Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәліметтер

1992 ж.17 қазанда – Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2001 ж. 16 желтоқсанында - Апостолдық Нунциатураның Астанадағы ресми ашылуы.

2008 ж. 2 қыркүйекте - ҚР-дағы Папалық Нунции Архиепископ Мигель Маури Буендиа ҚР Президенті Н.Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырды.

Саяси қарым-қатынастар

1998 жылғы 24 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Назарбаев бастаған Қазақстан ресми делегациясының Ватиканға сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасында өзара байланыстар туралы келісімге қол қойылды.

2001 жылғы 3-5 ақпанда Қазақстан католик дін басыларының Римге сапары болды.

2001 жылғы 22-25 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Назарбаевтың шақыруы бойынша Рим Папасы Иоанн Павел II Қазақстанға Мемлекеттік пасторлік сапары өтті.

2003 жылғы 6 ақпанда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Италияға ресми сапарының шеңберінде оның Ватиканда Рим Папасы Бенедикт XVI және Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшысы А. Соданомен кездесулері өтті.

2010 жылғы 29 қараша - 4 желтоқсан аралығында Қасиетті Тақтың Мемлекеттік хатшысы Тирчизио Бертоненің Қазақстанға ресми сапары өтті.

2012 ж. 5-9 қыркүйек –Папалық Легат, Кардиналдар Коллегияның деканы А. Соданоның Казахстанға ресми сапары. Сапардың барысында Елбасы және Сенат төрағасы Қ.Мамимен кездесулер өтті.

2013 ж. 6-7 ақпан – ҚР Сенатың төрағасы Қ. Маминің Ватиканға сапары, Рим папасы Бенедикт XVI, Папалық уәкілі, Кардиналдар Коллегияның деканы А. Содано, Мемлекеттермен қатынастар жөніндегі хатшысы Д.Мамберти және Папалық кеңесінің Дінаралық диалогы бойынша хатшысы Жан-Луи Торанмен кездесулер өтті.

2014 ж. 9-10 қарашада ЭКСПО-2017 Комиссары – ҚР сыртқы істер министрдің бірінші орынбасары Р. Жошыбаевтың Ватиканға жұмыс сапары өтті. Ватикан Мемлекеттік хатшысы, кардинал Пьетро Паролин Астанада өтетің ЭКСПОға қатысуына мүдделілігін білдірді.

2015 ж. 8 қазанда ҚХА 20-жылдығына орай Ватиканда ғылыми-тәжірибелік конференция, «Қазіргі замандағы этносаралық және конфессияаралық келісімі» фотокөрме және Ватикандың мұрағатында сақталынған Орталық Азияның ежелгі карталардың (XVII – XVIII ғ.) көшірмелерді ресми тапсырылуы өтті.

Қазақстан мен Ватикан жоғарғы  басшылықтарының арасында өзара түсінік пен құрметке негізделген тығыз және өзара сенімді, қарым-қатынастар орнатылған. Ватикан  Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер Лидерлерінің съезін ұйымдастыру туралы бастамасына әрқашан қолдау көрсетіп, жәрдемдесуде.