Размер шрифта
Цвета сайта

 

2017 жылғы 15 сәуірде Бангкок қаласында Таиланд Королі Ұлы Мәртебелі Маха Вачиралонгкорн Бодинтхратхеппхаяварангкун Қазақстан Республикасының Елшісі Марат Есенбаевты ресми қабылдады.

Кездесу барысында саяси және сауда-экономикалық, оның ішінде туризм, мәдениет және спорт салаларындағы қазақстандық-тай қарым-қатынастарының даму қарқыны талқыланды.

М. Есенбаев Корольге Таиландта қызмет атқарған кезеңі 1998-2000 және 2013-2017 жылдарында көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Таиланд Королі Елшіге екіжақты қарым-қатынастардың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынастардың дамуында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөліне ерекше назар аударды.

«Қазақстан мен Таиланд екі ел арасындағы қатынастарды дамытуда және халықтар арасындағы достықты нығайтуда елеулі прогреске қол жеткізді. Мен Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевты аса құрметтеймін және оның қазақстандық-тай ынтымақтастығының серпінді дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымды білдіремін», – деді Король Рама Х.

Кездесу соңында Таиланд Королі Қазақстан Президентіне ізгі тілектерін жолдады, ал достас Қазақстан халқына игілік пен гүлдену тіледі.