Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы ақпарат

2009 жылғы 15 қаңтарда - дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды.

2010 жылғы 28 мамырда - Монако Князьдігіндегі қоса атқаратын Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Дәненов (резиденциясы Парижде) Монако Князі Альбер II-ге Сенім грамоталарын тапсырды.

2013 жылғы 28 наурызда - Қазақстан Республикасында қоса атқаратын Монаконың Төтенше және Өкілетті Елшісі Эвелин Жанта (резиденциясы Лондонда) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды.

2011 жылдың 4 қазан айында Қазақстанның Монакодағы Құрметті консулдығы ашылып, Құрметті консул Владимир Семенихин тағайындалды (2015 жылдан бастап Бас Құрметті консул).

2012 жылдың 16 мамыр айынан бастап Монаконың Қазақстанда Құрметті консулы Қайрат Оразбеков болып табылады.

Саяси қарым-қатынастар

2012 жылғы 2-5 қарашада Қазақстанға Монакодағы басқарып отырған Жоғары Мәртебелі Ғизатты Князі Альбер II-нің бірінші ресми сапары өтті.

2013 жылғы 27-28 қыркүйекте Президент Н. Назарбаев Монакоға ресми сапармен барды және оның барысында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

2015 жылдың 5-6 наурызда Қазақстанның Бас Прокуроры А. Даулбаевтың Монакоға өткен сапары барысында оның Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы, Жоғарғы Сотының төрағасы, сондай-ақ Әділет министрі Ф. Нармино мырзамен қылмыс, ақша қаражаттарын жылыстатуға қарсы күресуде екіжақты ынтымақтастық бойынша, қылмыс, заң мен құқық үстемдігі, халықаралық қауіпсіздік мәселелрі бойынша келіссөздер өткізілді.

Қазақстан Республикасы мен Монако Ханзадалығы арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы мемлекетаралық келісімге қол қойылды.

2015 жылдың 12 маусымда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Волков Монако Үкіметінің Сыртқы қатынастар мен ынтымақтастық бойынша кеңесшісі (Сыртқы істер министрі) Ж.Тонелли мырзамен кездесті. Олар екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, сондай-ақ Елбасы Н. Назарбаевтың Монако Князі Альбер ІІ-ге 2017-2018 жж. арналған екі жылдық кезеңге БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі лауазымына Қазақстанның кандидатурасына қолдау көрсету өтініші тапсырылды.

Сауда-экономикалық қарым-қатынастар

ҚР Статистикалық мәліметтер бойынша, 2015 жылға арналған Монакомен тауар айналымы 261,8 мың АҚШ доллары құрды (импорт қана).

Сыртқы сауданың негізгі үлесі дәрілік заттарға, жартылай дайын металл өнімдері, механикалық бөлшектері мен тұтыну тауарларына бейімделген.

2013 жылғы 26 қыркүйекте екі жақтан 100-ден астам компаниялардың қатысуымен кезекті қазақстандық-монаколық бизнес-форумы өткізілді.

Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Монако Экономикалық даму палатасы арасында Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге, сондай-ақ басым жобалар бойынша екі елдің компаниялары арасында бірқатар меморандумдарға қол қойылған болды.

Монако Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне ресми қатысатындығын алғашқы елдердің бірі болып растады. 2016 жылғы қаңтарда Княздік көрмеге өз комиссарын тағайындады, ал ақпан айында іс-шараға Монако қатысуы жөнінде келісімге қол қойылды.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2013 жылдың желтоқсан айында – 2014 жылдың қаңтардат Монте-Карлоның ең беделді галереясының бірінде қазақстандық суретшілерінің «Шаңырақ-Аспан күмбезі» атты көрмесі өтті

2014 жылдың 1 қазан айында депутат Д. Назарбаева онкологиялық зерттеу жұмыстарына және бақылау бойынша еуропалық ұйымының Альбер ІІ басқарып отырған қайырымдылық қоры ұйымдастырған қайырымдылық түскі асына қатысып, сөз сөйледі.