Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәлімет

2006 жылғы 14 шілдеде – Қазақстан Республикасы мен Черногория арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

2014 ж. 19 қарашадан – А.Мусин Қазақстан Республикасының Черногориядағы қосы атқарушы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Саяси қатынастар

Екі ел арасындағы қатынастар өзара түсіністік пен сенімділік арнасында дамып келеді. Халықаралық саясат мәселелерінің көбінде ұстанымдары ұқсас. Черногория Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық ету өтінімін жақтаушысы болды.

Жоғары деңгейдегі сапарлар

2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Черногорияның Президенті Ф.Вуянович Астанада ЕҚЫҰ Саммитіне қатысты. Іс-шара барысында ҚР Президенті Н.Назарбаевпен кездесуі болды.

Биік деңгейдегі сапарлар

2008 жылғы 10-11 қарашада Черногорияның Премьер-министрі М.Джукановичтің Астанаға ресми сапары өтті. Сапар шеңберінде екі жақты ынтымақтастықтың спектрлі мәселелер талқыланды. Соның ішінде энергетика мен туризм салалары.

2008 жылғы 17 қазанда Черногорияның Сыртқы саясат ведомствосының басшысы М.Рочен Астанада өткен «Ортақ әлем: әралуандық арқылы өркендеу» атты министрлік конференциясының жұмысына қатысты. ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжинмен өткен кездесу шеңберінде екі жақты өзара іс-қимылдың болашағы талқыланды.

2009 жылғы 1 желтоқсанда Афинада өткен ЕҚЫҰ СІМК шеңберінде ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың Черногорияның СІМ басшысымен кездесуі өтті. Сұхбат барысында М.Рочен Астанада ЕҚЫҰ Саммитін өткізу бойынша қазақстандық бастаманы қолдайтыны туралы мәлімдеді.

2010 жылғы 16-17 наурызда ЕҚЫҚ ҚТ арнайы уәкілі, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары К.Жигаловтың Балқан өңіріне жасаған турне шеңберінде Подгорица қаласына келіп кетті.

2010 жылғы 16-17 шілдеде Черногорияның Сыртқы істер министрі М.Рочен Алматы қаласында өткен ЕҚЫҰ СІМК бейресми кездесуге қатысты.

2010 жылғы 23 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 65-ші сессиясына қатысу шеңберінде ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев Черногория Сыртқы істер министрі М.Роченмен кездесті.

2012 жылғы 6 желтоқсанда Дублин қаласында өткен ЕҚЫҰ СІМК шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Черногория Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі И.Лукшичпен келіссөздер өткізді. Келіссөздердің барысында тараптар екі жақты мен көп жақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады.

2013 жылғы 29 маусымда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеяның кезекті сессиясының шегінде ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Мәми Черногория Скупщина Төрағасы Р.Кривокапичпен кездесуі өттіп, оның барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады.

2015 ж. наурызда ҚР Президентінің Арнайы уәкілі, Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары С.Дьяченконың Черногорияға сапары өтті.

Сауда-экономикалық байланыстар

ҚР-дың Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша, Қазақстан мен Черногория арасындағы тауар айналымы 2015 ж. 3,6 млн. АҚШ долл. құрады (тек экспорт). Екі ел арасындағы тауар айналымы 2014 ж. 1,9 млн. АҚШ долл. құрады (тек импорт). 

Асхана мен ыдыс-аяқ, тоңазытқыш, мұздатқыш, жылылық сорғысы импорттың номенклатурасы болып табылады.

Шарт-құқықтық база

2008 жылғы 17 қазанда Астанада екі елдің СІМ басшылары «Сыртқы саяси ведомстволарының арасындағы ынтымақтастық» туралы хаттамаға, 2012 жылғы 6 желтоқсанда «Дипломатиялық пен қызметтік паспорттардың иелері үшін визасыз режим тәртібі» туралы келісімге қол қойды.