Размер шрифта
Цвета сайта

 

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

С-1 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-3,
C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-3, C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) А-2, В-3, С-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес; 5) мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының аға басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында аға офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейдегі немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес; 6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;* 7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-3,
C-2, C-O-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.*

С-2 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе
А-3, B-3, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) А-3, В-3, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес; 4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының аға басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында аға офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейдегі немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес; 6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес;* 7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.*

С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4,
С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) А-4, В-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес; 5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейдегі немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес; 6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;* 7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 8) ғылыми дәрежесінің болуы.*

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) В-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейдегі немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;* 7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 8) ғылыми дәрежесінің болуы.*

 

* Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады.

 

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-1

289629

391105

С-2

204041

275664

С-3

154071

208205

С-4

138248

186551

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, 010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 72-04-48, факс: 720298, электрондық пошта: k.oken@mfa.gov.kz, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға осы мемлекеттік органның қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

1. Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары (С–2 санаты) - (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Азиялық диалог форумдары басқармасының қызметіне басшылық жасау, басшы мен қызметкерлер арасында лауазымдық міндеттерді үйлестіру; елдің ресми ұстанымын айқындау барысында, жалпыазиялық (АӨСШК, АЫД, Азиялық Парламенттік Ассамблеясы, Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясы, Азия-Еуропа Форумы, Азия таяу шығыс диалогы), кіші өңірлік азиялық диалог форумдары және алаңдарымен (ОАЖД, КРОАФ, АСЕАН-ның қауіпсіздік бойынша өңірлік форумы) проблемалық және перспективалық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; азиялық құрылымдар шеңберінде ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне басшылық ету; жалпыазиялық ынтымақтастық мәселелері бойынша ақпараттық және талдамалық құжаттар даярлау; құрылымдардың желісі бойынша халықаралық келісім шарттардың даярлануы мен іске асырылуын бақылау; құрылымдардың желісі бойынша Қазақстан мен шет елде ұйымдастырылатын халықаралық іс-шараларды әзірлеу мен өткізу және олардың жұмысына қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

 

2. Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары (С–2 санаты) - (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Департамент құзыретіндегі консулдық іс-шараларға қатысты саяси талдау жасау және шетелдерде бекітілген саясатқа байланысты жұмыстар жүргізу; ҚР Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, Сыртқы істер министрлігі басшылығының тапсырмаларына сәйкес өз құзыреті шеңберінде ҚР сыртқы саясатын іске асыру; Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша ҚР аумағындағы шетелдік елшіліктер және консулдық өкілдіктермен министрлік атынан байланысу; жетекшілік ететін елдердегі ҚР елшіліктері мен ҚР-дағы шетелдік дипломаттық өкілдіктермен байланысу; ТМД, Еуропа және Америка, Таяу Шығыс және Азия, Африка, сонымен қатар Паспорттық-визалық, Консулдық-құқықтық мәселелер және көші-қон, Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау мен мониторинг жүргізу және сараптау басқармаларының жұмысына жетекшілік ету, құжаттарды мұрағатқа тапсыру жұмысын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

 

3. ТМД департаменті директорының орынбасары  (С–2 санаты) - (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Өтетін халықаралық іс-шараларға ақпараттық-сараптамалық анықтамаларды әзірлеуде және ҚР басшылығының екі жақты және  көп  жақты ынтымақтастық бойынша сұхбат тезистеріне материалдарды ұсынуды басқару; Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдеріндегі ҚР Елшіліктері мен ҚР-дағы ТМД елдерінің шетелдік дипломатиялық өкілдіктерімен, халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР өкілдіктерімен байланысу; сапарларды дайындау мен өткізуге қатысу; үкіметаралық комиссиялардың жұмысын үйлестіру, отырыс хаттамаларын әзірлеу мен уағдаластықтарды жүзеге асыруды қадағалау; жұмыс топтарын құруды қамтамасыз ету; Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдері басқармасының жұмысына жетекшілік ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

 

4. ҚР СІМ Алматы қаласындағы Өкілдігі басшысының орынбасары

(С–2 санаты) - (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Басшы болмаған жағдайда Өкілдіктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмыстарын жалпы басқару және үйлестіру; Өкілдіктің қызметін қамтамасыз ету міселелеріне жауапты. Дипломатиялық корпуспен тұрақты байланыстарды жақтау және олармен өзара іс-қимыл істеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

 

5. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары (С–2 санаты) - (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Министрлікте бухгалтерлік есеп пен есептілікті белгілеу мен жүргізуге тиесілі бухгалтерлік құжаттаманың ережелері мен формаларын белгілейтін қаржылық тәртіптің сақталуын бақылау; есептік қаржылық материалдарды әзiрлеу және өткiзу жөніндегі  жұмыстарды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы немесе әлемдік экономика).

