Размер шрифта
Цвета сайта

cleft  фото 1/3  cright
 

2016 жылғы 17 наурызда Қазақстан Респуликасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Парламент ассамблеясы миссиясының басшысы Гейр Беккевольд пен ЕҚЫҰ қысқа мерзімді байқаушылардың Арнайы үйлестірушісі  Мариетта Тидеимен кездесті.

Кездесу барысында шетел қонақтары Орталық сайлау комиссиясы мен ҚР мемлекеттік органдарының халықаралық байқаушылармен әрекеттестікке ашықтығы мен тұтас алғанда Қазақстанның алдағы сайлауға дайындық деңгейін жоғары бағалады.

Өз кезегінде сыртқы саясат ведомствосының басшысы сайлау өткізудің жалпы саяси түпмәтіні мен аталған миссия жұмысының сапалы және мазмұнды дайындығын баяндады.

Е. Ыдырысов қонақтарды Бес институционалдық реформалары мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Қазақстанда болған маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістермен хабардар етті. Ол мемлекеттік пен қоғамдық құрылымдардың ашықтығын арттыру бойынша кешенді жұмысты ерекше атап өтті, бұл өз кезегінде елдегі демократиялық институттардың нығаюы мен электоралды үдерістің айқындығы үшін қолайлы жағдайды тудырады.

Министр сайлау алдындағы науқан шеңберінде саяси партиялар қазақстандық қоғамның назарына мемлекеттің алдағы даму ұсыныстарын атап өтті. Бұл саналы сайлауға мүмкіндік беріп, қоғамдық пікірсайыс пен пікірталасты жандандырды.

«Қазақстан алдағы парламенттік сайлаулар қалай өтетініне ерекше мән береді. Біз жоғарғы демократиялық стандарттарға сәйкес сайлауларды ұйымдастыру арқылы қоғамның 100% сенімін қамтамасыз етуге ниеттіміз», – деді Е. Ыдырысов.

М. Тидеи Қазақстанда өткізілетін экономикалық реформалар мен әлеуметтік дамудың саясатына жағымды баға берді. «Маған Қазақстанның жағымды және сындарлы тәсілдемелері әсер етті», – деп, ЕҚЫҰ ПА қысқа мерзімді байқаушылардың Арнайы үйлестірушісі, сонымен қатар, Италия парламентінің депутаты атап өтті.

ЕҚЫҰ ПА миссиясының басшысы, норвегиялық парламентші Г.Й. Беккевольд сайлауларды бақылауға арналған дер кездегі шақыру мен миссияда жұмыс жасауға ең жоғары қолайлы жағдай жасағаны үшін қазақстандық тарапқа алғысын білдірді.

Сұхбаттың аяқталуында тараптар тығыз және сындарлы қарым-қатынасқа дайындықтарын растады.

Анықтама: ЕҚЫҰ ПА 76 делегаттарды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының сайлауларын бақылауға жолдады. Бұл біздің еліміздегі сайлау кампаниялары бойынша ЕҚЫҰ ПА бақылауының тарихындағы ең ірі миссия болып табылады.