекенжайы:   
     _________________________________
      _________________________________
      тел. №___________________________

_________________________________
 (өтініш берушінің аты, әкесінің аты 

 (бар болғанда), тегі)
 _________________________________ 

мекенжайы:   
     _________________________________
      _________________________________
      тел. №___________________________



Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы 

өтініш








Қосылған : 1.09.2018, 16:00, Өзгертілген : 29.09.2019, 13:00