 

6. Еуропа департаменті директорының орынбасары (С–2 санаты) - (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Ақпараттық-анықтамалық және сараптамалық материалдарды әзірлеу; сапарларды дайындау және өткізу; шетелге шығатын ресми делегациялар басшыларын, сондай-ақ келіссөздер барысын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

 

7. Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті Азиялық үнқатысу форумдары басқармасының Басшысы (С-3 санаты) - (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: Басқарма қызметін жалпы басқару мен үйлестіруді жүзеге асыру,  қызметкерлердің лауазымдық міндеттерді үйлестіру, Басқарманың қызмет жобасын әзірлеу; ҚР-ның жалпыазиялық (АӨСШК, АЫД, Азиялық Парламенттік Ассамблеясы, Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясы, Азия-Еуропа Форумы, Азия таяу шығыс диалогы) және кіші өңірлік азиялық диалог форумдарымен (ОАЖД, КРОАФ, АСЕАН-ның қауіпсіздік бойынша өңірлік форумы) ынтымақтастық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; Басшылық еткен құрылымдардың желісі бойынша: халықаралық келісім-шарттарды әзірлеу мен іске асыруды бақылау; ақпараттық-анықтамалық және сараптамалық құжаттар даярлау; Қазақстан мен шет елдерде ұйымдастырылатын халықаралық іс-шараларды әзірлеу мен өткізуге қатысу; басшылардың сұхбаттарын жазу; ҚР мемлекеттік органдарымен өзара әрекеттесу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

 

8. Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті Азиялық үнқатысу форумдары басқармасының кеңесшісі (С-4 санаты) - (1 бірлік)

Функционалды міндеттері: ҚР-ның АЫД және субаймақтық азиялық диалог форумдарымен (ДЦАЯ, ФРКЦА, РФА) ынтымақтастығы мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; жетекшілік ету құрылымдардың желісі бойынша: халықаралық келісім-шарттардың әзірленуін және іске асырылуын бақылау; ақпараттық-анықтамалық және сараптамалық құжаттар даярлау; Қазақстан мен шет елдерде ұйымдастырылатын халықаралық іс-шараларды әзірлеу мен өткізуге қатысу; іс-шараларды өткізу мерзімдерін, қатысушылар құрамын, ұйымдастырушылық-хаттамалық бөлімін келістіру; құжат жобаларын әзірлеуге, қатысушы елдермен мәтіндерді келісуге жәрдемдесу; халықаралық құрылымдардың хатшылықтарына, ҚР-ның шет елдердегі мекемелеріне және Қазақстандағы шет елдік елшіліктерге тиісті деректерді жіберу; басшылардың сұхбаттарын жазу; ҚР мемлекеттік органдарымен өзара әрекеттесу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

 

9. Еуропа департаменті Жалпыеуропалық ынтымақтастық басқармасының Басшысы (С-3 санаты) - (1 б.)

Функционалды міндеттері: Қазақстанның Еуропалық одақ және Еуропа Кеңесі елдерімен көпжақты ынтымақтастық мәселелері; халықаралық іс-шараларға ақпараттық-сараптамалық анықтамаларды әзірлеу және ҚР басшылығының сұхбат тезистеріне материалдарды ұсыну; еуропалық мемлекеттерде саяси және экономикалық жағдайды қадағалау, еуропалық мемлекеттердің саяси және экономикалық дамуы бойынша мәселелер туралы материалдарды әзірлеу, іссапарларды өткізу мен дайындауға бас қосу, ҚР-ЕО Ынтымақтастық Кеңесі мен Комитеті және кіші комитеттерің мәжілістерін әзірлеуді қадағалау, мәжілістің қорытынды құжаттарын әзірлеу және уағдаластықты іске асыру мақсатында қадағалау жүргізу, тиісті тақырыптар бойынша ел басшылардың шешім жобаларын әзірлеу. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша мониторинг жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру.

 

10. Еуропа департаменті Жалпыеуропалық ынтымақтастық басқармасының кеңесшісі (С-3 санаты) - (1 б.)

