Размер шрифта
Цвета сайта

 

Жалпы мәліметтер

1993 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1993 жылдың қыркүйек айында  Қазақстан Республикасының Венгрия Республикасында және Чех Республикасында қызмет атқаратын Елшілігі ашылды.
1994 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда Чех Республикасының Елшілігі ашылды.
1997 жылдың 15 сәуірінде Прагада ҚР Дипломатиялық миссиясы ашылып, 2004 жылы ол Елшілік мәртебесіне ие болды.
2008 жылдың қаңтар айынан Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Анарбек Қарашев тағайындалды.   
2008 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстанда Чех Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Бедржих Копецки тағайындалды.   

Саяси қатынастар

Қазақстан Республикасы және Чех Республикасы  арасындағы саяси сұхбаттар қалыпты дамуда. Екі мемлекет жаһандану және аймақтық деңгейде қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайту сұрақтары бойынша, сонымен қатар Еуропа Одағы мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы экономикалық және гуманитарлық салада тығыз қарым-қатынас орнату бойынша ортақ көзқараста.

2004 жылдың 8-10 қыркүйек айында ЧР Президенті В.Клаустің Қазақстанға ресми сапары өтті. Осы сапар барысында чех басшысы Қазақстаның басшылығымен келіссөздер өткізіп, саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық сұрақтарын талқылыды.
2009 жылдың мамыр айында ЧР парламентінің төменгі палатасының сыртқы саясат комитеті төрағасы депутат Я.Гамачек және ЧР Парламенті сенатының депутаты П.Лебеда Астанада өткізілген «Бүгінгі Қазақстан және «Европаға сапар» атты конференцияға қатынасты.
2010 жылдың шілде айында Қазақстанмен ынтымақтастық бойынша Коммунистік партияның белсендісі В.Филипп басшылығымен  парламенттік топ құрылды. Бұл топ құрамына ықпалды чех саясаткерлері енді, соның ішінде Прага қаласының бұрынғы мэрі П.Бэм (Азаматтық-демократиялық партия) де бар. ҚР Парламенті Мәжілісінде де Чехиямен қарым-қатынас жасау бойынша арнайы топ құрылған. Топ 33 депутаттан тұрады, оның төрағасы В.П.Рогалев
2010 жылдың маусым айында ЧР үкіметі жанындағы аз ұлттар мәселесі бойынша министрінің орынбасары Ч.Валек дискриминацияға қарсы және төзімділік тақырыбында өткен ЕҚЫҰ конференциясына қатысу мақсатында Астанаға келген.
2011 жылдың ақпан айында ҚР СІМ Жауапты хатшысы Р.С.Жошыбаевтың іс-сапары барысында дипломатиялық паспорт иегерлерін визалық талаптардан босату мен заңсыз жүрген тұлғаларды қайтару (реадмиссия) туралы екі үкіметаралық келісімге, сонымен қатар соңғы келісімге қатысты ведомство аралық  хаттамаға қол қойылды.
2011 жылдың наурыз айында Еуропалық банктік форумға қатынасу мақсатында Прага қаласына Ұлттық банк төрағасы Г.Марченко келіп кетті.
2010 жылдың 1-2 желтоқсанда Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары, ЧР Сыртқы істер министрі  К.Шварценберг Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитіне қатысты. Чехияның ресми билік өкілдері ҚР ұсынған бастамаларды қолдап, Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуіне оң бағасын берді.

2011 жылдың сәуір айында халықаралық мәселелер бойынша ЧР Парламенті Сенат Спикерінің Кеңесшісі Я.Когоут  кезектен тыс ҚР президенттік сайлауға тәуелсіз бақылаушы ретінде ҚР іс-сапармен барып қайтты. 2011 жылдың 31 наурыз айынан 5 сәуір аралығында ЕҚЫҰ ПА құрамындағы ЧР паламентарилерінің тұрақты делегациясы кезектен тыс президенттік сайлауға бақылаушы ретінде ҚР іс-сапармен болды.
2012 жылдың 23-24 қазанда ЧР Президенті В.Клаустың шақыруымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтің Чех Республикасына бірінші тарихи ресми сапары өтті. Сапара барысында 20 жыл ішіндегі екіжақты қатынастардың барлық салалардың өзекті мәселері талқыланды. Екінші күні қазақстан-чех бизнес-форумы өткізілді, бұл шара барысында 150 млн.евро сомма құрайтын келісімдерге қол қойылды. Жалпы екіжақты сауда айналымының ауқымы 2011 ж . 211 миллион АҚШ дол­ларын құрады. Бұл істе Чехия үкіметінің Қазақ­стан­ды өз елінің барынша басым­дық берілетін 12 сауда әріптес­терінің тізіміне қосқаны өзіндік рөл атқарғаны сөзсіз. 2014 ж. 24 қарашада Қазақстанда Чехия M.Земанның Президенті ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, 120-дан астам қазақстандық компаниялар мен чех бизнесі 80 өкілдері қатысты Қазақстан-Чехия бизнес-форумының ашылуына қатысты. «ЧехТрейд» экспорт сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы индустрия одағының сыртқы сауда палатасының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді экспорт және инвестициялар «KAZNEXINVEST» және агенттігінің ұлттық агенттігі «АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды - іс-шара барысында, институционалдық деңгейде 2 келісімшартқа қол қойды. Ол Протон Терапия Прага мен онкология АҚ Ұлттық ғылыми орталығы орталығының және трансплантология (Астана) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, бизнес-форумының соңында 450 миллион АҚШ доллар 9 келісімге қол қойылды.

