Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәлімет

1992 ж. 10 сәуір

 

-

дипломатиялық қатынастар орнатылды

1997 ж, қазаннан бастап

-

Ирландияның Қазақстандағы мүдделерін Ирландияның Ресей Федерациясындағы қоса атқарушы Елшілігі өкілдік жасайды.

1998 ж. 11 ақпаннан бастап

 

-

Қазақстанның Ирландиядағы мүдделерін Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және  Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі қоса атқарушы Елшілігі жасайды.

2014 ж. 7 қазан

 

-

Ирландияның Қазақстан Республикасындағы қоса атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі О.О’Лири ҚР Мемлекеттік хатшысы Ә.Жақсыбековке сенім грамоталарын тапсырды.

2015 ж. 25 маусым

-

Қазақстан Республикасының Ирландиядағы қоса атқарушы Төтетнше және Өкілетті Елшісі Е.Қазыханов Ирландия Президенті М.Хиггингске сенім грамоталарын тапсырды.

Саяси ынтымақтастық

Қазақстан мен Ирландия арасындағы тұрақты диалог ЕҚЫҰ мен БҰҰ қоса алғандағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде орнатылған.

2015 жылғы 27 мамырда ҚР Президентінің Арнайы өкілі  Б.Әйтімова Ирландияға жұмыс сапармен барды. Сапар барысында қазақстандық сенатор Ирландия Парламенті Сенатының Төрағасы П.Беркпен кездесті.

2015 жылғы 24-25 маусым кезеңінде Елші Е.Қазыханов Дублин қ. сапармен барып, Ирландия Президенті М.Хиггингске сенім грамоталарын тапсырды. Сапар шеңберінде  Елші Е.Қазыханов  Ирландия Ауыл шаруашылығы министрі С.Ковени, СІМ Бас хатшысы және саяси директоры Н.Берджесспен және Б.Робинсонмен,  Ирландия Парламенті Халықаралық қатынастар мен сауда бойынша бірлескен комитет төрағасы П.Бринмен және ирландиялық іскерлік топтарымен кездесулерді өткізді.

Елшіліктің өкілдері жыл сайын Дублин қ. өтетін  тәуелсіздік үшін соғысқа және бейбітшілікті сақтау операцияларына қатысып, қаза болған ирландиялықтарды Ұлттық еске алу күніне қатысады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2015 жылдың қорытындылары бойынша сауда айналымы 1813 36,9 млн. АҚШ долл. құрады.

Қазақстандық экспорттың негізгі бөлігін минералды отын, мұнай және оны қайта өндеу өнімдері құрайды. Ирландиядан импорт негізінен химиялық өнімдер, фармацевтика, парфюмерия және компьютерлік жабдықтардан тұрады.