Функционалды міндеттері: Қазақстанның Еуропа Кеңесімен ынтымақтастық мәселелері; соның ішінде Қазақстан Республикасының Еуропа Кеңесі, Еуропалық Одақ және басқа парламенттік бірлестіктермен парламентаралық ынтымақтастық, Еуропалық Одақтың сыртқы және ішкі саясатының түрлі аспектілері бойынша ақпараттық-сараптамалық анықтамаларды әзірлеу, өз бағыты бойынша өзекті мәселелерге ұсыныстар әзірлеу; «ҚР-ЕО» сот төрелегімен құқықтық тәртіп бойынша кіші комитет өткізу; мемлекет басшыларының, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, СІМ-нің, министерліктер мен ведомстволардың қатысуымен сыртқы саяси іс-шараларды өткізу; Еуропалық Одақтағы ішкі саяси және экономикалық жағдайды қадағалау және талдау жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

 

11. ТМД департаменті ТМД Еуропалық елдері басқармасының екінші хатшысы С-4 санаты (1 б.)

Функционалды міндеттері: Жоғары және биік деңгейдегі  сапарларды қамтамасыз ету;  ҚР мен РФ экономикалық ынтымақтастығы бойынша ұсыныстар беру; ҚР-да тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық  өкілдіктеріне, сондай-ақ ҚР министрліктері мен ведомстволарына ноталар мен хаттар дайындау; ҮАК шеңберінде жұмыс топтарына, комиссияларына және оның кіші комиссияларына  қатысу;  жылу-энергетика кешеніндегі, оның ішінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелері, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта игеру мен пайдалану мәселелері, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері, «Байқоңыр» кешенін пайдалану мәселелері. Қазақстанның индустриалды-инновациялық  бағдарламасын  жүзеге асыруға ықпал  жасау; ақпараттық-анықтамалық және талдау материалдарын әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

 

12. Еуразиялық интеграция департаменті КО және БЭК басқармасының Басшысы С-3 санаты (1 б.)

Функционалды міндеттері: КО және БЭК шеңберіндегі ақпараттық-талдау және анықтамалық материалдарын дайындау, КО және БЭК шеңберінде мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерімен жұмыс жүргізу, КО және БЭК-ке қатысушы мемлекеттер шеңберінде саммиттерді дайындау және өткізу; Мемлекет басшылары мен үкімет басшыларының деңгейіндегі Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырыстарын дайындау, Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің отырыстарын өткізу; қорытынды мағлұматтарын дайындау, КО-ның , БЭК-тың және ЕАЭО жұмыс топтарының құрылуын жүзеге асыру және қатысу. Еуразиялық интеграция туралы ҚР СІМ-нің ұстанымын әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, халықаралық экономика, халықаралық құқық, саясаттану).

 

13. Еуразиялық интеграция департаменті КО және БЭК басқармасының екінші хатшысы С-4 санаты (1 б.)

Функционалды міндеттері: ҚР-дың КО және БЭК шеңберіндегі ынтымақтастығын жүзеге асыру; интеграциялық бірлестіктердің жарғылық ұйымдарымен тұрақты жұмыс байланыста болу; КО және БЭК-ке қатысушы мемлекеттері шеңберінде саммиттерін дайындау және өткізу;  ҚР-да тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық  өкілдіктеріне, ҚР-дың шет елдердегі мекемелеріне, сондай-ақ   ҚР министрліктері мен ведомстволарына интеграциялық үдерістер мәселелері бойынша ноталар мен хаттар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, экономика, құқық, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, халықаралық экономика, халықаралық құқық, саясаттану).

 

14. Министр Хатшылығының басшысы С–3 санаты (1 б.)

Функционалды міндеттері: Министрдің қызметін қамтамасыз ету; Министрдің қатысуымен өткізілетін сапарларға, кездесулерге, мәжілістерге және т.б. материалдарды әзірлеу; СІМ және оның басшылығының практикалық қызметі бойынша ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі, министрліктер және ведомстволармен өзара іс-қимыл істеу, Министрдің тапсырмаларын орындау. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

 

15. Көпжақты ынтымақтастық департаменті Халықаралық қауіпсіздік басқармасының басшысы С-3 санаты (1 б.)

Функционалды міндеттері: Халықаралық қауіпсіздік саласындағы және жаңа қауіп-қатерге қарсы тұру мәселелері бойынша тиісті ақпараттық-сараптамалық материалдарды әзірлеу; ресми сапарларды дайындау және өткізу; Қазақстан Республикасының халықаралық қауіпсіздік саласындағы, қару-жарақты бақылау, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, экспорттық бақылау, есірткіге және терроризмге қарсы тұру жөніндегі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша проблемалық және перспективті сұрақтар бойынша ресми ұстаным даярлауға ұсыныстар енгізу. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

 

16. Халықаралық ақпарат комитеті Имидждік жұмыс басқармасының кеңесшісі С-4 санаты (2 б.)

