Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 1 маусымда – дипломатиялық қарыс-қатынастар орнатылды.

1996 ж. – Қазақстан Республикасының Берн қаласындағы Елшілігі ашылды.

1994 ж. – Швейцарияның Алматыдағы Консулдығы ашылды, 1998 ж. Бас консулдыққа айналды. 2008 ж. Қазақстан Республикасында Швейцария Конфедерациясының Елшілігі ашылды. Төтенше және Өкілетті Елшісі – Мауро Рейна (2013 ж. сәуірден бастап).

Саяси қарым-қатынастар

Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі басымдықтары 1996, 1998 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың Швейцария Конфедерациясының Президенттері П.Деламюра, Ф.Котти және 2003 ж. П.Кушпенмен өткен кездесулері барысында айқындалды.

2003 ж. 19-21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назабаевтың Швейцария Конфедерациясына жасаған алғашқы ресми сапары болды. Осы сапар екі ел ынтымақтастығының он жылдығын қорытындылап, қарым-қатынастарды дамытудың жаңа сапалы кезеңіне серпін берді.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Н.Назарбаев 2009 ж. және 2014 ж. Давоста өткен Экономикалық форумға қатысып, Конфедерацияның Президенттерімен келіссөздер өткізді.

2014 ж. 20 қарашада Швейцарияның Федералды Президенті және ЕҚЫҰ-ның төрағасы Д.Буркхальтер Орталық Азия бойынша турнесі шеңберінде Астанаға ресми сапармен келді және ҚР Президенті Н.Назарбаевпен, Сенат Төрағасы Қ.-К. Тоқаевпен және Сыртқы істер министрі Е.Ыдрысовпен кездесулер өткізді. Сапардың соңында ҚР мен Швейцария сыртқы саясат ведомстволары арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. 

2012 ж. қыркүйекте екі ел парламентшілері арасында тәжірибе алмасу және заң шығарушы органдар арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында «Қазақстан-Швейцария» парламентаралық ынтымақтастық тобы құрылды. Екі елдердін парламенттердің депутаттары арасында тұрақты диалогы және сапарлары мен жүргізілуде. 2013 ж. 28 қарашада Бернде Парламентаралық топтың бірінші отырысы өтті.

Швейцария Қазақстан Республикасымен екіжақты форматта, халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға деген орнықты мүдделілігін көрсетті. ҚР және ШК Бреттон-Вудттық келісімдер шеңберінде белсенді ынтымақтасады. 2003 жылдан бастап Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Жаһандық экономикалық қор» атты Швейцариялық округ тобының мүшесі. 2010 жылы Қазақстан Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзілік банктегі Швейцарлық округ тобының толық мүшесі болды.

Тараптар халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша ұқсас ұстанымда. Швейцария 2010 ж. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығын және Қазақстанның ДСҰ енуін қолдады, Қазақстан мен Швейцария арасында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуға өзара қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді (ҚР 2017-2018 жж., ШК 2023-24 жж.).

2013 ж. 23 сәуірде ҚР Бас прокуроры А.Дауылбаевтың Берн қаласына сапары өтті. Сапар барысында Швейцарияның Федералдық Прокуроры М. Лаубер, Федералдық әділет және полиция департаменті және Сыртқы істер Федералдық департаментінің өкілдерімен кездесулері өтті, онда құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Швейцария тарапы Қазақстанның Еуропа Кеңесінің халықаралық құқықтық ынтымақтастық бойынша негізгі конвенцияларына қосылуына берген өтінімін қарастыруға дайын екенін білдірді.

2013 ж. 3 мамырда Астанада Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Швейцарияның Сыртқы істер бойынша Федералдық департаментінің Мемлекеттік хатшысы И.Россьемен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Швейцария арасындағы саяси және сауда-экномикалық қарым-қатынастар мәселелерін талқылады.

2014 ж. 9 шілдеде Астана қаласында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Швейцарияның Федералдық Кеңесшісі – Федералдық қаржы департаментінің Басшысы Э.Видмер-Шлюмпфпен кездесті.

2015 ж. 21-24 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Давос қаласында Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысты. Форум барысында Федералдық Кеңесші, Швейцарияның Экономика, білім және зерттеу Федералды департаментінің басшысы (министр) Й.Шнайдер-Амманмен кездесу өткізді. Осмен бірге ҚР ПРемьер-Министрі 2016 ж. 21-23 каңтарда Давоста өткен ДЭФ-тағы қазақстандық делегациясына басшылық етті.

2015 ж. сәуір айында Батыс Еуропадағы ең алғашқы елдердің біреуң болып Швейцария Астанада өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысуды ресми түрде растады. Давостағы 2016 ж. ДЭФ шеңберінде Швейцарияның ЭКСПО-2017 Қатысу туралы шартқа ҚР Премьер-Министрі көзінше қол қойылды.

