Размер шрифта
Цвета сайта

2017 жылғы 17 ақпанда Астана қаласында Қазақстан мен Словения сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко басқарса, словен тарапынан - Словения Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Дарья Бавдаж Курет ханым болды.

Келіссөздер барысында, 2017 жылғы қыркүйекте 25 жылдығы тойланатын екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан бергі серіктестіктің барлық спекторы талқыланды.

Атап айтқанда, сауда-экономика, денсаулық сақтау, фармацевтика, сауықтыру медицинасы, инновация және жоғары технология, IT, көлік инфрақұрылымы, туризм, сондай-ақ екі-жақты ынтымақтастықтың шарт-құқықтық базасын кеңейту салаларындағы мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар, Еуропалық Одақ, Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігінің басымдықтары, словен жоғары өкілдері мен компанияларының ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысуы және т.б. өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

Сонымен қатар, Д. Бавдаж Куретті Астанаға сапары барысында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов және ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы М. Әшімбаев қабылдады.