Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәлімет

1996 жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы мен Босния және Герцеговина арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2012 ж. шілде айынан бастап И.Барбалич Босния және Герцеговинаның Қазақстан Республикасындағы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2015 ж. ақпан айынан бастап А.Мусин Қазақстан Республикасының БГ-ғы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

Саяси қатынастар

Саяси сахнадағы екі елдің байланыстары өзара түсіністік пен сенім атмосферасында дамуда. Тараптардың маңызды деген халықаралық мәселелердегі ұстанымдары бір-біріне жақын. БГ өз кезегінде, Қазақстанның ЕҚЫҰ және «ЭКСПО-2017» жобаларына төрағалығын алғашқы қолдаған елдердің қатарында болды.

Жоғары деңгейдегі сапарлар

2010 ж. 1-2 желтоқсанда өткен ЕҚЫҰ Саммиті жұмысына БГ Президиумының төрағасы Н.Радманович қатысты.

Биік деңгейдегі сапарлар

2007 ж. мамыр айында БГ Сыртқы істер министрі С.Алкалайдың Астана қаласына ресми сапары өтіп, оның шеңберінде ҚР Парламенті Сенатының төрағасы және Премьер-министрімен кездесулері болды.

2008 ж. қазан айында БГ Сыртқы істер министрі С.Алкалай «Ортақ әлем: Саналуандылық арқылы даму» атты Ислам әлемі және Батыс елдері сыртқы істер министрлерінің конференциясына қатысты.

2010 ж. 15 наурызда БГ Сыртқы істер министрі С.Алкалай Астана қаласына іссапармен келіп, тараптар халықаралық қатынастар және екі жақты байланыстардағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ ҚР ЕҚЫҰ төрағалығы барысындағы өзара әрекеттесу мәселесін көтерді.

2010 ж. 17 наурызда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, ЕҚЫҰ Арнайы өкілі К.Жигалов Балқан аймағына жасаған турнесі барысында Сараевода болды.

2010 ж. 16-17 шілдеде БГ Сыртқы істер министрі С.Алкалай Алматы қ. өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми саммитінің жұмысына қатысты.

2015 ж. 5 наурызда ҚР Президентінің Арнайы уәкілі, Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары С.Дьяченконың БГ-не сапары өтті.

Сауда-экономикалық байланыс

ҚР-дың Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша, Қазақстан мен Босния және Герцеговина арасындағы тауар айналымы 2015 ж. 794,1 мың АҚШ долл. құрады (тек импорт). Екі ел арасындағы тауар айналымы 2014 ж. 1,098 млн. АҚШ долл. құрады (импорт – 1,054 млн. АҚШ долл., экспорт – 43,7 мың АҚШ долл.), 2013 ж. аталмыш көрсеткіш 842 мың АҚШ долл. болды. 

Келісім-шарт негізі

2010 жылдан бастап екі елдің Сыртқы саяси ведомстволары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. 2012 ж. бері Дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін визалық талаптардан босататын келісім өз күшінде.

Қазіргі таңда, сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы, автокөліктік тасымалдау туралы, әуе қатынастары туралы, туризм саласында бірігіп қызмет ету келісімдері секілді бірқатар маңызды экономикалық келісімдер екі жақтың қарауында.

Сонымен қатар, 2012 ж. парафирленген ҚР мен БГ әділет министрліктері арасындағы Құқықтық саладағы ынтымақтастық туралы протоколға және ҚР мен БГ арасындағы Азаматтық және коммерциялық істерде құқықтық көмек көрсету туралы келісіміне қол қою процесі өтуде.

Осымен қатар, БГ Әділет министрлігі мен ҚР Бас прокуратурасымен үш маңызды келісімді дайындау қолға алынды. Олар: Тұлғаларды экстрадициялау; сотталғандарды беру туралы; қылмыстық істерде өзара құқықтық көмек көрсету туралы.