Сауда-экономикалық қарым-қатынастар

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің  ақпараты бойынша 2014 ж. қорытындысы бойынша ҚР мен ШК арасындағы тауар айналымы 4,72 млрд. АҚШ долл. құрды, оның ішінде экспорт 4,53 млрд. АҚШ долл., импорт – 182,3 млн. АҚШ долл. 2015 ж. екіжақты сауданың көлемі 2,78 млрд. АҚШ долл құрады, оның ішінде экспорт 2,66 млрд., импорт – 129 млн. АҚШ долл.

Қазақстан экспортының негізгілері болып минералды өнімдер, (95,9%), асыл тастар және металлдар (4%). Швейцариядан келетін импорттың құрылымы келесідей: аспаптар, сағаттар және оптикалық аппараттар, фотографиялық - 33,9%, химиялық өнеркәсіп өнімдері - 32%, машиналар, жабдықтар, механизмдер, электротехникалық жабдықтар - 19,6%, ауылшаруашылық өнімдері - 3,5 %.

ҚР Ұлттық банктің статистикасы бойынша, 2005-2014 жж. Швейцарлық тікелей инвестициялардың көлемі 11,2 млрд. АҚШ долл. Құрады, 2015 ж. 1-3 тоқсандарында – 1410,4 млрд. Қазақстандық инвестициялардың көлемі осы мерзім ішінде 798,2 млн. АҚШ долл құрады, 2015 ж. 1 жартысында – 5,5 млн.

Швейцарияның Экономика бойынша мемлекеттік хатшылығы SECO атап өткендей, пайдалы қазбалардың болуына байланысты және өзінің өнеркәсібінің ашықтығы мен модернизациясының, ҚР Үкіметінің осы бағыттағы күш-жігерінің арқасында Қазақстан тартымды нарық болып отыр.

Ірі швейцариялық инвесторлар – Glencore («КазЦинк» АҚ Бас инвесторы), Rieter (текстильдік жабдықтарды жеткізу), Philip Morris (темекі өнеркәсібі). Қазақстанды 40 астам швейцарлық компаниялар жұмыс істейді, оның ішінде ABB, Novartis, Clariant, Leica, Nestlé, Panalpina, Roche, Sica, SGS, Syngenta, Trade Invest.

Екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясы жәрдемдесетін болады. Қазақстан тарапынан Үкіметаралық комиссияның тең төрағасы ҚР Қаржы министрі Б.Сұлтанов, Швейцария тарапынан – Федералдық кеңестің сауда мәселелері жөніндегі өкілі, Елші Ливия Лёй Агости. Комиссияның 8-отырысы 2013 жылғы 26 қарашада Бернде өтті, 9-шы отырысын 2016 ж. Қазақстанда өткізу жоспарлануда.

2012 ж. 23 қазанда Цюрих қаласында Қазақстан-Швейцария Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды. Оның тең төрағалары: ҚР Энергетика министрі В. Школьник және «Stadler Rail Group» швейцар машина құрылысы компаниясының Президенті П.Шпулер.

 Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан мен Швейцария арасында университеттер, мәдени және ғылыми орталықтар арасында байланыстар белсенді дамуда.  «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Швейцарияда 70 астам қазақстандық оқуда. 2011-2012 жж. жетекші Швейцария клиникалары мен Астанадағы Медициналық орталықтар арасында байланыстар кеңейді.

Елшіліктің қолдауымен «Керуен» Қазақстан-Швейцария қаумдастығы (Берн қ., 2012 ж. 1 маусым) және Қазақ мәдениет орталығы (Цюрих қ., 2015 ж. 30 мамыр) құрылды, олар Қазақстанның бұрынғы азаматтары мен достарын біріктіреді.

2013 ж. 31 қаңтарда Л.Гумилев атындағы Ұлттық Еуразия университетінің өкілдері Люцерн университетінің Менеджмент және өңірлік экономика институтымен бірлесіп ұйымдастырылған «Экономикадағы инновация» ғылыми-зерттеу конференциясына қатысты.

2014 ж. Лугано қаласындағы Фестивальдің шеңберінде Ж.Аубәкірова жетекшілігімен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның концерті өтті.

2015 ж. 22 мамырда Қазақстан-Швейцариялық Туризм, мейрамхана және қонақүй бизнесі институты (Алматы технологиялық университеті мен Швейцариялық Қонақүй және туризм менеджмент институты HTMi негізінде) ашылды.

2015 ж. 18 қыркүйек, Еуразиалық мәдениет қоры және Елшілік қолдауымен Цюрих қаласында «Kazakh-British Trio» ұжымының (Ботакөз Тыныбекова, Булат Тыныбеков, София Рамэн) концерті ұйымдастырылды.

2015 ж. 6 қарашада ҚР Елшілік ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану Институты директоры М. Әбусейітованың жетекшілігімен шығарылған «Анри Мозер қордағы Қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша қолжазбалары мен жасандылары» ғылыми жұмысы Берн тарихи мұражайына тапсырды.

2015 ж. желтоқсан айында Лугано қаласы әкімдігі патронажымен және Елшіліктің қолдауымен Д.Өмірбаев пен Э. Байғазин қазақ режиссерлердің фото-көрмесі өткізілді.