Размер шрифта
Цвета сайта

 

 

Жалпы мәліметтер

 

1991 ж. 31 желтоқсанда Бельгия Корольдігі (БК) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін мойындады.

 

1992 ж. 25 тамызда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

 

1993 ж. 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі ашылды.

 

1996 ж. бастап Д.Парисс Бельгияның Қазақстандағы Құрметті консулы болып келеді.

 

1998 ж. қыркүйектен бастап Дж.Ступ Қазақстан Республикасының Антверпен қаласындағы резиденциясымен Бельгия Корольдігіндегі Құрметті консулы болып келеді.

 

2006 ж. қаңтарда Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

 

2012 ж. 8 маусымда Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып А.Хамзаев тағайындалды.

 

2013 ж. қазанда Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып М.Петерманс тағайындалды.

 

Саяси ынтымақтастық

 

Дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан бері ҚР Президенті Н.Назарбаев Бельгия Корольдігіне 7 рет сапармен келді (1993ж., 2000ж., 2002 ж., 2006ж., екі рет 2010ж.  және 2014ж.).

 

2006 ж. желтоқсанда бельгиялықтардың Королі Альберт II-мен кездесу барысында Елбасы Н.Назарбаев Бельгияның ең жоғарғы мемлекеттік марапатына ие болды – Үлкен крест жұлдызының омырау белгісі бар Леопольд I Орденінің Үлкен лентасы. Бұл марапат Бельгия және шетелдердің көрнекті мемлекеттік қайраткерлерге беріледі.

 

2010 ж. 24-26 қазанда Н.Назарбаевтың Бельгияға ресми сапары барысында Король Альберт II және Бельгияның Премьер-Министрі И.Летерммен екіжақты кездесулері өтті.

 

Бельгия Премьер-Министрі Ж.-Л.Деэннің (1998 ж.) және Бельгияның мұрагер ханзадасы Филипптің (2002 ж., 2010 ж.) Қазақстанға сапарлары өтті.

 

2010 ж. 1-2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитіне Бельгия Корольдігі Премьер-Министрінің міндетін атқарушы И.Летерм бельгиялық делегацияны бастап келді.

 

2014 ж. 8-9 қазанда Еурокомиссия Президенті Ж.М.Баррозу шақыруы бойынша Бельгияға жұмыс сапармен келген ҚР Президенті Н.Назарбаев бельгиялықтардың Королі Филиппен кездесті.

 

2012 ж. 1-2 мамырда ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Бельгия Корольдігіне жұмыс сапары өтіп, оның шеңберінде Бельгия Премьер-Министрі Э. Ди Рупомен кездесті.

 

2015 ж. 2 наурызында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Брюссельге сапары өтіп, оның барысында Миграция және пана беру мәселелері бойынша Бельгияның Бас хатшысы Т.Франкенмен кездесу орын алды. Кездесу барысында, келесі құжаттарға қол қойылды:

 

- Қазақстан Республикасы мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерландтар Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісім мен оны іске асыру бойынша Хаттама;

 

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бенилюкс мемлекеттерінің Үкіметтері арасындағы дипломатиялық паспорт иегерлерін виза талаптарынан босату туралы келісім.

 

2015 ж. 11 маусымда 2017-2018 жылдарға Қазақстан Республикасының кандидатурасын БҰҰ ҚК-нің Тұрақты емес мүшелігіне ілгерілету мақсатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Волковтың Арнайы уәкілі ретінде Бельгияға сапары өтті.

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

 

Бельгияға түсті металлдар, жүн, тоқыма мен тоқыма бұйымдары, асыл емес металлдар мен одан жасалған бұйымдары, химиялық және осы саламен байланысты өндіріс өнімдерін экспортқа шығарылады.

 

Қазақстан машина және құрал-жабдық, механизмдер, электротехникалық жабдықтар, минералды өнім, оптикалық, фотосуреттік және басқа құралдар мен аппараттар, тоқыма бұйымдар, азық­-түлік өндірісінің өнімдерін, темекі, химиялық және осы саламен байланысты өнімдерді импорттайды.

 

2015 ж. ҚР мен БК арасындағы тауар айналымының көлемі $265,1млн. (экспорт - $100,3 млн., импорт – $164,7 млн.) құрды.

 

Бельгиядан Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялардың жалпы көлемі $608,5 млн. Соңғы бес жыл ішінде Бельгиядан ҚР-ға тартылған тікелей инвестиция $3,7 млрд. құрып, Бельгия қазақстандық экономиканың бесінші үлкен еуропалық инвесторы болды.

 

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

 

2010 ж. Семейдегі «Өлімнен де күшті» атты қазақстандық мүсіншілердің ескерткіші негізінде жасалған Ядролық сынақтардың құрбандарына арналған монументтің ашылу рәсімі өтті (кейін бұл монумент бельгиялық Ипр қаласында Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың құрбандарына арналған ескерткіштердің жанына орнатылды).

 

2012 ж. наурызда Ипр қаласының мэрі Л.Дехане бастаған «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұйым делегациясының Қазақстанға сапары барысында Семей және Ипр қалаларының арасында достық қатынастарды орнату туралы Меморандумға қол қойды.

 

А.Кашечкиннің Велоспорт академиясы 2013 ж. маусымда бельгиялық инженер Г.Брюирдің күн батареяларымен жабдықтанған велосипедпен Брюссельден Астанаға велосапар жасаған жобасын қолдады.

 

2014 ж. 9 маусымында «G-Global» жобасын және EXPO-2017 көрмесін қолдау үшін әлемдік мотожарыс аясында Брюссельге үш қазақстандық мотоциклші келген.

 

2014 ж. 14-20 қыркүйекте Антверпенде өткен интеллектуалды мүмкіндіктері шектелгендерге арналған Арнайы еуропалық жазғы олимпиядалық ойындарға 50 адамнан құрылған қазақстандық делегация қатысты. Жарыс нәтижелері бойынша, қазақстандықтар 12 алтын, 11 күміс және 14 қола медальдарына ие болған.

 

2014 ж. 4 қарашада Бельгияда (Антверпен қ.) Мемлекеттік «Астана Опера» атты Опера және балет театрының 190 әртісті қатысуымен алғашқы көрсетілімі болды.

 

2014 ж. 8 қарашада Брюссель қ. Көркем өнер орталығында Ұ. Байбосынова басшылығымен музыкалық ансамблінің көрсетілімі өтті.

 

2015 ж. 7 мамырында Брюссельде қазақстандық скрипкашы Г.Жарова Елизавета Королевасы атындағы Халықаралық скрипкашылар конкурсына қатысқан.

 

2015 ж. 7 мамырда қазақстандық скрипкашы Г.Жарова Бельгияда өткен Елизавета Королевасы атындағы халықаралық скрипкашылар байқауына қатысты.