2015 ж., Чех Республикасындағы Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілі мәртебесінде орынбасары Мәжіліс Қ.Сұлтанов сапарымен келді. Сапардың мақсаты 2017-2018 жж. тұрақты емес БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Қазақстанның өтінімін ілгерілету болды. Президент M.Земан Қазақстанның кандидатурасын қолдағаны үшін Мемлекет басшысының хабарға берілді.

Қазақстан мен Чехия арасындағы экономикалық ынтымақтастық Экономикалық, өнеркәсіп және ғылыми-сауда ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес негізделген (Астана 08.09.2004 ж.), Өзара инвестицияларды қорғау туралы келісімге (Прага, 08.10.1996 ж.) және ҚР мен ЧР арасындағы табыс пен капиталға қатысты екі жақты салық салудан құтылу және салықтан жалтаруды болдырмау жөніндегі конвенциясы (Алматы, 09.04.1998 ж.).

Қаржы дағдарысы екіжақты тауарайналымына аса әсерін тигізген жоқ. 2011 ж. бойынша тауарайналым 211 млн. долл., бұл ұқсаса мерзімде 2010 ж. - 186,9 млн. (экспорт – 38,1 млн., импорт – 148,8 млн.) 0,26% көрсеткіштен кем. 2010 ж. екіжақты тауарайналымы 207,1 млн., 2009 ж. – 206,7 млн., 2008 ж. – 258,7 млн. құрады.
Чехияға Қазақстанан мұнай саласы, химиялық өнеркәсібінің өнімдері, нақты айтқанда сары фосфор және металдар әкелінеді. Чех Республикасының импорты әртүрлі құрал-жабдықтар, материалдар, тазартқыш жабдықтар, элетротехникалық құралдар, фармацевтикалық өнімдер, жиһаз, әйнек, керамика және тағыда басқа халық тұтынатын тауарлардан тұрады.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметіне сәйкес, 2011 ж. 30 қыркүйегіне сәйкес ҚР Чехиядан құйылған инвестицияның көлемі 157,7 млн. долл. құрады (2011 ж. 3-ші тоқсанда - 11,1 млн. АҚШ долл.). 2009 ж. және 2012 ж. наурызда қабылданған ЧР жаңа экспорттық стратегиясына сәйкес, Қазақстан Чехияның 12 мемлекет тізіміне сауда келешегі бар әріптес ретінде енгізілді. Осы шешім чех үкіметімен сыртқы сауда бағытын біртіндеп шығыс нарықтарына бағыттау мақсатында қабылданған болатын. Сондай-ақ, Чехия Қазақстанды өз өнімдерін сату үшін Орталық Азиядағы келешегі бар бірден бір нарық ретінде қарастырған деп айтуға болады.
Чехияның өз қуат көздерінің әкелу жолдарын қайта қарауына орай, энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қатты қызығушылық байқалуда. Қазақстандық тарап үшін жылдам индустриализация мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, Чехиядан машинажасау технологияларды әкелу маңызды болып отыр, өйткені аталған сала чех экономикасының экспорт негізін құрайтын және ең дамыған жағы болып саналады.
Қазақстанда чех капиталы бар 76 кәсіпорын және 20 чех фирмалардың өкілдіктері тіркелген.
2007 ж. сәуір айында «Прага – Алматы – Прага» әуебағыты бойынша «Чех әуе жолдары» компаниясымен аптасына үш рет жасайтын тікелей рейс ашылды.
Қазақстан Республикасының АҚ «Азия авто» және Чех Республикасының А.S. «SKODA Auto» компаниясымен бірге «SKODA OKTAVIA» және көрнекті классты «PRESIDENT EDITION» автокөлігін жинақтайтын конвейр ашылды. Зауыттың ашылған уақыттан бері 1500 автокөлік жасап шығарылды.  «Codeco» чех ірі компаниясы 2010 ж. Алматы қаласында «Чех террасалары» атты элиталық үй кешендерді сала бастады. Осы жобада құрылыс саладағы казіргі заманғы жаңа технологиялардың енгізілуі жоспарлануда.  2011 ж. мамырда еуропа бойынша фосфор жасап шығаратын «FOSFA» атты ірі чех компаниясы «Казфосфат» АҚ-мен бірлескен кәсіпорын құру және келешекте сары фосфордан өнім шығаратын зауытты салу туралы келісімге қол қойды.

