Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәліметтер

1992 жылғы 7 сәуірде дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшілігі ашылды. 2013 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі  Дастан Елеукенов болып табылады.

2010 жылғы 15 қазанда Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды. 2014 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасындағы Швеция Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристиан Камил болып табылады.

Саяси қатынастар

2004 жылғы 20-26 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың Швеция Корольдігіне тарихтағы алғашқы ресми сапары болып өтті.

2006 жылғы ақпан айында шведтік бизнес-делегациялар Швецияның Бірінші Премьер-министрінің бірінші орынбасары Б.Рингхолмның Қазақстан сапары өтті.

2010 жылғы желтоқсанда Астана қаласында ЕҚЫҰ саммиті шеңберінде Швеция тарапын Сыртқы істер министрі К.Бильдт басқарды.

2013 жылғы наурызда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Швеция Корольдігіне ресми сапары өтті.

2013 жылғы сәуірде Швеция Сыртқы істер министрі К.Бильдт Алматы қаласында өткен Ауғанстан бойынша Ыстанбұл үдерісі Сыртқы істер министрлер конференциясына қатысты.

2014 жылғы ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Д.Назарбаеваның Швецияға парламенттік делегациямен бірге жұмыс сапары өтті.

2015 жылғы наурызда Боао форумы шеңберінде Қазақстан мен Швецияның Премьер-министрлері К.Мәсімов пен С.Левеннің келісөөздері өтті. Сондай-ақ, Ханой қаласында өткен Парламентаралық одақ Ассамблея шеңберінде Парламент спикерлері Қ.Жақыпов пен У.Алин арасында кездесуі өтті.

2015 жылғы маусымда 2017-2018 жылдарға Қазақстан Республикасының кандидатурасынБҰҰ ҚК-нің Тұрақты емес мүшелігіне ілгерілету мақсатында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірінің орынбасары А.ВолковтыңАрнайы уәкілі ретінде Швецияға сапары өтті.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2013 жылы ақпанда екіжақты Қазақстан мен Швеция арасындағы тауар айналымының көлемі 48,8 млн. АҚШ долл. (оның ішінде экспорт – 7,9 млн. долл., импорт – 40,9 млн. долл. АҚШ, бұл 2012 жылғы көрсеткіштерден 9 %-ге жоғары). 2014 жылғы –  311,6 млн. дол. (экспорт – 94,3 млн.долл., импорт – 217,3 млн. АҚШ долл.).

2015 жылғы 1 мамырға Қазақстанда 70 астам бірлестік кәсіпорындар (заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер) тіркелген.

Қазақстаннан Швецияға экспортталатын негізгі өнімдері: бидай, қол құралдарына және станоктарға арналған ауысымдық жұмысшы құралдары (механикалық жетегімен немесе олсыз), сондай-ақ, соя бұршақтар.

Швециядан Қазақстанға келетін негізгі өнімдері: телефон аппараттары, автокөліктер, топырақты пайдалы қазбалар немесе кенді ауыстыруға, жоспарлауға, жол төсемі көлденеңін дұрыс түсіруге, өңдеуге, тегістеуге, тығыздауға, қазуға немесе бұрғылауға арналған машиналар мен тетіктер, дабыл, қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе темір, трамвай, автокөлік жолдарына, ішкі су жолдарына, көлікті қою құрылыстарына, порттар немесе аэродромдарға арналған қозғалысты басқарудың электрлік құрылғылары.

2014 жылғы қазанда Қазақстандық-Шведтік Іскерлік кеңесі жандандырылған.

2015 жылғы маусымда Швеция Сыртқы істер министрлігінің сыртқы сауда саясат жөніндегі бас директоры Е.Вальдердің Қазақстанға сапар шеңберінде Швеция «Жасыл көпір» Серіктестік бағдарламаға қосылды.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2011 жылғы Вастерос қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігінің, Қазақстар әлемдік ассоциациясының, Швециядағы қазақ мәдени ассоцияация мен Еуропадағы қазақтар диаспорасы Федерацисының қолдауымен Еуропадағы қазақтардың кіші Құрылтай өтті.

ҚР СІМ