Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 11 ақпан – дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 ж. желтоқсан – Алматы қаласында ГФР Елшілігі ашылды.

1993 ж. қыркүйек – Бонн қаласында ҚР Елшілігі ашылды, 1999 ж. Елшілік Берлин қаласына көшті.

2008 ж. 12 наурыздан 2014 ж. 4 шілде кезеңінде Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Онжанов болды.

2011 ж. 25 қазаннан бастап Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Г.Херц болып табылады.

 

Саяси қатынастар

Дипломатиялық қатынастар орнатылғаннан бері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 7 рет Германияда (1992, 1997, 2001, 2004, 2007, 2009 және 2012 жж.) ресми сапармен болды.

Қазақстанда Германияның Президенті Р.Херцог (1995 ж.), Федералды канцлер Г.Шредер (2003 ж. желтоқсан), президент Х.Келер (2008 ж. қыркүйек) және Федералды канцлер А.Меркель (2010 ж. шілде, желтоқсан) болды.

Келесі жылдары тұрақты түрде жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасу орнатылды.

Парламентаралық қатынастар жоспарлы түрде дамуда.

Сыртқы саяси ведомстволар арасындағы саяси консультациялар тұрақты негізде өткізілуде.  

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2013 ж. қорытындылары бойынша, ЕО мемлекеттердің ішінен Германия 5 орын иеленіп (2013 ж. тауар айналымы 3,233 АҚШ долл., экспорт – 427 млн., импорт – 2,806 млрд. долл.), Қазақстанның белгілі сауда әріптестерінің қатарына кіреді.

Жүйелі түрде ГФР-дың көрнекті өнеркәсіп-қаржы орталықтарында Қазақстанның экономика күндері, сондай-ақ Алматыдағы Германияның экономика күндері өтеді. Бұл
іс-шаралар екі мемлекеттің шағын және орта бизнесіндегі өкілдердің әріптестігінің кеңеюіне ықпалын тигізуде.

Аймақаралық байланыстар дәйекті түрде дамып келе жатыр. 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазастан-герман Үкіметаралық жұмыс тобының қызметі өзара тиімді байланыстардың дамуына өз ықпалын тигізіп отыр (Тең төрағалар – Қазақстанның инвестициялар және даму бірінші вице-министрі А.Рау және Германияның экономика және энергетика федералды министрінің орынбасары)..

2010 ж. шілдеден бастап стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-герман Іскерлік кеңесі жұмысын атқарады (Теі төрағалары – «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Президиумының төрағасы Т.Кулибаев и «Дойче Банк АГ» банктің басқарушы директоры, Қазақстан Президентінің жанындағы шетел инвесторлар Кеңесінің мүшесі П.Тильс).

 

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан-герман арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамыту бойынша үйлестіруші орган ретінде мәдениет ынтымақтастық мәселелері жөніндегі аралас үкіметаралық комиссиясы болып табылады.

Алматыда орналасқан Қазақ-Неміс университетін дамыту бойынша бірлескен жұмыс білім саласындағы ынтымақтастықтың жемісті үлгісі болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ, Гете атындағы институттың және DAAD Неміс академиялық алмасулар қызметінің өкілдіктері ашылған.

Германияда білім алатын қазақстандық студенттер санының көбеюіне байланысты, 2009 ж. ГФР-да «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдігі ашылды. 

2006 ж. бастап «Қазақ кітапханасы» атты бірлескен жоба жүзеге асырылуда.

2009 ж. Қазақстанның Германиядағы жылы, ал 2010 ж. Германияның Қазақстандағы жылы болып өтті.

Екі елдер арасындағы қатынастардың байланыстырып тұратын маңызды буыны неміс ұлтындағы Қазақстанның азаматтары (шамамен 180 мың адам), сондай-ақ Геманияда тұратын бұрынғы қазақстандықтар (900 мыңнан астам) және этникалық қазақстар (шамамен 1 мың адам) болып табылады. ҚР-дағы неміс диаспорасының мүдделерін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасында тұратын этникалық немістердің мәселелері жөніндегі Қазақстан-герман үкіметаралық комиссиясы жұмыс атқарады (Тең төрағалары – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волков және қоныс аударушылар және азшылық ұлттар мәселелері жөніндегі ГФР Федералды Үкіметінің өкілі, германдық Бундестагтың депутаты Х.Кошик). 

Қазақстанда облыстық неміс этномәдени бірлестіктер сәтті қызмет істейді, «Deutsche Allgemeine Zeitung» республикалық газет басылады, «Видергебурт» Қазақстанның немістер қауымдастығы белсенді жұмыс атқарады.  

 

ҚР СІМ