Размер шрифта
Цвета сайта

2017 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы мен Жаңа Зеландия арасында дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 25 жыл толады.

Ширек ғасыр ішінде елдеріміз арасындағы достық және ынтымақтастық қатынастары айтарлықтай күшейді. Қазақстан Республикасы мен Жаңа Зеландия екіжақты және көпжақты форматтарда сәтті өзара әрекет жасайды.

Қазақстан мен Жаңа Зеландия жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде, ядролық қарусыздану және таратпау, халықаралық лаңкестік,  заңсыз қару-жарақ және есірткілер айналымы мен климат жөніндегі мәселелер бойынша ортақ ұстанымдарды қолдайды.

Қазақстанның 2050 жылға дейін әлемнің 30 озық елдердің қатарына кіру бойынша өршіл жоспарларының шеңберінде, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше-мемлекеттермен (ЭЫДҰ) жанжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесі Қазақстанның сыртқы экономикалық саяси басымдықтарының бірі ретінде саналады. Осыған орай, Жаңа Зеландияның ЭЫДҰ мүшесі ретінде тәжірибесі Қазақстан үшін үлкен қызығушылық білдіреді.

Астана Веллингтонмен теңдік және өзара сыйластық қағидасы негізінде қатынастардың барлық салалаларында дамуын қолдайды. Географиялық алшақтыққа қарамастан екі ел арасындағы саяси және сауда-экономикалық өзара әрекеттесудің кеңеюіне, әсіресе, технологиялар трансферті мен ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуеті бар.

Осы мақсатта, Қазақстан Жаңа Зеландиямен шарттық-құқықтық базасын дамытуға, саяси серіктестікті қолдауға, экономикалық байланыстарды кеңейтуге және гуманитарлық өзара әрекеттесуге ниет білдіреді.

Қазақстан 2017 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Жаңа Зеландия азаматтары үшін 30 күнге дейін визасыз режим екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімді.

Қазақстанда біздің Жаңа Зеландиямен жылы әрі сенімді серіктестігіміз бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылық мүддесінде екі ел халқының игілігі жолында одан әрі нығаюына сенімді.