Қазақстан Елшісі «Dubai Investment Park» басшылығымен кездесу өткізді

Қазақстан Елшісі Мадияр Меңілбеков «KAZAKH INVEST» ҰҚ» АҚ өкілдерімен бірге «Dubai Investment Park Development Company» LLC Бас менеджері Омар әл-Месмармен кездесті. Әмірліктер компаниясының басшысы кездесудің өзара сенім атмосферасында өткенін атап өтіп, шетелдік инвесторлар үшін жасалған жағдайлар бірлескен ынтымақтастыққа мүмкіндіктер ашатынын және бірлескен жұмыстың жалғасуы қажет екенін жеткізді. 

«Dubai Investment Park» компаниясы инвестициялық менеджмент пен қаржылық қызметтерге, жылжымайтын мүлікке, мамандандырылған бизнес-парктерге бағытталған кеңауқымды коммерциялық бастамалардың портфельдерін дамытумен және басқарумен айналысатын «Dubai Investments» холдингінің құрамдас бөлігі болып табылады.  Қордың құрамына 70-тен астам компания кіреді. 

Келіссөздер барысында компания басшылығы Қазақстан Республикасындағы ірі қалалардың жанында орналасқан өндірстік аймақтарды басқару бойынша қызметтер ұсынуға, әрі қарай инвестжобаларды іске асыру үшін Шығанақ елдерінен инвесторларды тартуға қызығушылық танытты. 




Қосылған : 26.05.2019, 21:20, Өзгертілген : 26.05.2019, 22:20