Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәліметтер

1992 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

1999 жылғықаңтардаҚазақстанныңИспаниядағыЕлшілігіашылды.

1999 жылғымаусымда ИспанияныңҚазақстандағыЕлшілігіашылды.

2012 жылғықаңтардан бастапҚазақстанның ИспаниядағыТөтеншежәнеӨкілеттіЕлшісіБ.Дүйсенбаевболып табылады.

2015 жылғы шілдеден бастапИспанияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі П.Х.Санс болып табылады.

 Саяси қарым-қатынастар

ИспанияҚазақстанның Еуропадағы басты саяси әріптестерінің бірі және 2009 ж. Қазақстанмен Стратегиялық әріптестік туралы келісім-шарт жасасқан екінші еуропалық ел.

Жоғары деңгейдегі кездесулердің серпіні мен мазмұны екіжақты әріптестіктің ерекше сипатының айғағы. 1994 ж. бастап бірқатар жоғары деңгейдегі сапарлар мен кездесулер өтті.

ҚР Президенті Н.Назарбаев Испаниядасегіз рет сапармен болған. 2013 ж. 5-6 ақпанда Мадридке жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Испания Королі I Хуан Карлоспен және Үкімет Төрағасы М.Рахоймен кездесті.

Қазақстанға Испания басшылығыныңалтыжоғары деңгейлі сапары өткізілді. Испания Королі І Хуан Карлостың Қазақстанға соңғы ресми сапары 2007 ж. өтті.

2013 ж. 30 қыркүйекте Испания Үкіметінің Төрағасы М.Рахой Астанаға ресми сапармен келіп, Президент Н.Назарбаевпен және Премьер-Министр С.Ахметовпен кездесті. Сапар барысында бірқатар ведомствоаралық және сауда келісімдеріне қол қойылды.

 Сауда-экономикалық қарым-қатынастар

Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымы2015 ж. – 1,44 млрд. долл. (экспорт – 1,22 млрд. долл., 220 млн.долл.), 2014 ж. – 2,74 млрд. долл. (экспорт – 2,36 млрд.долл., импорт – 380 млн.долл.),2013 ж. 2,348 млрд. долл. (экспорт1,844 млрд. долл., импорт – 504 млн.долл.) құрады.

2005 ж.-2015 ж. қыркүйек кезеңінде Испаниядан Қазақстанға құйылған тікелей инвестициялардың көлемі 182 млн.долл., ал Қазақстаннан Испанияға құйылған инвестициялардың көлемі 14,1 млн. долл. құрады.

Қазақстанда «Тальго», «Репсол», «Maксам», «Индра», «Эйрбас Милитари», «Телтроник», «Имабе Иберика», «MYPE», «Индитекс», «Eptisa», «TYPSA», «Grupo АGEM», «OHL», «INECO», «IDOM», «Globaltec» сияқты жетекші испан компаниялары табысты жұмыс істеуде.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басты тетіктері Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Испанүкіметаралық комиссиясы (ҮАК) және Қазақстан-Испан Іскерлік кеңесі болып табылады. ҮАК 6-отырысыҚР Ұлттық экономика министрі Е.Досаевтың және Испанияның Сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы Х.Гарсия-Легастың төрағалығымен 2014 ж. 3 қыркүйекте Астанада өтті. Іскерлік кеңестің 3-отырысы 2013 ж. мамырда Мадридте өтті.

 Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық

Екі елдің оқу орындары арасында өзара іс-қимыл дамуда. Абай атындағы ҚазҰПУ мен Комплутенсе университеті (Мадрид), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Кадиса дәне Гранада университеттері, Гумилев атындағы ЕҰУ мен Сан-Пабло университеті араларында ынтымақтастық және студенттермен алмасу туралы келісімдер бар.

2015 ж. наурызда Еуразия ұлттық университетінде Руй Гонсалес де Клавихо атындағы Испан тілі орталығы ашылды.

ҚР СІМ қаржылық қолдауымен «Nexos»Қауымдастығының өкілдері 2014 ж. Қарлагтың тұтқындары болған испандықтар туралы түсірген«Қарағандыда ұмытылғандар» Қазақстан-Испан деректі фильмі 2015 ж. бес әлемдік кинофестивальде үздік деректі фильм болып танылды.