Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәлімет

1992 жылғы 23 наурызда – Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1993 жылғы наурыздан – Мажарстанның Қазақстанда Елшілігі ашылды.

1993 жылғы қыркүйектен – Қазақстан Республикасының Мажарстанда Елшілігі ашылды.

2010 жылғы қарашадан бастап – Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі И.Ласлоцки.

2013 жылғы ақпаннан бастап – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Рүстемов.

Саяси қарым-қатынастар

Екі ел арасындағы қарым-қатынастар саяси тұрғыдан өзара түсінушілік пен сенімдік негізінде дамып келеді. Маңызды халықаралық саясат проблемалары бойынша екі елдің ұстанымы ұқсас. Мажарстан Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығын және Астанада «Экспо-2014» өткізуін қолдаған мемлекеттердің алдыңғы қатарында болды.

Жоғары деңгейдегі сапарлар

1994 жылғы желтоқсанда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Мажарстанға ресми сапары өтті. Сапардың барысында Достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтың негіздері туралы шартқа қол қойылды. 1997 жылғы қарашада Мажарстанның Президенті А.Гентің жауап сапары болды.

2007 қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаев Будапештке мемлекеттік сапармен болды. Осы сапардың нәтижесінде Екі ел мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі өтті.

2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ Саммитінің жұмысына Мемлекет басшысы қабылдаған Мажарстанның Президенті П.Шмитт қатысты.

Биік деңгейдегі сапарлар

1995 жылғы наурызда Мажарстанның Премьер-министрі Д.Хортнидің Қазақстанға ресми сапары өтті. 2005 жылғы мамырда ҚР Премьер-Министрі Д.Ахметов жұмыс сапармен Мажарстанға барып келді.

2012 жылғы 3-4 мамырда Мажарстанның Премьер-министрі В.Орбан ресми сапармен Қазақстанда барып қайтты. Іс-шара шеңберінде 11 құжатқа қол қойылып, кезекті ҮАК-тың отырысы мен бизнес-форум өткізілді.

2013 жылғы 26 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының 68-ші сессиясына қатысу шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Мажарстанның СІМ басшысы Я.Мартонимен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

2013 жылғы 17-19 қарашада ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Мажарстанға ресми сапары болды.

2014 жылғы 28 қаңтарда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов бастаған делегациясы Будапешт қаласында өткен «ҚР-ЕО серіктестікті нығайту» халықаралық конференциясына қатысты.

2015 жылғы 19-20 ақпанда Мажарстан Сыртқы экономикалық және сыртқы істер минитсрі П.Сийартоның Қазақстан Республикасына ресми іс-сапары болды.

2015 жылғы 31 наурыз -2 сәуір кезеңінде Мажарстан Премьер-Министрі В.Орбанның Қазақстанға ресми іс-сапары өтті, іс-спардың барысында Қазақ-Мажар стратегиялық кеңес құрылды.

Парламентаралық ынтымақтастық

1997 жылғы қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Оспановтың Мажарстанға сапары, 2007 жылғы мамырда Мажарстан Мемлекеттік жиналысы Төрағасы К.Силидің Қазақстанға жауапты сапары өтті. 2008 жылғы желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы О.Мұхамеджановтың Бдуапештке ресми сапары болды. 2013 жылғы            23-25 қазанда Мажарстан Мемлекеттік жиналысы төрағасының орынбасары Л.Көвер ресми сапармен Қазақстанға келіп кетті.

2010 жылғы маусымда Мажарстанның Мемлекеттік жиналысында «Мажарстан-Қазақстан» депутаттық ынтымақтастық тобы құрылды            (17 депутаттардан тұрады). Оның төрағасы Мажарстанның Ұлттық экономика министрі М.Варга болып табылады. 2011 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінде Мажарстанмен ынтымақтастық жасасу жөніндегі топ құрылды (9 депутаттардан тұрады). Оның төрағасы Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Р.Халмурадов болып тағайындалды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Географиялық алшақтығына қарамастан, Қазақстан ТМД елдерінің арасында (Ресей мен Украинадан кейін) Мажарстан үшін 3-ші сауда серіктесі болып табылады.

ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылғы қаңтар-сәуір аралығында екіжақты сауда айналымы 29,3 млн. АҚШ долл. (экспорт – 7,5 млн. долл., импорт – 21,8 млн.) құрды.

2014 жылы екіжақты сауда айналымы 190,4 млн. АҚШ (экспорт – 53,5 млн. долл., импорт – 136,9 млн.) құрып, 2013 жылғы көрсеткіштерімен салыстырғанда 8,6 пайызға кем. Сауда айналымының 260,3 көлемі – 260,3 млн., 2011 жылы – 271,1, 2010 жылы – 323,7 млн., 2009 жылы – 142,4 млн., 2008 жылы – 247,1 млн.

ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 2013 жылғы екіжақты сауда айналымы 204,4 млн. АҚШ долл. (экспорт – 63 млн. долл., импорт – 141,1 млн.). Бұл 2012 жылғы (260,3) көрсеткіштерімен салыстырғанда 27,5 пайыз кем. Сауда айналымының 2011 жылғы көлемі – 271,1 млн., 2010 жылы – 323,7 млн., 2009 жылы – 142,4 млн., 2008 жылы – 247,1 млн.

ҚР Халық банкінің деректері бойынша Мажарстаннан Қазақстанға жалпы тікелей инвестициялардың ағымы 85,1 млн. долл. құрды. Қазақстанның инвестиция көлемі 8,7 млн.

Қазақстан экспорт құрылымының қомақты бөлігін минералды отын, химиялық тыңайтқыштары, машиналары, жабдық пен механизмдері алады. Импорт номенклатурасында – ауылшаруашылық бұйымдар, азық-түлік органикалық тыңайтқыштар, медициналық құралдар, өндіріс пен кеңсе жабдықтары.

Экономикалық ынтымақтастық келісімге сәйкес, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмыс істеуде. Оның соңғы 4-ші отырысы 2014 жылғы 2 маусымда Будапешт қаласында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің іс-сапары барысында болды.

Қазақстан тарапынан ҮАК тең төрағасы Ұлттық экономика министрі Е.Досаев, Мажарстан тарапынан Ұлттық экономика министрі М.Варга болып табылады.

2012 жылы «Қазақстан-Мажарстан» іскерлік кеңесі, 2014 жылы Индустрия мен инновациялар жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы (ҚР ИжДМ-Мажарстанның Ұлттық экономика министрі) құрылды.

Энергетикалық ынтымақтастық

Мажарстанның ұлттық «MOL» мұнай-газ компаниясы Қазақстанның шикізат нарығында жұмыс істеуде. Бұл компания Батыс Қазақстан облысында «Федоровский» (25,5 %) мен «КарповскийСеверный» (49%) кен орындарын өндеуде.

Құқық саласындағы ынтымақтастық

Терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың заңсыз айналымына және өзге де қылмыстарға қарсы күрестегі ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Мажарстан үкіметаралық комиссиясының 1-ші отырысы 2005 жылғы ақпанда Будапешт қаласында, 2-ші отырысы 2014 жылғы мамырда Астана қаласында өтті.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2001 жылғы маусымда Қазақстанның Мажарстандағы мәдени күндері, ал 2002 жылғы маусымда Мажарстанның Қазақстандағы мәдени күндері өтті.

Екі ел арасында тығыз тарихи байланыстар орнатылған, Мажарстанда қыпшақтардың ұрпақтары тұрады. 2007 жылғы қарашада «Мажар қыпшақтары одағының» өкілдерімен кездесуі барысында Елбасы мажар қыпшақтарының Құрметті Көсемі болып сайланды.

2014 жылғы тамызда қазақ делегациясын бастаған ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы 4-ші Тұрын халықтар құрылтайына қатысты.

ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Мажарстанға сапары барысында 2014 жылы Астана көшесі мен осы көшеде Абай ескерткіші ашылды.

 

ҚР Мажарстандағы Елшілігі