Размер шрифта
Цвета сайта

 

2017 жылғы 15 наурызда Италияда «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ және Қазақстанның Италиядағы Елшілігі ұйымдастырған «ЭКСПО Караван» интерактивті мобильді павильонының роуд-шоуы басталды. Іс-шара Милан және Рим қалаларында 24 наурызға дейін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін еуропалық жұртшылыққа, халықаралық туристер мен шетелдік туристік операторларға ақпараттандыру мақсатында өтеді. .

Келушілер алдағы көрменмен 3D принтер, виртуалды шынды көзілдірік,  жел энергиясы көмегі арқылы құрылғыларды зарядтау, интерактивті сенсорлық экрандар сияқты тағы басқа жаңа технологиялар арқылы таныса алатын болады.