«Ecofluid» компаниясы Қазақстанда тазартқыш жабдықтарды қайта өңдеу бойынша жобаларды іске асыруды жалғастыруда. 2010 ж. кәсіпорын Қарағанды облысында коммуналдық жүйелерді ауыстыру бойынша ірі тендерлерді ұтып алған болатын.

Денсаулық сақтау салада «PURO KLIMA» чех компаниясы Ақтау қаласында мемлекеттік клиниканы салу бойынша жобаны жүзеге асыруда. «LINET» компаниясы Алматы қаласындағы жедел көмек көрсету ауруханасына жаңа медициналық құрал-жабдықтарды әкелу бойынша жобаны іске асыруда. «LAB Pharma spol.s.r.o.» компаниясы Астана қаласында дәрі формаларды әзірлейтін цехті салу жобасын бастады (2010 – 2011 жж.).
Үкіметаралық комиссия. Қазақстандық тараптан қазақстан – чех Сауда-экономикалық, кәсіпорын және ғылыми-техникалық үкіметаралық комиссиясының теңтөрағасы ҚР Өнеркісіп және жаңа технологиялар Вице-министрі Б.Жақсалиев. Чех тарапы жағынан теңтөрағасы ЧР Өнеркісіп және сауда Вице-министрі М.Говорка.

2005 ж. бастап комиссияның 5 отырысы өтті, соңғысы – Прага қаласында 2011 ж. 1 шілдеде өткен. Комиссияның күн тәртібі энергетика, өнеркәсіп және инновациялық даму, көлік, ауылшаруышылығы, қаржы, туризм, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық және техникалық реттеу салаларындағы мәселелерді қамтиды. Оның хаттамасында тараптар Комиссия шеңберінде өнеркәсіп жөнінде жұмыс тобын ашу туралы жөнділігін атап өтті.
Энергетика жөніндегі жұмыс тобы. 2007 ж. бастап үш отырыс өткізілді, соңғысы – Астана қаласында 2009 ж. қарашада өткен, оның шеңберінде Қазақстанның «Дружба» және «Адрия» мұнайқұбыры жобаларына интеграция мәселелер талқыланды, мұнайгаз машинажасауды дамыту, энергетика саласында қоршаған ортаны қорғау технологияларын қолдану, энергетикалық объектілерді жекешелендіруге атсалысу, қазақстандық мамандарды Чехияның озық кәсіпорындарда газтарату жүйелерін қайта жаңғартуды оқыту, &laqlaquo;Vemex s.r.o.» чех компаниясымен Қазақстандағы мұнайкөзін сатып алу, Чехияның Ядролық зерттеу институты мен Қазақстанның тиісті мекемелері арасында ынтымақтастықты орнату мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, экономикалық әріптестік келесідей екіжақты Келісімдерге негізделеді: ҚР және ЧР арасындағы инвестицияларды қорғау мен қолдау туралы Келісім (08.10.1996г.); ҚР Сауда Өндірістік палатасы және ЧР Экономикалық палатасы арасындағы әріптестік туралы келсім (25.06.1997г.).

2014 ж. 24 қарашада Қазақстанда Чехия M.Земанның Президенті ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, 120-дан астам қазақстандық компаниялар мен чех бизнесі 80 өкілдері қатысты Қазақстан-Чехия бизнес-форумының ашылуына қатысты. «ЧехТрейд» экспорт сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы индустрия одағының сыртқы сауда палатасының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді экспорт және инвестициялар «KAZNEXINVEST» және агенттігінің ұлттық агенттігі «АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды - іс-шара барысында, институционалдық деңгейде 2 келісімшартқа қол қойды. Ол Протон Терапия Прага мен онкология АҚ Ұлттық ғылыми орталығы орталығының және трансплантология (Астана) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, бизнес-форумының соңында 450 миллион АҚШ доллар 9 келісімге қол қойылды.

2010 жылдың 9 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл толуына орай ҚР Елшісі ЧР-ғы ТМД  дипмиссиясы басшыларымен және ЧР мемлекеттік құрылымдары мүшелерімен бірге Қызыл Армия жауынгерлері мемориалына және чех жауынгерлері жерленген «Ольшаны» прагалық зиратына гүл шоқтарын қойды.

