Размер шрифта
Цвета сайта

 

ҚР Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі СІМ) «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР   2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңының 8,9 баптарына  және «Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №447 қаулысына сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды.

СІМ 2016 жылғы 26 қаңтардан 6 ақпанға (қоса алғанда) дейін Жұмыс тобы құрамына ұсынылатын үміткерлер бойынша коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарын жазбаша түрде қабылдайды.

Ұсынысын жолдаған әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана үміткерді ұсына алады.

Жұмыс тобы құрамына азаматтық қоғамнан ұсынылған үміткерлерге «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады. Үміткерлерді іріктеу кезінде сыртқы саясат және гуманитарлық ғылымдар саласында ең көп жұмыс тәжірибесі бар, сонымен қатар шетел тілдерін білетін адамдарға айрықша құқық беріледі.

Құжаттарды қабылдау (азаматтардың өтініші немесе коммерциялық емес ұйымдардың ұсынысы, үміткер өмірбаянының деректері, коммерциялық емес ұйымның әділет органдарында тіркелуі туралы құжаттың көшірмесі) көрсетілген мерзімде күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзілісімен, сенбі және жексенбі күндерін есептемегенде, сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін, келесі мекен-жай бойынша жүргізіледі:

010000, Астана қаласы

Д.Қонаев к-сі, 31-үй, 266-каб.

телефон (8-7172) 72-03-46

email: d.kurmasheva@mfa.kz