Размер шрифта
Цвета сайта

Жалпы мәлімет

1993 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Албания Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

2009 жылғы 21 қыркүйекте ҚР Үкіметі Мәскеу қаласындағы Албания Елшісі С. Гиокеге оны Албания Республикасының Астанадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындауға (қоса атқаруға) агреман ұсынды.

2011 жылғы 26 сәуір. Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ж. Түймебаев Албания Республикасының Президенті БамирТопиге Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші ретінде сенім грамотасын табыстады. Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін болған албан мемлекеті басшысымен өткен әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастық, халықаралық және өңірлік тіршілік мәселелері қозғалды, сонымен қатар Қазақстан мен Албанияның саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуы туралы пікір алмасу орын алды.  Президент Б.Топи «Қазақстанның қысқа мерзім ішінде қол жеткізген орасан табысын» жоғары бағалап, екі елдің ортақ мүдде тауып, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін барлық күш-жігерін жұмсайтындығына үміт білдірді.

Шарттық-құқықтық негіз

Қазақстан Республикасы және Албания Республикасы арасында қол қойылған екіжақты келісімдер жоқ.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстан мен Албания арасындағы сауда айналымы 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте5,808,7 млн. АҚШ долл. құрады (5,688,3 млн. АҚШ долл. – Қазақстанның Албанияға экспорты, 120.4 мың – импорт).

ҚР СІМ ЕД