Функционалды міндеттері: Өзекті тақырып бойынша ақпараттық-имидждік жобалар мен бағдарламаларды іске асыру; ҚР сыртқы және ішкі саясаты туралы ақпаратты тарату мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдар, беделді және ықпалды бұқаралық ақпарат құралдары, талдау орталықтарымен өзара іс-қимыл жасасу; өзекті тақырып бойынша ақпараттық-имидждік іс-шараларды жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде ҚР заңнамасын кемелдендіру бойынша ұсыныстар енгізу; ҚР мемлекеттік органдарына әдістемелік жәрдем көрсету; ҚР-дың оң имиджін күшейтуге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды дайындау; ҚР жетістіктері туралы ақпаратты тарату бойынша отандық және шетелдік БАҚ-тармен жұмыс істеу; жауапты сала мәселелері бойынша талдау материалдарын дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар (жұртшылықпен байланыс, халықаралық қатынастар, халықаралық экономикалық қатынастар, жарнама және маркетинг, халықаралық журналистика, журналистика).

 

17. Халықаралық ақпарат комитеті Имидждік жұмыс басқармасының екінші хатшысы С-4 санаты (1 б.)

Функционалды міндеттері: ҚР оңды имиджін жоғарылату бойынша тұжырымдамалар мен мемлекеттік салалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; елдің жоғары лауазымды тұлғаларының, ведомство мен ұлттық компаниялар, агенттіктер басшыларының шетелдік делегациялармен кездесулерінің нәтижелері бойынша талдау материалдарын дайындау; БАҚ-тармен бірлескен жұмыс бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу; ҚР имиджін нығайту бойынша насихаттық іс-шараларды дайындау; сараптамалық жұмыстарды өткізу бойынша отандық және шетелдік мамандарды тарту арқылы консультацияларды ұйымдастыруға қатысу; басылатын және электрондық БАҚ-тармен жүйелі түрде ынтымақтастық жүргізу; жауапты сала мәселелері бойынша талдау материалдарын дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар (жұртшылықпен байланыс, халықаралық қатынастар, халықаралық экономикалық қатынастар, жарнама және маркетинг, халықаралық журналистика, журналистика).

 

18. Мемлекеттік протокол қызметі Халықаралық іс-шараларды қамтамасыз ету басқармасының кеңесшісі С-4 санаты (1 б.)

Функционалды міндеттері: Мемлекет басшылығының қатысуымен өтетін халықаралық іс-шаралар кестесін дайындауға жауапты; қызметтің тиісті мәселелері бойынша ҚР министрліктері мен ведомстволарымен өзара әрекеттесу мәселелері; халықаралық іс-шараларды дайындауға жауапты; ақпараттық-талдау мәліметтерді және жүргізілген жұмыс бойынша есептерді дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

 

19. Мемлекеттік протокол қызметі Халықаралық іс-шараларды қамтамасыз ету басқармасының екінші хатшысы С-4 санаты (1 б.)

Функционалды міндеттері: Мемлекет басшылығының қатысуымен өтетін халықаралық іс-шараларды дайындау және өткізуге жауапты; заңдық актілерге мониторинг жасау; арнайы рұқсаттардың берілуіне жәрдем жасау; ақпараттық-талдау жұмысы; ресми қонақасылар (таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас) беруді ұйымдастыру мәселелері жүргізілген жұмыс бойынша есептерді дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

 

20. Ақпаратты қорғау басқармасының екінші хатшысы С-4 санаты (1 б.)

Функционалды міндеттері: Министрліктермен және ведомстволармен, сондай-ақ ҚР шетелдердегі мекемелерімен дипломатиялық хат-хабарды белгіленген тәртіппен ресімдеу және жүзеге асыру; вализалық бандеролдер мен сәлемдемелерді буып-түю және ресімдеу; жеткізілетін жөнелтілімдердің шектік нормаларын анықтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

 

21. Шетелдегі мекеменің кеңесші-уәкілі С–1 санаты (2 б.)

Функционалды міндеттері: Шетелдік мекеме басшысының жұмыста болмаған кезеңіңде шетелдік өкілдік қызметіне жалпы басшылық жасау және жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру; Шетелдік мекеме қызметінің бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу; Шетелдік мекеме  іс-шараларын жоспарлау жөнінде ұсыныстар беру; Шетелдік өкілдік басшыларының тапсырмаларын орындауға бақылау жасау; шетелдік мекеменің іс жүзіндегі қызметінің мәселелері бойынша болу мемлекеттің сыртқы істер ведомствосы басшылығымен, дипломатиялық корпуспен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігмен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен, Қазақстан Республикасының министрліктері және ведомстволарымен өзара байланыс жұмыстарын жүзеге асыру; шетелдік өкілдік басшысының тапсырмаларын орындау, ақпараттық талдау материалдарды, саяси есептерді дайындау және өңдеу; протоколдық іс-шараларды ұйымдастыру.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

 

 

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.