«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерін жекешелендіру Әмірліктер инвесторлары үшін тартымды мүмкіндіктерді ұсынады

Дубай қаласында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұйымдастыруымен «Nasdaq Dubai» халықаралық қаржы биржасында инвесторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында өңірдегі ірі компаниялар үшін жекешелендіру аясында қазақстандық ұлттық компаниялардың мүмкіндіктері мен инвестициялық тартымдылығы таныстырылды.

Дөңгелек үстел шеңберінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы А.Есімов бірқатар екіжақты кездесулер, атап айтқанда, Дубай инвестициялық корпорациясының (ICD) Атқарушы директоры М.әл-Шейбанимен, Дубай халықаралық қаржы орталығының (DIFC) басқарушысы Исса Казиммен, «DP World» компаниясы Директорлар кеңесінің Төрағасы, Атқарушы директоры Сұлтан Ахмед бен Сүлейммен, «Eitsalat International» компаниясының Атқарушы директоры Хатем Доуидармен, «Yildirim Holding» компаниясының Басқарма төрағасымен өтті.

Сонымен қатар, «Тау-Кен Самұрық» АҚ мен «Yilmaden Holding A.Ş.» арасында металлургиялық кремнийді өндіру жобасын бірлесіп іске асыру туралы Мәміленің негізгі шарттары туралы келісімге (Term Sheet) қол қойылды.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жалпы құны 74 млрд АҚШ долларын құрайтын Қазақстанның ең ірі мемлекеттік активтерін басқарады. Былтыр компаниялар тобы таза табыс көлемін 1,1 млрд теңгеге дейін өсіріп, ІЖӨ-дегі үлесі 6,8%-ы құрады.


Қосылған : 29.03.2019, 11:20, Өзгертілген : 29.03.2019, 14:20