ҚР Энергетика министрі Біріккен Араб Әмірліктерінде екіжақты кездесулер өткізді

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Әбу Дабиде өткен Халықаралық мұнай-газ конференциясына (ADIPEC ) қатысуы аясында Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Наханмен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасында энергетика саласындағы ынтымақтастық пен ортақ инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайы талқыланды. 

Сондай-ақ, Қ. Бозымбаев өзінің Әмірліктердегі әріптесі Сухейл әл-Мазруимен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар екі елдің энергетика саласындағы әріптестікті арттыру мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар, Атырау облысындағы полиэтилен өндіру зауытын салу жөніндегі жобаны талқылау мақсатында «Borelis» компаниясының Басқарма төрағасы Альфред Штернмен кездесу ұйымдастырылды. 

Қосылған : 12.11.2019, 18:05, Өзгертілген : 12.11.2019, 18:05