Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәліметтер 

1992 жылғы 18 қаңтарда Аустрия Республикасы Қазақстан Республикасының егемендігін мойындады.

1992 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы мен Аустрия Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2003 жылдан бастап Грац қаласындағы Қазақстанның Құрметті консулы Г.Небель болып тағайындалды.  

2007 жылғы қыркүйекте Астанада Аустрия Республикасының Елшігілі ашылды.  

2012 жылдың 28 тамыздан бастап Аустрия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – В.Баняй.

2014 жылғы 4 ақпаннан бастап ҚР-дың Аустриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Венада халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілі болып Қ.Сарыбай тағайындалды.  

 

 

Саяси қатынастар

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Аустрияда 4 рет ресми сапармен болды (1993, 2000, 2004, 2012 жылдары).

Қазақстанда Федералдық канцлер Ф.Враницкий (1991, 1993 жылдары) және Аустрияның Федералдық Президенті Х.Фишер (2010ж. желтоқсанда) сапармен болды.

2012 ж. 22-23 қазанда Аустрияның Федералдық Президенті Х.Фишердің шақыруымен Қазақстен Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Аустрия Республикасына ресми сапары болып өтті. Келіссөздердің негізгі мәселесі қазақстан-аустрия экономикалық ынтымақтастығын қарқындатуға байланысты болды.

2012 жылғы 22-24 ақпанда ҚР Парламент Сенатының төрағасы            Қ. Мәми бастап келген қазақстандық парламенттік делегациясының Вена қаласында өтетін дәстүрлі жыл сайынғы ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысуы шеңберінде Аустрия Парламенті Ұлттық кеңесінің төрайымы          Б. Праммермен кездесуі болып өтті.  

2013 жылғы 26-28 ақпанда Өркениеттер Альянсының бесінші Форумына қатысу мақсатында жұмыс сапармен Аустрияда болған делегация басшысы ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қ. Мәмидің аустриялық мемлекеттік және үкімент басшыларымен кездесулері болып өтті.

Аустрия Парламентінде Орталық Азия мемлекеттеріндегі әріптестермен ынтымақтастық жөніндегі топ қызмет жасайды.

 ҚР Парламент Сенатында Аустрияның Федералдық жиналысымен ынтымақтастық жөніндегі топ құрылған. Мәжілістің осы іспеттес тобының құрамына ҚР парламентінің төменгі палатасының бірқатар депутаттары енген.

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Мәмидің шақыруымен Аустрия Парламентінің Ұлттық кеңесінің депутаты Р.Лопатка 2012 жылдың 10 - 13 маусымы кезеңінде Астана қаласында сапармен болып, Сенат комитеттерінің бірқатар төрағаларымен кездесулер өткізді.

2015 жылғы 22-23 мамыр аралығында VIII Астана экономикалық форумына қатысу мақсатында Аустрия Республикасының Ұлттық кеңесінің екінші президенті К.Копфтың Қазақстанға сапармен болып, ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовпен, ҚР Парламентінің спикерлерімен кездесулер өткізді.

 

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2015 жылдың екіжақты сауда айналымы 611,6 млн. АҚШ доллар құрады (экспорт – 423,2 млн., импорт – 188,4 млн.).

Іскерлік ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөлді экономикалық, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау, неркәсіп, техникалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Аустрия үкіметаралық комиссиясы  (ҮАК) атқарады.  ҮАК кезекті алтыншы отырысы 2015 жылғы 17 наурызда Астана қаласында болып өтті.

Екі ел арасындағы іскерлік байланыстың тиімділігін арттыруда, 2015 жылғы 16 наурызда Астана үшінші отырыстары болып өтеді. Экономикалық мәселелерге қоса, тараптар 2015 – 2018 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Жол картасының басымды жобаларының жаңартылған тізімін қабылданды.

 

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

1992 жылы қол қойылған ынтымақтастық жөніндегі Меморандум мәдениет және ізгілік салаларындағы қатынасты дамытудың негізі болып табылады. 

Аустрия СІМ-нің бастамашылығымен 1997 жылы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде (Алматы) қазіргі таңда 4 000 данадан астам кітапқа ие "Аустриялық кітапхана" ашылды. 

Вена қаласында 2009 жылғы 20 қазанда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстандық жол" кітабының бірінші аустриялық нұсқасы жарыққа шықты (Kasachstans Weg).

Аустрия территориясында қаза болған қазақстандықтарды Еске алу кітабын басып шығару және «Маутхаузен» концлагерінде мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуыҰлы Отан соғысы Жеңісінің 65-жылдығына орайластырылды. 

Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес, 2013 жылғы 20 мамырда Қазақстанның Аустриядағы Мәдени күндері шеңберінде Құрманғазы атындағы мемлекетті симфониялық оркестрінің гала-концерті болып өтті.    

2013 жылғы 18-19 қарашада Вена қаласында«Астана Операның» директоры Т.Мұхамеджановтың Вена мемлекеттік операсының басшысы Д.Майермен кездесуі болып өтіп, оның шеңберінде екі опералық театрдың 2014 - 2016 жылдар аралығындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 

2014 жылғы 27 наурызда Вена қаласының «Museums Quartier» музейлер кешенінде Наурыз мерекесіне орай Дина Нүрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің өнер шеберлерінің гала-концерті болды.

2015 жылдың басынан бастап Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі аустриялық компаниялардың демеушілік қолдауымен "Қазақстанның меруерті" жобасын іске асырып келеді. Бұл жоба халық және классикалық музыканың қазақстандық орындаушыларының бірнеше концертін Вена қаласында өткізуді көздейді. Жобаның басты мақсаты – қазақстандық бай мәдениетті Аустрияда әйгілі ету.