Яблонец над Нисой атты чех қаласының әкімшілігі өтінішіне орай, ҚР Елшілігі Әзірбайжан, Белоруссия, Молдавия, Ресей, Украина дипмиссияларымен бірігіп совет жауынгерлері қаза тапқан «Яблонец над Ниcой – Рыновицах» атты бұрынғы концентрационды лагерь территориясындағы фашизм құрбандарына орнатылған Мемориалды қайта құру акциясына қатысты. 2011 жылдың 4 мамырда ЧР Қорғаныс министрінің орынбасары және қала әкімшілігінің қатысуымен аталған Мемеориалдың салтанатты ашылу рәсімі өтті. 
2010 жылдың қаңтар айында Елшіліктің қолдауымен Чехиядағы «Елім-ай» мәдени орталығы Мәдениет күндерін ұйымдастырды. Бағдарлама аясында келесі шаралар өтті: әр түрлі лекциялар, көрмелер, фоторепортаждар, Қазақстан туралы деректі және көркем фильмдер көрсету, мәдениет кеші, фуршет.

 2010 жылдың наурыз және қараша айларында «Тарлан» қазақстандық студенттік ұжым активімен және Чехияда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен ҚР Елшісі кездесулер өткізді. Кездесу барысында Елші ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын, ҚР-ң ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету барысы мен алғышарттарын  түсіндіріп, қазақстан-чех әріптестігі тақырыбындағы өзекті мәселелерді атап өтті және студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Студенттердің белгілі бір тобы ЧР-да Елшіліктің басшылығымен  қазақстандық мәдени орталық ашу ұсынысын алға қойды. ЧР қазақстандық студенттер саны 750 адам, оның ішінде 63 студент «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуда. 

Қазақстан Республикасының 20-жылдық мерейтойын тойлау шеңберінде, 2011 ж. 29 қыркүйек пен 1 қараша аралығында Елшілік пен «Ш.Айманов атындағы Қазақфильм» АҚ бірлесіп Прага қаласында «Қазақстандық кино күндерін» өткізді. Аталған шара, чех көрермендерін қазақстандық киноматографияның жаңа еңбектері мен жалпы қазақстандық мәдениетімен таныстыру мақсатында бағыталған және қаланың тарихи орталығында орналасқан «Луцерна» атты кинотеатрында өткен. Чех кауымына соңғы жылдары «Қазақфильм» киностудиясы түсірген бес кинокартиналар  көрсетілді, солардың арасында: Ф.Шәріповтің "Қызғылт қоян туралы аңыз", Д.Жолжаксынов пен Р.Әлпиевтің «Біржан Сал»,
Қ.Ахметовтың «Кімсіз Ка мырза?», С.Құрманбетовтың «Секер» драмасы және С.Нұрымбетовтың «Мұстафа Шоқай» тарихи драмасы. «Қазақстандық кино күндері» бірінші күні өткен ресми ашылымда ЧР-дағы ҚР Елшісі А.Қарашев және әйгілі чех кинорежисер мен киносыншы З.Трошка сөз сөйледі.

2011 ж. қарашада әлем әдебиетінің дамуына маңызды үлес қосқаны үшін қазақ әдебиетінің әйгілі классигі, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Әкім Таразыға, жас дарынды жазушы Асқар Алтайға, драматург, Қазақстанның Жастар одағы сыйлығының иегері Роза Мұқанова Франц Кафканың арнайы дипломдарына ие болды. Бұл жүлде Прага қаласындағы Ф.Кафканың Еуропалық қауымдастығымен үздік өнер қайраткерлеріне жылда тапсырылады. Өткен жылдар ішінде осы жүлдеге әйгілі кинорежиссер Стивен Спилберг пен Милош Форман, жазушы Александр Солженицын және тағы да басқа суретшілер, мүсінші мен әртістер ие болған.

2013 ж. қараша айында қазақ опера әншісі Н.Үсенбаеваның гала-концерт өтті. Концерттен түскен барлық қаражат ауруға шалдыққан балаларды емдеуге жіберіледі. 29 қараша 2013 ҚР «Қазақстан камератасы» классикалық мемлекетінің камералық музыка оркестрінің концерті.

2015 жылдың шілдесінен Прага мен Пльзень қалаларында жастар Камералық хор «ТҮРІКСОЙ» жасаған.

2015 жылы қыркүйек айында қазақ мәдени орталығы «Елім-ай» ұйымдастырған Чехия, Қазақстан Халық Республикасының Мәдениет күндері өтті.