Әуе тасымалдары қызметі жөніндегі түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация Әбу Дабиде Әмірліктердің бірқатар компанияларымен әуе тасымалдары саласында келіссөздер өткізді. Кездесуге «Fly Dubai», «Emirates Airlines», «Etihad Airways», «Air Astana», «SCAT», Қарағанды және Алматы қалалары әуежайларының өкілдері қатысты.  

Оның қорытындысы бойынша Қазақстанда енгізілген «ашық аспан» режиміне сәйкес екі ел компанияларына «әуе еркіндігінің» бесінші деңгейіне сәйкес әуе тасымалдарын жасауға мүмкіндік беретін құқықтық база жетілдірілді. 

Қосылған : 14.11.2019, 13:45, Өзгертілген : 14.11.2019, 18:25