Асқар Жұмағалиев Дубайда екіжақты кездесулер өткізді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиев ү.ж. 16-17 қарашада Әмірліктерге сапармен келіп, Дубайда басталған «Dubai Airshow 2019» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. БАӘ Президентінің орынбасары, Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен сұхбаттасып, екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті. 

Сонымен қатар, БАӘ Жоғарғы білім жөніндегі мемлекеттік министрі, Ғарыш агенттігінің төрағасы Ахмед әл-Фаласимен болған келіссөздерде «Байқоңыр» бірлескен ғарыш жобалары талқыланды.

Қосылған : 17.11.2019, 17:30, Өзгертілген : 17.11.2019, 17:30