Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәлімет

1992 жылғы 12 маусымда - Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасында дипломатиялық қарым - қатынастар орнатылды.

1992 жылғы қазанда – Италия Республикасының Қазақстан Республикасында Елшілігі ашылды (2005 жылғы сәуірден бастап Астана қаласында бар).

1996 жылы - Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігі ашылды.

2012 жылғы маусымда – Қазақстан Республикасының  Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып А.Елемесов тағайындалды.

2014 жылдың тамызынан бастап - С.Раваньян Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады (2015 жылғы 10 желтоқсанда Сенім грамоталарын табыстады).

Саяси қарым-қатынастар

ҚР Президенті Н.Назарбаев Италияға ресми сапармен 1994, 1998, 2003, 2009 жылдары барды. Аталған сапарлардың барысында екіжақты қарым-қатынастардың негізі қаланды. 2009 жылы Мемлекет басшысының сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасының арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісім-шартқа қол қойылды.

1997 жылы Италияның Президенті О.Л.Скальфаро Қазақстанда ресми сапармен болды. Италияның Министрлер Кеңесінің Төрағасы Р.Проди 1997 жылы және 2007 жылы Қазақстанға сапармен келді. 2008 жылы (қысқа мерзімді) және 2010 жылы (ЕҚЫҰ саммиті) Италияның Министрлер Кеңесінің Төрағасы С.Берлусконидің Қазақстанға сапары өтті.

2014 жылдың 12 маусымында Италияның Министрлер Кеңесінін Төрағасы М.Ренци Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.

Италияның Парламентінде және ҚР Парламенті Мәжілісінде парламентаралық достық топтары құрылған. Парламентарилердің арасындағы байланыстардың нығаюына ҚР парламенттік делегацияларының 2007, 2009, және 2010 жылдары Италияға жұмыс сапарлары жәрдемдесті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Ресми деректер бойынша екіжақты тауар айналымы 2013 жылы 16,2 млрд АҚШ долл. құрады, оның ішінде экспорт – 15,2 млрд, импорт – 993 млнАҚШ долл. 2014 жылы бұл көрсеткіш 17,09 млрд АҚШ долл жетті (экспорт – 16,05 млрд, импорт – 1,04 млрд.долл). 2015 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 2,7 млрд АҚШ долл. құрады (экспорт – 2,4 млрд, импорт –303 млн. долл).

Италия бүгінгі күнге дейін ҚР сауда әріптестері елдері арасында үшінші орында тұр: Италияның ҚР жалпы тауар айналымындағы үлес салмағы 2014 жылы 22,0% құрады (Қытай мен Ресейден кейін), ал еуропа елдері ішінде – бірінші орында.

Италия мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту мақсатында экономикалық және өнеркәсіп ынтымақтастығы мен алмасу жөнінде үкіметаралық жұмыс тобы құрылған (ҮЖТ). ҮЖТ соңғы 6 отырысы 2011 жылы Астанада өтті. ҮЖТ-ның 7-отырысы 2015 жылғы 17 ақпанда Римде өтті.

2007 жылы осы күнге дейін жұмыс істеп жатқан Қазақстан-Италия Іскерлік кеңесі құрылды.

Мәдениет-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық

Екі ел арасында тұрақты негізде мәдени іс-шаралар (концерттер, кино және мәдениет күндері, көрмелер және т.б) өткізіліп тұрады.

2013 жылы Қазақстандық халықаралық бизнес университеті (UIB) мен Болон университетінің арасында ынтымақтастық туралы келісім жасады.

2014 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақтың ұлттық өнер академиясы Сильвио Д Амико атындағы Ұлттық драматургиялық өнер академиясымен және Флоренция қаласының Әсем өнерлер академиясымен келісімдер жасады. Астана қаласының Медициналық институты  Римнің «La Sapienza» университетімен студенттер алмасу туралы келісімге қол жеткізді.