Размер шрифта
Цвета сайта
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН
ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ ЖҮЛДЕСІНЕ
«ҚАЗАҚСТАН ШЕТЕЛДІК БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ КӨЗІМЕН» АТТЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ БАЙҚАУ
 
 
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанның өмірі, мәдениеті, салт-дәстүрі және қазіргі заманға сай дамуының трендін ерекше айқындап, объективті жарықтандырған авторлар арасында
 
1. Байқау мақсаты
Шетелдік БАҚ-тарда авторлардың Қазақстан туралы аса таңдаулы және объективті журналистік репортаждар, очерктер, сюжеттер және талдамалы-сараптамалық материалдарын марапаттау. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын жарықтандыратын шетелдік БАҚ және авторлардың жұмыстарын кәсіби сапалы жасауын дамытуда қолғабыс ету.
 
2. Байқаудың қисындылығы
Байқаудың өткізілуі - Қазақстанда жұмыс жасайтын немесе өзекті оқиғаларды және ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларды жарықтандыру мақсатында мемлекетімізге қызығушылық танытқан шетелдік журналистер мен БАҚ-тар үшін аса қолайлы жағдай қалыптастыруда мүмкіндік тудыртады.
 
3. Байқаудың мақсаты
Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында қазіргі Қазақстанның экономикасы, өмірінің стилі, мәдениеті, өнері және алуан түрлілігі туралы айқын, сапалы және объективті материалдар тудыру мен таратуда қолғабыс көрсету.
 
4. Ұйымдастыру комитеті
Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізеді (әрі қарай - Ұйымдкомитеті).
Ұйымдкомитетінің құрамына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің Төрағасы (әрі қарай – ҚР СІМ ХАК), Қазақстан журналистер Одағы басқармасының Төрағасы кіреді.
Байқау жұмыстарының қорытынды сараптамасын Қазылар алқасының мүшелері шығарады.
Қазылар алқасының құрамына:
- ҚР Сыртқы істер министрі Ыдырысов Ерлан Әбілфайызұлы;
- Қазақстан журналистері Одағының Төрағасы Матаев Сейтқазы Бейсенғазыұлы;
- ҚР СІМ ХАК Төрағасы Василенко Роман Юрьевич.
 
5. Байқаудың жүлделері
Әр аймақтың байқау жеңімпаздарына тиісті дипломдар тапсырылады және «эконом» кластағы әуе көлігімен ұшу, «люкс» кластағы отельдерде тұру, ауқымды мәдени бағдарламалар және әріптестермен кездесуді қамтамасыз ететін Астана, Алматы қалалары және «Бурабай» шипажайына сапарлар ұйымдастырылады.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне халықаралық БАҚ-тарда еліміз туралы сапалы, кәсіби және объективті жарықтандыруға мақсатталған шетелдік кәсіби журналистерді кәсіби пулдармен ұзақ мерзімді байланыстар мен ынтымақтастықты орнатуға жаңа мүмкіндіктер тудыртатын, Қазақстанның ресми тұлғалары, ғалымдар, сарапшылар мен тілшілер, ғылым мен мәдениет қайраткерлерімен кездесу ұйымдастыру қамтылады.
 
6. Байқаудың демеушілері
Демеушілер ретінде ресейлік әуе компаниясы «Трансаэро», «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ, Алматы қаласында 2022 жылы Олимпиада ойындарын өткізу бойынша Мәлімдеуші комитеті, Астана қаласындағы «HiltonGardenInn»қонақ үйі, Щучинск қаласындағы (Бурабай) «RixosBorovoe» қонақ үйі, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында жеңімпаздар тобын тасымалдау үшін көлікпен қамтамасыз етуде «Арғымақ» транспорттық компаниясы болып табылады.
 
7. Байқаудын тақырыптық бағыттары
Қатысушылардың санын көбірек тарттыру және байқау рәсімдерін ашықтығы мен және әділділігін сақтау мақсатында байқау келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
         Экономика және сауда
         Мәдениет пен салт-дәстүрлер
         Тарихы
         Туризм
         Социум (адами өлшем).
 
8. Байқаудың географиясы
Байқаудың географиясы 5 аймақты қамтиды:
-       Оңтүстік және Солтүстік Америка
-       Еуропа
-       ТМД
-       Таяу және Орта Шығыс
-       Азия + Аустралия және Мұхит елдері.
Көрсетілген аймақтардың әрқайсысынан бір жеңімпаз анықталады.
 
9. Байқауды өткізудің тәртібі
Байқауға қатысу үшін байқау материалын шетелдік БАҚ-тарда 2015 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығы кезеңінде жариялау қажет.
2015 жылдың 25 маусымына дейін Ұйымдкомитеті әр номинация бойынша барлық жұмыстар алуы қажет.
Барлық жұмыстар contest@mfa.kzэлектрондық поштасына жолдануы керек:
-       PDFформатындағы файл,
-       Жарияланым тілі: ағылшын және орыс,
-       Мақаланың көлемі: 1500 сөзден аспауы керек.
2015 жылдың 5 және 28 маусым аралығында барлық номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтау үдерісі жүргізіліп, Ұйымдкомитеті қорытындысы бойынша Қазылар алқасы мүшелеріне үздік жұмыстарды табыстайды, ал Қазылар алқасының мүшелері 10-баллдық шкаламен көрсетілетін балдарын қою арқылы әр номинация бойынша үздік жұмыстарды анықтайды.
Байқау жеңімпаздарын анықтау қорытындысы бойынша Қазақстанға сапар алдында әр қатысушы тұрғылықты еліне оралғаннан кейін Қазақстан туралы мақаланы жариялаймын деген кепілдеме хатына қол қоюы тиіс.
 
10. Жеңімпаздарды марапаттау іс-шаралары
Барлық номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттау іс-шараларышамамен шілде айы ішінде басталады.
Іс-шаралар шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан журналистер Одағының басшылығының қатысуымен кездесулер, Астана, Алматы қалалары және «Бурабай» шипажайында ауқымды мәдени бағдарлама ұйымдастырылады.
Байқаудың қорытындысы бойынша үздік мақалалар автордың рұқсаты бойынша Қазнеттің аса танымал ақпараттық интернет сайттарында, сондай-ақ Қазақстанның бір баспасөз БАҚ-та жарияланады.
 
Байқау жеңімпазының Астана қаласында сапары шеңберінде елорданың ірі мәдени-тарихи және туристік көрікті жерлеріне бару, «Астана Опера» опера және балет театрына экскурсия жасау және бір театрлық көріністі тамашалау, сонымен қатар KazEOSat-1, KazEOSat-2 қазақстандық спутниктердің ұшуын басқару орталығы жұмысын демонстрациялауды көруді қамтитын Ұлттық Космос орталығына бару сияқты іс-шаралардың ұйымдастырылуы жоспарланған.
Алматыда қаланың ірі мәдени-тарихи және туристік келбетті жерлері мен «Үлкен Алматы көліне» бару, мейрамханада кешкі ас және т.б. шаралардың ұйымдастырылуы жоспарланған.
 
11. Байқаудың қатысушылары
Байқаудың қатысушылары - шетелдік баспасөз, электрондық және онлайн БАҚ-тардан өкілдік ететін жеке тұлғалар, БАҚ-тың штаттық және штаттан тыс қызметкерлері бола алады.

 

 

 
Әріптестер:
 
Gerb                   transaero            almaty 2022-candidate logo

Демеушілер:
                     Hilton                       Rixos


                  TemirZHoli                      Argamak