Жеке мектептер салу жобасы талқыланды

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков «International Community Schools» мектебінің Басқарушы директоры Мұхаммед әш-Шаммамен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанда халықаралық мектеп ашу жобасы талқыланды. 

Мұхаммед әш-Шама ү.ж. 27 қарашада өтетін «Almaty Investment Forum»-ға қатысатынын растап, Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы өкілдерімен келіссөздер өткізу келісілді.

Қосылған : 20.11.2019, 14:50, Өзгертілген : 20.11.2019, 14:50