ҚР Сыртқы істер министрі Б.Б. Атамқұловтың Абу-Дабидегі Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 46-сессиясына қатысуы туралы

2019 ж. 28 ақпан – 2 наурыз аралығында ҚР Сыртқы істер министрі Б.Б. Атамқұлов ресми қазақстандық делегациясының басшысы ретінде Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 46-сессиясына (бұдан ары – ИЫҰ СІМК) қатысу үшін БАӘ жұмыс сапарымен келді.

Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы ИЫҰ СІМК пленарлық отырысында сөз сөйлеп, жиналғандардың назарын палестиналық проблеманы әділ және жан-жақты шешу және таяушығыстық бейбіт үрдіске қолдау көрсету, Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру қажеттігіне аударды. Сириялық дағдарысқа қатысты Б. Атамқұлов халықаралық қауымдастықтың қабылдап жатқан, соның ішінде 12-ші раунды 2019 жылғы сәуірде Астанада өткізілуі жоспарланған Сирия жөніндегі Астана үрдісінің шеңберінде жалғастырылуының маңыздылығын атап өтті.

ИЫҰ СІМК шеңберінде Б. Атамқұлов ИЫҰ Бас хатшысымен, Кувейт, Сауд Арабиясы, БАӘ, Иордания мен Индонезияның сыртқы істер министрлерімен жекелеген келіссөздер жүргізді.

Көрсетілген мемлекеттермен бұдан бұрын жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсаттарына назар аудара отырып, дәстүрлі достық қатынастарының одан ары дамудың өзекті мәселелерінің тыңғылықты талқылануы орын алды. Бұл ретте, БАӘ Сыртқы істер министрі және халықаралық ынтымақтастығы министрі шейх Абдалла бен Заид Аль Нахаянмен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру үшін әлеуетті белсендердіруді көздейтін ағымдағы жылғы мамырда Абу-Дабиде ҮАК VII-ші кеңесін өткізуге дайындыққа қосымша күш-жігер қабылдау келісілді.

Экономикалық бағытта Министр Б. Атамқұлов әлемдегі ең ірі тәуелсіз әл-ауқат қоры – Абу-Даби инвестициялық агенттігі (ADIA) Басқарушы директорының кеңесшісі, Басқарма мүшесі Халил Фулатимен, «ALDAR» құрылыс компаниясының, әлемдік ең ірі компанияларының тізіміне кіретін «Global 2000» және «Phoenix Global DMCC» басшылығымен, сондай-ақ «Al Nowais Investments» холдингінің басшысымен кездесті.

Қосылған : 2.03.2019, 22:50, Өзгертілген : 2.03.2019, 23:50